36
37
өз кезегінде адамның іс-əрекеттің алуан түрлі саласында өзін-өзі
жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асырудың қорытындысы ретінде бола-
ды. Бұл қорытынды өткен өмірге қанағаттану ретінде өткеріледі, онда
адамның саналы немесе бейсаналы түрде өмірдегі құндылықтары
мен мақсаттарына қызмет етуі адекватты жүзеге асырылды. Мұндай
өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылыс, адамзат табиғатының туа біткен,
түбегейлі қасиеті болып табылады жəне тұлғаның өмірінің бо-
йында осы қасиетті дамыту заңына бағынады. М.К. Мамардаш-
вили адамның басты құштарлығы – оның «болуы», орындалуы,
қалыптасуы деп санады.
Б.Ю. Березин өзін-өзі жүзеге асыруды өзін-өзі танумен жəне
өзіндік қатынаспен қатар, өзіндік сананың құрылымының компоненті
ретінде қарастырды. Мұнда өзіндік сананы ол индивидтің өзінің
физиологиялық жəне психологиялық ерекшеліктеріне, өзінің
əлеуметтік рөліне қатынасы ретінде, адамның өзінде болып жатқан
үдерістерге жауап қайтаруы ретінде анықтайды. Яғни, өзіндік сана
үдеріс немесе үдерістердің жиынтығы ретінде қарастырылады, онда
əрекеттің сатыларының белгілі бірізділігі құрылады, мысалы, алды-
мен – «Мен» бейнесі қалыптасатын өзі туралы білімді алу əрі қарай
өзіне деген қатынас қалыптасады, осы бағалауды басқа идеалдармен
салыстыру, содан кейін өзін өзгертуге немесе танытуға ұмтылыс,
өзін-өзі жүзеге асыруға талпыныс жасалады. Алайда, өзін-өзі жүзеге
асыруды адамның өзін-өзі өзгерту немесе өзін-өзі таныту үдерісі
ретінде қарастыра отырып, автор өзіне қарсы келіп, өзін-өзі жүзеге
асыруды өзіндік сананың аясынан, яғни ішкі іс-əрекеттің аясынан
шығарады.
Б.С. Братусь өзін-өзі жүзеге асырудың екі типін айқындап
көрсетеді: қалыпты жəне қалыптан ауытқыған. Б.С. Братусь бойын-
ша, қалыпты өзін-өзі жүзеге асыру, адамзаттың мəніне бағытталған,
адамзатқа бағдарланған, ол тұлғаның қалыпты дамуының көрсеткіші
болып табылады. Автор қалыптан ауытқыған ретінде жоғарыға
бағытталмаған өзін-өзі жүзеге асыруды атайды. Біздің ойымызша,
өзін-өзі жүзеге асыру жоғарыға ұмтылуды міндетті шарт ретінде
қамтиды. Сондықтан Б.С. Братусьтің типологиясы мəні бойынша
дұрыс болғанмен, түрі бойынша нақты емес.
С.Л. Рубинштейннің типологиясы біршама нəтижелі. С.Л. Ру-
бинштейн өзін-өзі жүзеге асыруды өмірдің екі тəсілінің бірі ретінде
анықтады, өзін-өзі жүзеге асыруды адамның өзін жүзеге асыруға,
өзінің өмір сүруші мəніне қарсы қойды.
Тұлғаның өмірі объективті «логикамен» анықталады,
оның траекториясын сыртқы құрылымдар анықтайды: іс-əрекет,
қатынастар жəне т.б. Өзін-өзі жүзеге асырушы тұлға өзінің өмірлік
жолының субъектісі ретінде болады. К.А. Абульханова жəне Т. Н. Бе-
резина атап көрсеткендей, өзін-өзі жүзеге асырушы тұлға мақсатты,
себепті, шартты-жіктеуші («егер») сипаты болатын өзінің уақытша
өмірлік бірізділіктерді саналы ұғынады, ерекше темпоральды фор-
маны – өмір стратегиясын құрады.
К.Г. Юнг өзін-өзі жүзеге асыру үдерісін (индивидуация)
адамның өзіндік «Менін» жүзеге асыруға бағытталған үдеріс ретін-
де қарастырады. К. Юнгтің пікірі бойынша, осы үдерістің мəні сана
мен бейсананың өзара толықтырушы, қарама-қарсы бағытталған
бағдарларын біріктіруден құралады. К. Юнг бойынша, өзін-өзі жүзеге
асырудың немесе индивидуацияның бірінші сатысында бейсаналы
бағдар жетекші рөл атқарады: саналы бағдардың əлсіреуі жүзеге
асады, бейсаналының тереңіне ену жүзеге асады, оның мазмұны
сана үшін таныс емес жəне бөгде болады. Екінші сатыда алдыңғы
қатарға саналы бағдар шығады, бейсаналының материалдарын қайта
өңдеу жүзеге асады, бұл өз кезегінде сананы байытуға жəне оның
шекараларын кеңейтуге əкеледі. Үшінші сатыда субъектінің өзара
қайта өңделген, өзгертілген саналы, бейсаналы элементтері бірігеді,
жаңа тұтастық құрылады.
Өзін-өзі жүзеге асыру адамның кез келген іс-əрекетінің мазмұны
болуы мүмкін. Мұны айта отырып, келесі қағидаларға сүйенуге бо-
лады:
– əрекет етуші не қалайтыны, оның шынайы қажеттілігіне не жа-
уап беретіні, оның пəндік өрісімен сəйкес келмеуі мүмкін;
– іс-əрекеттің шынайы мотиві — бұл іс-əрекеттің не үшін
орындалатын себебі, мақсатпен салыстырғанда іс-əрекеттің неге
бағытталғанын білдіреді;
– адам үшін өзіндік құны, мəні бар əрекеттер мақсатқа жетудің
құралы ғана болса, өмірлік белгілі кеңістігінде шынайы мотив бол-
са, онда бір əрекеттің астарында басқа əрекет болады, ол əрекет
тұлғаның психологиялық бет-бейнесіне тікелей енеді.
Нəтижесінде, өзін-өзі жүзеге асыру адамның оқу немесе кəсіби
іс-əрекетінің мазмұны бола алады, сонымен бірге оның жеке
өмірінің, біртұтас өмірінің тірегіне айналуы мүмкін. Адамның өмір
сүру əрекеті белгілі субъектінің əлеуметтік іс-əрекетінің барлық
|