226
1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік
білімі бар адамдар педагогтық қызметпен айналысуға жіберіледі.
2. Педагог қызметкердің:
- кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле
отырып, педагогтық
қызметпен айналысуға;
- ғылыми-зерттеу,
тәжірибелік-эксперименттік
жұмыспен
айналысуға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен
технологияларды енгізуге;
- жеке педагогикалық қызметке;
- тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарт талаптары сақталған
кезде педагогтік қызметті
ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
- білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының
жұмысына қатысуға;
- ұзақтығы тӛрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет
біліктілігін арттыруға;
- санатын
арттыру
мақсатында
мерзімінен
бұрын
аттестатталуға;
- педагогикалық қызметтегі табыстары үшін
мемлекеттік
наградалар, құрметті атақтармен, сыйлықтар мен атаулы
стипендиялар
түріндегі
моральдық
және
материалдық
кӛтермеленуге;
- ӛзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
- әскери
қызметке
шақырылу
мерзімінің
кейінге
қалдырылуына;
- ғылыми қызметпен айналысуы үшін педагогтық стажы
сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
- білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен ӛкілдеріне
шағымдануға құқығы бар.
3. Педагог қызметкер:
- ӛзінің кәсіптік құзіреті саласында
тиісті теориялық және
тәжірибелік білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
- мемлеукеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының
талаптарына сәйкес кӛрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын
қамтамасыз етуге;
- білім алушыларды жоғары имандылық,
ата-аналарына,
этномәдени құндылықтарға құрмет кӛрсету рухында, қоршаған
дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
227
- білім алушылардың ӛмірлік дағдыларын,
біліктіліктерін,
ӛздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
- ӛзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік,
шығармашылық және
жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
- бес жылда кемінде бір рет аттастаудан ӛтуге;
- педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
- оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-
аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін
педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және
еңбек шартында кӛзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: