Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет96/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
3. Жазбаша ой-толғаныс  
Тапсырма (кестені толтырыңыз) 
Білім 
саласындағы
ӛзгерістер туралы Мен не 
білемін? 
Нені білгім келеді? 
Нені үйренгім келеді? 
 
2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
 
4. Толғаныс: Ассоциация (Сіздің пікіріңіз) 
 
5. Жазбаша ой-толғаныс (кестені толтырыңыз) 
Тапсырма: Тыңдаушылар үш шағын топқа бірігіп, ӛз 
беттерімен тӛмендегі сұрақтарға дайындалады және тӛмендегі 
кестенің «Біздің ойымызша...» деп аталатын бірінші бӛлігін 
толтырады.
Білім беру жҥйесі – 
бҧл... 


224 
6. Ҥлестірмелі материалдармен жҧмыс:
«Инсерт» әдісі: Әр топ ӛз мәтіні бойынша қарандашпен 
тӛмендегі белгілерді салады: 
«+» - ӛз жауаптарына сәйкес абзацтарға қойылады;
«-» - топ үшін жаңа мәлімет, ол кестенің 2 бӛлігіне жазылады; 
«?» - мәтін бойынша пайда болған сұрақтарыңыз. Оларды топта 
талқылауға шығаруға болады. 
 
1-топ тапсырмасы: «Қазақстан Республикасының «Білім 
туралы» Заңы нені қамтиды?» 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылы 
қабылданды. Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық 
қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі 
принциптерін 
айқындайды 
және 
Қазақстан 
Республикасы 
азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты 
тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім 
алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы тӛмендегідей 
білім беру жүйесінің басты міндеттерін қарастырады: 
- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен 
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, 
дамытуға және кәсіптік шындауға бағытталған сапалы білім алу 
үшін қажетті жағдайлар жасау; 
- жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат 
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты ӛмір салтының 
берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай 
жасау арқылы ой-ӛрісін байыту; 
- азаматтық 
пен патриотизмге, ӛз Отаны- Қазақстан 
Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді 
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы 
және қоғамға жат кез келген кӛріністерге тӛзбеуге тәрбиелеу
Біздің 
ойымызша.... 
Тұжырымдамада... 
1. 
2. 
3. 


225 
- белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, 
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени 
ӛміріне қатысу қажеттігін, адамның ӛз құқықтары мен
міндеттеріне саналы кӛзқарасын қалыптастыру; 
- отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулы; қазақ 
халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-
ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел 
тілдерін меңгерту; 
- педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды 
қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, 
білім беру ісін басқаруды демократияландыру; 
- қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім 
беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі; 
- оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім 
беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының ӛзгеріп 
отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, 
қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
енгізу және тиімді пайдалану; 
- жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және 
еңбек нарығының қажеттері арасындағы ӛзара байланысты 
қамтамасыз ететін және әркімге ӛзінің білімге негізделген жеке 
әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға кӛмектесетін оқыту 
жүйесін ӛмір бойы дамыту
- білімнің, ғылымның және ӛндірістің интеграциясы; 
- білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;
- жұмыс берушілер мен және басқа да әлеуметтік әріптестермен 
белсенді ӛзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім 
берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет