Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет184/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   205
Акмеология

360
361
Ойында білімгерлер өздерін қауіпсіз, қолайлы сезінеді, өзінің 
дамуы үшін қажетті психологиялық еркіндікті сезінеді. 
Сабақтардың ойын формасы оқу іс-əрекетіне деген ынталандыру, 
ояту құралы ретінде болатын ойын тəсілдері мен жағдайларының 
көмегі арқылы құрылады. 
Сабақтардың ойын формасында ойын тəсілдерін жəне 
жағдайларын жүзеге асыру, келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге 
асырылады: 
• білімгерлердің алдына дидактикалық мақсат ойын тапсырмасы 
формасында қойылады;
• оқу іс-əрекеті ойынның ережелеріне бағынады; 
• оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады
• оқу іс-əрекетіне жарысу элементі енгізіледі, ол дидактикалық 
міндетті ойын міндетіне алмастырады; 
• дидактикалық міндетті табысты орындау ойын нəтижесімен 
байланыстырылады. 
Оқытудың ойын формалары, басқа технологиялар сияқты 
мотивацияның алуан түрлі тəсілдерін қолдануға ықпал етеді.
Қарым-қатынас мотивтері:
• Білімгерлер тапсырманы бірлесіп шешіп, ойынға қатысып, 
қарым-қатынас жасауға жəне жолдастарының пікірін есепке алуға 
үйренеді. Ұжымдық тапсырмаларды шешуде білімгерлердің ал-
уан түрлі мүмкіндіктері қолданылады; практикалық іс-əрекетте 
тəжірибеде тез ойланатын, сыни бағалайтын, мұқият жұмыс іс-
тейтін, қырағылық танытатын, тəуекелге баратын жолдастарының 
пайдалылығын саналы ұғынады. Ойын кезіндегі бірлескен эмоцио-
налды толғаныстар, тұлғааралық қатынастарды нығайтуға ықпал 
етеді. 
• Моральды мотивтер. Ойында əрбір студент өзін, өзінің бі-
лімдерін, біліктерін, өзінің мінезін, ерікті сапаларын, өзінің іс-
əрекетке, адамдарға қатынасын білдіре алады. 
• Танымдық мотивтер. Əрбір ойынның жақын нəтижесі бола-
ды (ойынның аяқталуы), білімгерлерді мақсатқа жетуге ынта-
ландырады (жеңіс), мақсатқа жетудің жолдарын саналы ұғынады 
(басқалардан көбірек білу керек). 
Ойында командалар немесе жекеленген студенттер бастапқыда 
тепе-тең болады (үздіктер мен орташалар жоқ, тек ойыншылар бар). 
Нəтиже ойыншының өзіне, оның дайындық деңгейіне, қабілеттеріне, 
шыдамдылығына, біліктеріне, мінезіне байланысты болады.
Ойындағы оқытудың бет-пердесіз үдерісі тұлғалық мəнге ие бо-
лады. Білімгерлер əлеуметтік маскаларды киеді, тарихи жағдайларға 
енеді жəне өздерін зерттелетін тарихи үдерістің бір бөлшегі ретінде 
сезінеді. 
Жетістік ситуациясы танымдық қызығушылықты дамыту үшін 
эмоционалды қолайлы фон құрады. Сəтсіздік жеке жеңіліс ретінде 
қабылданбайды, ойындағы жеңіліс танымдық іс-əрекетті ынталан-
дырады (реванш). 
Жарысушылық – ойынның ажырамас бөлігі – студенттер үшін 
тартымды. Ойыннан алған қанағаттану сабақтағы комфортты, 
қолайлы жағдайды құрады жəне пəнді оқуға деген тілекті күшейтеді. 
Ойын əрекетінде жалпы мақсатқа жету үдерісінде, ойлау іс-
əрекеті белсендіріледі. Ой шығу жолын іздейді, ол танымдық 
міндеттерді шешуге бағытталады Көпшілік ойындарды басқару, 
тұлғаның өзін-өзі тəрбиелеу үдерістерін белсендіру үшін қажет. 
Оқу ойындарын ұйымдастырудың педагогикалық тұғырларына 
төмендегі бірнеше сəттерді жатқызуға болады. 
Ойынды таңдау. Егер ойын ұжымдық болса, онда ойыншылар-
дың құрамын, олардың интеллектуалды дамуын, жас ерекшелікте-
рін, қызығушылықтарын, қарым-қатынас деңгейін жақсы білу 
қажет. Ойын бір нəтижені алудың құралы болуға қабілетті, оның 
белсенділігінің қайнар көзі ретінде тұлғаның өзіне ерікті түрде алған 
міндеттері, ойын шығармашылығы жəне жарысу рухы алынады. 
Ойын жағдаятын дамыту. Дамыту деп ойыншылардың ор-
нын өзгерту, ойын ережелерін күрделендіру, ойынның орнын 
алмастыру, ойын əрекетінің эмоционалды толықтығы аталады. 
Ойынға қатысушылар əлеуметтік тұрғыда белсенді, себебі олардың 
ешқайсысы ойындағы өздерінің функционалды міндеттерін 
орындаудың барлық тəсілдері мен əрекеттерін соңына дейін білмейді. 
Дəл осында ойынға қанағаттану мен қызығушылықты қамтамасыз 
ету механизмі болады. 
Еңбек жəне оқумен қатар, ойын – адамның іс-əрекетінің 
негізгі түрлерінің бірі, біздің өмір сүруіміздің керемет феномені. 
Анықтамасы бойынша, ойын – бұл мінез-құлықты өзіндік басқару 
қалыптасатын жəне жетілдірілетін, қоғамдық тəжірибені қайта 
құруға жəне меңгеруге бағытталған жағдайдағы іс-əрекет түрі. 
Оқу үдерісінде ойын технологиясының алатын орны мен рөлі, 
ойын жəне оқу элементтерінің үйлесімі, көп жағдайда оқытушының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет