туралы: Анахарсистің Крезге айтқаны Лидия патшасы! Олардың мінез-
дері мен өмір салттарын білу үшін
мен эллиндер еліне жолға шықтым.
Маған алтынның қажеті жоқ, мен
үшін Скифияға жетілген адам бо-
лып оралу маңыздырақ. («Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық шығармалар жи- нағы» кітабынан, Т.1., 430-б.) Әдемі, шешен сөйлеу, ұтымды сөз айту. Анахарсистің Крезге берген да- налық жауаптары Крез патшалығы қаншама ха-
лықты өзіне қаратқанын айта келіп,
жиналған даналардың ішіндегі Ана-
харсиске:
– Тірі жануарлар мен жәндіктер-
дің ішіндегі ең өжеті қайсы? – деп
сауал қояды. Оған Анахарсис:
– Ең тағы аңдар, себебі олар өзі-
нің бостандығы үшін жанын қияды, –
деп жауап береді.
– Тірі жануарлар мен жәндіктер-
дің ішіндегі ең әділетті өмір сүретіні
қайсы? – дейді. Анахарсис былай
дейді:
– Ең әділетті тіршілік ететін тағы хайуанаттар. Олар заң бойынша
емес, табиғаттың ырқымен өмір
сүреді: табиғат – құдайдың жаратқан
жаратылысы, ал заңды адамдар қо-
лымен жасайды. Сондықтан да адам-
ның шығарған заңынан тәңірдің ақ
жолы әлдеқайда әділетті! – депті. Сол
кезде патша сөзден жеңіліп, Анахар-
систі мазақ ету үшін:
– Осы жыртқыштар даналықтың
негізі болып жүрмесін, – дейді.
Данышпан ғалым оған өз пікірін
білдіреді:
– Заң негізінен гөрі табиғат-
тың ұлылығын мойындаудың өзі де
84
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
данылықтың белгісі, – деп тұжырым-
дапты.
Сонда патша жымиып тұрып:
– Сенің жауаптарыңның барлығы
скифтердің тағы аңға ұқсас тәрбие-
сіне негізделген, – депті.