130
131
Акмеологиялық мəдениет – тұлғалық жаңа құрылым, ол адам-
ның тұтастық ретінде қалыптасуын негіздейді, оның өзін-өзі жүзе-
ге асыруының нəтижелілігі, акмеге жетуінің дара траекториясының
оңтайлылығын жүзеге асырудың сатысы ретінде болады.
«Акмеологиялық мəдениет» ұғымының проблемалық бірыңғай
өрісіне «акме», «өзін-өзі жүзеге асыру», «адамның тұтастығы», «өзін-
өзі дамыту», «мəдениет» категориялары енеді. Акме субъектінің
өмірлік жолын өзіндік жүзеге асыру тəсілінің кульминациясы
болып
табылады, адамның өзін-өзі жүзеге асыруының субъектісі
ретінде шығармашылық əлеуетін жүзеге асыру, жетілдіру жəне
көбейтуде шыңға жетудің белгісі болып саналады. Өзін-өзі жүзеге
асыру, процессуалды тұрғыда адамның біртұтас тұлғалық-əрекеттік
күйінің тереңдігінің басым өзгерісі ретінде болады, оның барысында
адам өзіндік тұрғыда ашылады, жаңарады, оның рухани мəні
жетілдіріледі.
Нəтижелі тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыру, адамның іс-əрекеттің
алуан түрлі формаларында өзін-өзі жүзеге асыруының, тұтастығын
қалыптастырудың қорытындысы ретінде болады. Осылайша, акме
саты ретінде, ал адамның тұтастығы – өзін-өзі жүзеге
асырудың
көрінісі ретінде болады. Мұнда акме күйіне жетуге, нəтижесінде
өзін-өзі жүзеге асыруға адам тек өзін-өзі дамыту барысында қол
жеткізе алады.
Өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бір мезгілде үдеріс (өзінің мəнді,
шынайы бастауларына қозғалыс) жəне нəтиже (шындықтың
болмысы жəне болмыстың шынайылығы) ретінде болады; өзін-өзі
жүзеге асыру мəнге қозғалыс үдерісінде, ал белсенділік адамның
өзінен
басталатынын қамтиды, яғни тек адам ғана өзін-өзі жүзеге
асыра алады; өзін-өзі жүзеге асыру мақсат түрінде құрастырылған
нəтиже ретінде, адамның біртұтас өзін-өзі дамыту бағытын ұсынады.
Өмірлік жолдың субъектісінің өзін-өзі жүзеге асыру тəсілінің
кульминациясы ретінде акмеге жетудің салдарында, адамның
тұлғалық мүмкіндіктері тек жетілдіріліп қоймайды, сонымен бірге
көбейеді (шексіз болады). Сонымен бірге, акмеологиялық адамның
өзін-өзі жүзеге асыру субъектісі ретінде, шығармашылық əлеуетті
жүзеге асыруда, жетілдіруде жəне көбейтудегі шыңның белгісі
ретінде болады.
Акмеге жетудің жəне өзін-өзі жүзеге
асырудың факторы
ретіндегі өзін-өзі дамытудың тиімділігі, акмеологиялық мəдениет
сияқты тұлғалық жаңа құрылымның қалыптасуымен жəне
дамуымен негізделеді. Өзінің табиғаты бойынша, акмеологиялық
мəдениет рухани құрылым болып саналады, ол адамның «алға жəне
жоғары» қозғалысын анықтайды. Өзінің функцияларын жүзеге
асыру тəсілі бойынша, акмеологиялық мəдениет психологиялық
құрылым болып саналады. Бағыттылығы бойынша акмеологиялық
мəдениет адамгершілік құрылым болып саналады. Біртұтас алғанда,
акмеологиялық мəдениетті тұлғалық мəдениеттің үш түрінің:
рухани, психологиялық жəне адамгершілік
құрылымының өзара
əрекеттестігі мен үйлесімінде пайда болатын мəдениет ретінде
көрсетуге болады.
Акмеологиялық мəдениет тұлғалық жаңа құрылым ретінде,
индивидтің, тұлғаның, субъектінің жəне даралықтың сапаларын
ашуға мүмкіндік береді, олардың бірігуі өмір сүру əрекеті үдерісінде
адамның тиімді өзін-өзі дамытуын негіздейді.
Біріктіруші
функцияның аясында, акмеологиялық мəдениет
тұлғаның құндылықты-мағыналық, мотивациялық-мақсатты жəне
эмоционалды-ерікті салаларын бірыңғай жүйелі-құрылымдық
құрылымға біріктіреді. Координациялық функцияны жүзеге
асырып, акмеологиялық мəдениет тұлғаның мəнді күштерін, оның
əрекеттік көріністерін тұлғаның барлық салаларында үйлестіреді.
Акмеологиялық мəдениеттің жобалаушы қызметі, адамның өмірлік
жолының «алға озушы бейнесін» қамтиды, акмеге жетуге, өзін-
өзі жүзеге асыруға бағытталған «болашақтың үлгілерін» құруды
қамтиды. Акмеологиялық мəдениеттің реттеуші қызметі, өзін-
өзі дамыту үдерісінің
тиімділігін, оның барлық деңгейлерінде
қамтамасыз етеді (өзін-өзі маңызды ету, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі
жүзеге асыру).
Акмеологиялық мəдениетті жүйе ретінде меңгерген тұлғаның
өзін-өзі жүзеге асырудағы жауапкершілігі, өзін-өзі дамытуға
жəне
өзін-өзі жаңартуға дайындығы, өзін-өзі жүзеге асырудағы
қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа формалары мен тəсілдерін
үнемі туындату сияқты сапалары қалыптасады. Акмеологиялық
мəдениеттің деңгейімен негізделген бұл тұлғалық сапалар, акмеге
жетуде, өзін-өзі жүзеге асыруда тиімділіктің детерминанты ретінде
болады.
Тұлғалық жаңа құрылым ретінде акмеологиялық мəдениеттің
дамуы, тұлғаның өмірлік жаңа таңдаулары, өзін-өзі дамыту мен өзін-