304
Глосcарий
қара сөзінде, Ы.Алтынсариннің «Шариат-ул-ислам» деп аталатын кітабында
(Мұсылмандық тұтқасы. – А., 1910 18-6.) алғаш рет қолданыс тапқан. Ғақлияға
жүйріктер хакім, нақылияға жүйріктерді ғалым деп атаған. Хакім ғалымнан
биік тұрады, өйткені хакім ғылымның бір саласымен ғана айналыспай, ортақ
заңдылықтарды танып ашуға ұмтылған жан-жақты ойшыл, ғұлама дәрежесіне
жеткен оқымысты адам. Абай 38-сөзінде адамдарды төрт топқа бөліп қарайды.
Осы себепті болса керек, М. Әуезов Абайдағы мораль философиясын сөз ет-
кенде 38-қара сөзді «ғақлият тасдихат» деп атауының мағынасы зор.
Дана (парсы
«ﺪاﻨﺎ»
– білгір) – білігі мен тәжірибесі мол, рухани әлемге бай
тұлға. Дәстүрлі қазақ ұғымында «ақылды, парасатты, білімді» деген мағынаны
білдіреді. Даналардың өнегелі өмірі, ғибратты сөздері мен тағылымды іс-әре-
кеттері – барша адамзаттың рухани игілігі. Өмірдің өткінші қызығына елікпей,
адамзаттың қарапайым әрі мәңгілік мұраттарын өнеге тұтқан даналар қазақ та-
рихында ерекше құрметпен аталады. Мысалы, Анахарсис, Қорқыт, Қожа Ах-
мет Иасауи,
Әбу Насыр әл-Фараби, Асан қайғы,
Абай Құнанбайұлы, т.б.
Данышпандық (латын.
genius – рух) – жалпы интеллектуалдық және ар-
найы қабілеттердің
дамуының ең жоғарғы дәрежесі, данышпандық туралы
жеке адамның шығармашылық іс-әрекеті қоғам өмірінде дәуірлік болса,
данышпандық туралы айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: