Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет121/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   205
Акмеология

236
237
шығармашылық шеберлігі – өзекті мəселелерді оңтайлы шешудің 
маңызды факторы болатын, басты адамзат ресурсы. 
Осы əлеуметтік-мəдени контексте жаңа интегративті-кешенді 
ғылым – акмеология ерекше мəнге ие болады. Осы ғылым «акме» 
сияқты кəсібилік пен шығармашылықтың шыңдарын дамытудың 
заңдылықтары мен технологияларын зерттейді. Өз кезінде С.Л. Ру-
бинштейн адамның өмірлік жолын талдай отырып, мұның адамзат 
мəнінің үздік көріністеріне, жоғары формаларына, аса жетілген 
түрлеріне деген қозғалыс деп атап көрсетті. 
Акмеологиялық тұғыр адамның аса жоғары жетістіктерге
тұлғаның аса толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруға деген бағдарларын 
жұмылдырудың шарттарын айқындауды қамтиды. Мұнда адамның 
кəсібиліктің өзіндік дара бейінін саналы ұғынуына, кəсібилікке 
жетудің дара стратегияларын жəне траекториясын ойластыруға 
үлкен мəн беріледі. Акмеологиялық тұрғыда, кəсіпқойды бағалауда 
оның іс-əрекетінің сыртқы көрсеткіштерін (жетістік, нəтижелілік) 
жəне ішкі қалыптарын (мотивация, қанағаттанушылық) ғана емес, 
сонымен бірге өркендеуші өзіндік дамуға, жоғары өнімді іс-əрекетке 
деген өзгеше, тұрақты мотивацияның болуын есепке алу қажет. 
Тұлғаның кəсібилігі – креативті-шығармашылық дамудың жо-
ғары деңгейін көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы. 
3.2 Акмеологиядағы креативтілік категориясы 
Тақырыптың негізгі ұғымдары: креативті тұлға, шығар-
машылық əлеует, шығармашылық жəне интеллектуалды белсенді-
лік, рефлексивті креативтілік, шығармашылық даралық, креативті 
үдеріс жəне даму, өзін-өзі маңызды ету, шығармашылық кемелдік, 
креативті акмеология. 
Жоғары мектеп оқытушыларының креативтілігінің дамуын зерт-
теумен Меңлібекова Г. Ж., Қасқатаева Б., Молдажанова А.А., Оспа-
нова Б.А., т.б. отандық ғалымдар айналысады 
Соңғы жылдары креативтілікті зерттеп жүрген ғалымдар 
Тұрғынбаева Б.А., Əмірова Ə.С., Сағымбаев Ə.Ə. креативтілік 
əрекетпен бірге танымдық жəне ұйымдастыру əрекетіне баса на-
зар аударады. Себебі, шығармашылық жұмыс жəне өз бетінше 
əрекет ету арқылы оқушылардың таным үдерісі іске асады, яғни 
креативтілікпен бірге таным əрекеті жүзеге асады. 
Аталмыш мəселені зерттеуде оқу үдерісінде білімгерлердің 
креативтілігін дамытуды қарастырып жүрген Тayбaeвa Ш. Т., 
Yмиpзaxoвa Н. X., Caипoв A., Қoнaқбaeвa Y. Ж. сынды педагогтердің 
еңбегін ерекше атап өту қажет.
Қазіргі қоғамды жаңарту, жоғары мектептегі инновациялық 
өзгерістердің аксиологиялық əлеуетін жүзеге асырудың қажеттілі-
гін өзекті етеді. Соған байланысты, мамандардың субъектілігі, 
кəсібилігі жəне креативтілігі мəселесінің ерекше мəні болады. 
Кəсіби акмеологиядағы креативтілікті дамытудың психология-
лық негіздерін зерттеудің өзектілігі, ересек адамның шығармашылық 
тұлғасын өзіндік жетілдірудің əлеуметтік жəне практикалық 
маңыздылығымен жəне кəсіби іс-əрекеттегі өзін-өзі маңызды ету-
мен анықталады. 
Кəсіби акмеологиядағы креативтілік мəселесін зерттеудің 
қажеттілігі, ең алдымен, өндірістің барлық салаларында 
шығармашылық тұлғаға деген қоғамның əлеуметтік сұранысы 
мен акмеологиядағы креативтілікті дамытудың психологиялық 
негіздерінің жеткіліксіз құрастырылмауы арасындағы туындаған 
қарама-қайшылықпен түсіндіріледі. 
Мамандардың шығармашылық кемелдену кезеңінде, креа-
тивтілігінің психологиялық заңдылықтарын зерттеудің əлеуметтік 
маңыздылығы, біріншіден, оның тұлғаның өнімді қайта құрушы 
бағыттылығын анықтайтынымен, оның өмірдегі əлеуметтік 
бағдарының негізгі тірегін құрайтынын анықтаумен, екіншіден, 
кəсіби шығармашылықтың базалық детерминанты болатынымен, 
үшіншіден, маманның шығармашылық əлеуетін дамытуға ықпал 
ететінімен, оның əлеуметтік салада өзін-өзі маңызды етуімен 
негізделеді. 
Шығармашылық психологиясында креативтілікті зерттеу, оның 
бағыттылығына сəйкес екі топқа біріктіріледі: 
• тұжырымдамалы, олар зерттеудің əлеуметтік маңызды 
нəтижелерін интеграциялау негізінде, шығармашылықтың жалпы 
психологиялық теориясын құру мəселесін зерттеуге бағдарланады 
(Л.С. Выготский, А. М. Матюшкин, Я. А. Пономарев, С.Л. Рубин-
штейн, О.К. Тихомиров жəне т.б.);
• эмпирикалық, интеллектуалды белсенділікті, тұлғалық сипат-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет