Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет182/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   195
кітап тарбие туралы

Глосcарий
жасқа дейін – мектепке даярлық топтарына бөлінеді. Балабақшалар бюджеттік, 
гимназиялық, жекеменшіктік, коммерциялық, т.б. негізде жұмыс істейді.
Бауырмалдықадам бойындағы туысқандық, ағайыншылық қарым-қа-
тынасқа адалдықты білдіретін ұғым. Бауырмалдық – туыс адамдардың арасын-
дағы жақсы көру сезімін, бір-біріне деген мейірімділігін, жанашырлығын
қамқорлығын білдіретін құнды қасиет. 
Сондай-ақ, бауырмалдық тек туыстық негізде ғана көрінетін қасиет емес, 
ол – тұлғаның адамгершілік, имандылық қасиеттерін айқындайтын мі-
нез-құлықтың жағымды белгісі. Өзгені бауырына тарта білу, әр адамды жақын 
санап, қамқорлық көрсету сияқты ізгілік белгілері адамдар арасындағы өзара 
сыйластықты, бірін-бірі құрметтеу, жақын тұту сезімдерін қалыптастырады. 
Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, кез келген жағдайда оларға көмекте-
суге дайын тұру, қол ұшын беру қасиеті де бауырмалдықтың белгісі болып та-
былады. Бауырмалдықтың салдары адамның не халықтың өзіне зиянды болмас 
үшін ол тәуелсіздік, ұлттық мүдде, ұлттық намыс сияқты ұлы құндылықтармен 
астаса көрініс табуы керек.
Биографиялық әдістер (грек. bios – өмір, grapho – жазамын) – тұлғаның
өмір жолын анықтап, түзеп және жобалайтын зерттеу тәсілдері. Б.ә. ХХ ғ. 
І жартысынан бастап өңделе басталды (Н.А. Рыбников, Ш. Бюлер). Б.ә. көзі
автобиографиялық әдістемелер (сауалнамалар, интервью, тестілер) және
адам ның іс-әрекет өнімдері (күнделіктер мен хаттардың контент-анализі,
өмірлік өлшеу диаграммалары) болып табылады.
Биязылық – адамның сыртқы ортамен байланыс жасайтын қарым-қатынас-
тарының ішіндегі сыпайылық, әдептілік жиынтығы. Жағымды мінез бітістері-
нің бір сипаты. Әлеуметте белгілі нормалар мен адамгершілік принциптерін 
орындауға бейімділік. Биязылық – адамға қажет қасиет, сезімталдық мөлшері-
нің негізгі белгілерінің бірі. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы «Жүректен қозғай-
тын, әдептен озбайтын» деп, биязылықтың нормасын сақтауды адамдық парыз 
санаған. Биязылық – мәдениеттіліктің белгісі. Игі әдет, оның әдет-ғұрыпқа ай-
налуы биязылықты қалыптастырады. Биязылық – әлеуметтік ортаның талабы-
на бейімделуге жетелейтін тұлғаның қасиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет