Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет21/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   205
Акмеология

38
39
түрлерінің, мінез-құлқы мен қатынастарының жиынтығы ретінде 
анықталады.
С.Л.Рубинштейн тұлғаны іс-əрекетте қалыптасатын, таныта-
тын, дамитын интегративті тіршілік иесі ретінде қарастыра оты-
рып, тұлғаның тек іс-əрекет субъектісі болмайтынын, сонымен бірге 
кең мағынасында өмір сүру субъектісі болатынын атап көрсетеді. 
Өмір сүру əрекетінің субъектісі ретінде, тұлға əрдайым қатынастар 
жүйесіне ендірілген, ол өзінің кеңдігі, үдемелігі, деңгейі бойынша 
кез келген іс-əрекеттің аясындағы қатынастар жүйесінен біршама 
айрықшаланады. Сондықтан өмір сүру əрекеті кез келген адам үшін 
бай, жеке тəжірибенің көзі ретінде болады, сонымен бірге кез келген 
іс-əрекеттің саласына қатысты оның контексі болады. 
Өмір сүру əрекетінің мазмұны бола тұрып, өзін-өзі жүзеге асы-
ру адам тұлғасының негізіне айналады. Атап айтсақ, мұны А.Н. Ле-
онтьев «...адам тұлғасының шынайы негізі – ондағы генетикалық 
бағдарламаларда, оның табиғи нышандары мен бейімділіктерінің 
тереңінде емес, тіпті меңгерген білім, білік жəне дағдыларында 
емес, ол осы білімдер мен біліктер арқылы жүзеге асырылатын іс-
əрекет жүйесінде болады» деп атап көрсетті.
Осылайша, процессуалды тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруды 
адамның біртұтас тұлғалық-əрекеттік күйінің тереңдігінің басым 
өзгерісі ретінде қарастыру қажет, оның барысында тұлғаның ру-
хани мəні өзіндік ашылады, жаңарады, жетілдіріледі: адамның 
болмыстың алуан түрлі қырларына қатынас аясы кеңейеді, 
болмыстың жоғары жоспарларына қол жеткізіледі. Бұл адамның 
өз тұлғасымен терең мəнді жұмыстың нəтижесінде мүмкін болады, 
яғни адам өмірінің шынайы мақсаттарын саналы мағыналауда, со-
дан кейін өз тұлғасының жəне даралығының негізгі, сапалы баста-
уларын дамыту арқылы белгілеуде мүмкін болады. Процессуалды 
түрде өзін-өзі жүзеге асыру, шығармашылық жəне адамның экзи-
стенциалды ашылуының түрі ретінде болады. 
Өзін-өзі жүзеге асырушы адам өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіледі 
(В.П. Зинченко) жəне əлемге өзіндік «Менін» шығармашылық 
арқылы ұсынады (В.Н. Маркин). Өзін-өзі жүзеге асырудың көрінісі 
ретінде адамның тұтастығы алынады. 
Философиялық зерттеулердің аясында, адамның тұтастығы, ең 
алдымен, оның бірегейлігімен жəне қайталанбастығымен анық-
талады. Мұнда қайталанбастықтың шарты ретінде, адамның 
дербестігі алынады. Адамның тұтастығы осылайша, адамның 
өзін-өзі басқаратын жəне өзін-өзі реттейтін жүйе ретіндегі даму 
деңгейіне негізделеді. В. Г. Афанасьев өзінің бір еңбегінде тікелей 
түрде адамның тұтастығы мен жүйелілігін теңестіріп көрсетеді. 
Адамның тұтастығының қалыптасуы, оның өзін-өзі басқаруға 
қабілетімен, яғни оның субъектілігінің даму деңгейімен анықталады. 
Философиялық тұрғыда субъектілік болмыстың адамзат тəсілін 
жүзеге асырудың шарты ретінде болады, мұнда болмыс адамға 
объектінің субъектіге қарама-қарсылығы ретінде тұрмайды, ол адам-
ды өзінің өмір сүруі мен дамуының ішкі қажеттілігі ретінде енгізеді. 
Субъектіліктің белсенділік жəне жағдайға бақылау жасау сияқты 
сипаттамалары, субъектіні туындайтын қарама-қайшылықтарды 
жеңу қабілетімен қамтамасыз етеді. Субъектіні қарама-қай-
шылықтарды шешуші ретінде анықтау, осындай шешімдерде 
тұлғаның деформацияға, деградацияға, фрустрацияға ұшырай бас-
тайтынын түсінуге мүмкіндік береді. Ішкі-тұлғалық ұйымдасуда 
өмір сүру мен іс-əрекеттің адекватты емес тəсілдеріне қарай, оларға 
оңтайлы сəйкестіктердің өзгерісі жүзеге асады. Тұлға ретінде қалып, 
олар өздерінің «шынайы болмауы» себепті субъект болудан қалады. 
Əрине, субъектінің əрдайым өзін-өзі жүзеге асыруының аса 
жетілдірілген тəсілдері туралы ұғымдары бола бермейді, яғни ол 
шынайы түрде екі полюстің арасындағы кеңістікте болады. Субъект 
ретіндегі адамның белсенділігі осы «идеалды-идеалды» кеңістікте 
таралады, тұлғаның өмір сүру əрекетінің тұтастығы мен объективті 
жағдайлары арасындағы қарама-қайшылықты тұрақты шешуде 
көрініс табады. Аталған жағдайда субъект өзінің өмір сүру əрекетін 
ұйымдастырудың белгілі тəсілін құрады, ол тұлғаның табиғи 
ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен бірге біршама дəрежеде оның 
құндылықтарына, бағдарлары мен мақсаттарына тəуелді болады. 
Алайда, адамның тұтастығы оның дамыған субъектілігімен 
шектелмейді. 
Индивид деңгейіндегі тұтастық адамның биологиялық типінің 
əлеуметтік болмыстың əсерімен қайта өзгеруін, өзгерген типтің 
тұлғаның ажырамас объективті жағына айналуын қамтиды, өз 
кезегінде тұлғаның объективті қыры оның субъективті қырымен – 
адамның рухани əлемімен ажырамас бірлікте болады. 
Тұлға деңгейінде тұтастық оның өмір сүруінің шынайылығымен 
анықталады. Мұнда В.Е. Анисимованың пікірі қызықты, ол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет