Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады


Глосcарий шалықты жауапты болса, балалары да кейін әке-шешелері қартайған шағында  қамқорлық жасауға міндетті. Ата-аналар комитеті



Pdf көрінісі
бет181/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   195
кітап тарбие туралы

Глосcарий
шалықты жауапты болса, балалары да кейін әке-шешелері қартайған шағында 
қамқорлық жасауға міндетті.
Ата-аналар комитеті – оқу-тәрбие және шаруашылық мәселелерді шешуде 
көмек көрсететін мектептегі өзін-өзі басқару органы.
Әдеп – халқымыздың үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы, 
әйелінің ері алдындағы немесе ерінің әйелі алдындағы әдеп сақтау үлгілерінің 
көрінісі. Мысалы, ата-ананы, үлкендерді сыйлау, сәлем беру, үлкен адамның 
жолын кеспеу, т.б. әдептілік нормаларды айтады. Әр адамның адамгершілік 
қасиеттерінің көрінісі және т.б. халықтық тәрбиенің өзін-өзі тану жолындағы 
үлгісі болып табылады.
Әдеп және жантану – ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында орта мек-
теп оқушылары үшін жазылған төлтума тұңғыш оқу құралы. Мұнда жанта-
ну (психология) және әдептану (этика) ғылымдарының мәселелері қазақ 
халқының ұлттық ерекшеліктеріне орай баяндалған. Авторлары профессорлар 
Қ. Жарықбаев пен Ә. Табылдиев. 
Әдет – әрбір жеке адамның бойындағы қасиеттер. Әдеттің жақсысы да бо-
лады, жаманы да болады. Мысалы, біреу жаман қылықтарды жасайды, өтірік 
айтады, енді біреулер басқаларға жақсылық жасайды, ата-баба салтын ұстайды. 
Мұның бәрі халық ұғымында әдет деп аталады. 
Әлеуметтендіру (латын. sosialis – қоғамдық) – қоғам мәдениетін меңгеру 
барысында тұтас өмір кезеңіндегі адамның дамуы мен жетілуі, адамның қазір-
гі уақытта қоғамға, әлеуметтік ортаға, топқа тән құндылықтарды, нормалар-
ды, мінез-құлық үлгілерін меңгеруі және оның әлеуметтік байланыстарын
және әлеуметтік тәжірибені қайталауы. Адамзат қоғамының пайда бо-
луымен әлеуметтік тәжірибені берудің қажеттігі туындайды. Американдық 
ғалым Ф.Г. Гиддин (1887 жыл) еңбегінде қолданған.
Балабақша – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме. Мұн-
дай мекеменің ең алғашқы үлгісін неміс педагогі Фребель (1702-1852) ұйым-
дастырған (1837). Еліміздегі тұңғыш балабақша Алматы қаласында 1917 жылы 
ұйымдастырылып, онда 100-ге тарта бала тәрбиеленді. 
1919-1920 жылдары Қызылорда, Торғай, Орынбор, Орда, Қостанай қа-
лаларында 115 балабақша жұмыс істеді. Балабақшада тәрбие, білім беру 
жұмыстары баланың жас ерекшелігіне, күн режиміне сәйкес жасалған бағ-
дарламалар арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие жұмыстарын арнайы маман-
дықтары бар тәрбиешілер жүргізеді. Балабақшадағы балалар 2-ден 3 жасқа 
дейін – бөбектер тобына, 3-тен 4 жасқа дейін – cәбилердің 1-тобына, 4-тен 5 
жасқа дейін – сәбилердің 2-тобына, 5-тен 6 жасқа дейін – естиярлар, 6-дан 7 


303


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет