159
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие
туралы тағылымдық мұралары
берген Иесіне күнәлі болармын деп
қорқамын, – деді.
(Ы. Алтынсарин. Таңда-
малы шығармалары. – Алматы:
«Ғылым» баспасы, 1994. – 289 б.,
116-117-бб.)
Ыбырай Алтынсарин
тағылымдық өнегелері
Ата тілін алмаған – аман болып
көп жүрмес.
Ата-анаңды сыйласаң, көп жасар-
сың, сыйламасаң жан қинарсың.
Арық малды асырасаң, аузы-мұр-
ныңды май етер.
Жаман кісіні асырасаң, аузы-мұр-
ныңды қан етер.
Байлық мұрат емес, жоқтық ұят
емес.
Бейнетсіз рахат жоқ.
Білім тұрған жерде иман тұрады.
Жақсылықты
басыңа қыл, ба-
сыңнан асса, досыңа қыл.
Жақсымен жолдас болсаң – жетер-
сің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң – қалар-
сың ұятқа.
Құдайдан сұрасаң, кешірер.
Кісіден сұрасаң, екі көзіңді өші-
рер.
Өнерді үйрен де жирен.
Сақтағанды Құдай сақтар.
Соқырдан қарауыл қойсаң – еліңді
жауға алдырар,
Наданнан би қойсаң – жұртыңды
дауға алдырар.
Сөйлей-сөйлей шешен болар,
көре-көре көсем болар.
Талапты ерге нұр жауар.
Ұят кімде болса, иман сонда бо-
лады.
Ұят – иман белгісі. Ұятта иман бар.
Халықтан ұял, Құдайдан қорық.
Ханда қырық кісінің ақылы бар.
Әдебиеттер
1. Алтынсарин Ы. Өнер-білім бар жұрттар. – Алматы: Жалын, 1991. – 240 б.
2. Қоңыратбай Т.Ә. «Ы. Алтынсарин – қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері» /
Алтынсарин Ы. Екі томдық шығармалар жинағы. Том І. – Алматы: Қазығұрт, 2003 –
240 б.
3. Ы. Алтынсарин. Қазақ хрестоматиясы. (Киргизская хрестоматия) кітабы. – Алма-
ты: Білім, 2003. – 112 б.
160
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Достарыңызбен бөлісу: