222
немесе лейкоциттерден жəне қан табақшаларынан немесе тромбо-
циттерден тұрады.
Плазма да, сарысу да сұйық зат. Оның түсі құрамында бояғыш
заттардың (лютеин, каротин, ксантофилл) болуына байланысты.
Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ
заттың 6-8%-ы ақуыздардан тұрады. Плазма ақуыздары альбумин,
глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы
құрамында несепзаты, зəр қышқылы,
пурин негіздері, креатин, амин
қышқылдары, аммиак сияқты ақуыз алмасуының қалдық өнімдері
болады. Бұл қосылыстарды қалдық азот деп атайды. Оның қандағы
мөлшері белок алмасуының қарқынына, ағзаның физиологиялық
жағдайына байланысты өзгереді. Плазма құрамында көмірсулар
(глюкоза), липидтер жəне минералды заттар (0,9%) болады. Қан
құрамындағы ақуыздарға пропердин мен ферменттер (амилаза, ли-
паза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) де жатады. Пропердин вирус
ақуыздарымен байланысып, оларды залалсыздандырады, бактериа-
ларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа
пайда болған факторы болып саналады.
Қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда
бөлініп шыққан оның
сұйық сары бөлігін
қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы
мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фи-
бриноген ақуызы ғана болмайды.
Қанның формалы элементтері, олардың қызметтері. Плаз-
ма ақуыздары əртүрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға буферлік
қасиет тəн, сондықтан ақуыздар қанның рН-ын тұрақты деңгейде
сақтауға мүмкіндік береді. Ақуыздар қанға тұтқырлық қасиет беріп,
артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Олар осмостық қысым туғызып, қан кұрамындағы су мөлшерінің
тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа
арасындағы судың алмасуын
реттейді. Альбуминдер əртүрлі дəрі-дəрмек препараттарын, дəрумен
дəрілерді, гормондарды бояғыш заттарды (пигменттерді) тасымал-
дауда зор рөл атқарады. Глобулиндерден түрлі қорғаныш денелер
түзіледі, сондықтан олар ағзаның иммунитетін қалыптастырады.
Фибриноген канның ұю үрдісіне катысады. Қан ұйыған кезде
фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин
талшықтарын түзеді. Плазма ақуыздары ұлпа ақуыздарын құрау
үшін пайдаланылады.
Плазмада альбуминдер глобулиндермен салыстырғанда екі есе
көп болады (тиісінше, шамамен 4,5 жəне 2-3%). Альбуминдердің гло-
223
булинге қатынасын ақуыз коэффициенті деп атайды. Альбуминдер
мен фибриноген бауыр торшаларында, ал глобулиндер –
тек бауырда
ғана емес, көк бауырда, сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде түзіледі.
Қан қызыл түсті, кермек дəмді, қоймалжың, тұтқыр сұйық. Оның
түсі құрамында ерекше белок – гемоглобиннің болуына байланыс-
ты. Артерия қанының түсі ашық – қызыл, ал вена қаны – қоңыр
қызыл болады. Бұл қанның оттегімен қанығу деңгейіне байланыс-
ты. Қан құрамындағы минералды тұздар оған кермек дəм береді.
Құрамында белоктар мен эритроциттердің болуымен байланысты
қан тұтқырлық қасиетке ие болады. Судың тұтқырлығы бір өлшем
деп алынса, онымен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2,
ал қанның тұтқырлығы – 5,0-ге тең.
Қанның тығыздығы – 1,050-1,060. Ол эритроциттер санына
тə уелді өзгереді, себебі эритроциттердің тығыздығы – 1,090, ал
плазманың тығыздығы 1,025-1,034 аралығында болады.
Адам мен жоғары сатыда дамыған жануарлар қанының əрекетшіл
ортасы əлсіз сілтілік болады (рН-7,35-7,45). Бұл көрсеткіш сутегі
(Н+) жəне гидроксил иондары (ОН )
мөлшерінің арақатынасымен
анықталады. Артерия қанының рН-7,45, ал вена қанының рН-ы
ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7,35
шамасында сақталады. Зат алмасу үрдісі барысында қанға көмір
қышқыл газдың, сүт қышқылының, т.б. қышқыл алмасу өнімдерінің
бөлінуіне қарамастан қанның əрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда
сақталады. Бұл қан плазмасы мен эритроциттердің буферлік қасиеті
мен денеден қышқылдар мен сілтілердің артық мөлшерін шығарып
отыратын бөлу жүйесінің қызметімен байланысты.
Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады.
1. Бикарбонатты буферлік жүйе: ол көмір қышқылы мен натрий
бикарбонаттарынан тұрады.
2. Фосфатты буферлік жүйе: бір жəне қос негізді фосфор-
қышқылды натрийдан тұрады.
3. Белокты буферлік жүйе: плазма ақуыздарынан құралады.
Ақуыздар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның əрекетшіл ор-
тасына қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де,
қанның
сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды.
4. Гемоглобиндік жүйе: гемоглобиннің калийлі тұзына (КНвО2)
байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда əлсіз
қышқыл болғандықтан оған өзінің калий ионын береді де, сутегі ио-
нын қосып алып, баяу диссоциацияланатын (ажырайтын) қышқылға
224
айналады. Қанның буферлік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглобинге
байланысты.
Қан əрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы
қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік
қоры деп 100 мл. қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан
құрамында қышқылдық жəне сілтілік эквиваленттер белгілі
арақатынаста болады да, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: