Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет82/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   195
кітап тарбие туралы

«Кел, балалар, оқылық»
Бір Құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Мал дәулеттің байлығы
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы
Күннен-күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...


157
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Надандықтың белгісі –
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай,
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас.
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу деген шыны-ды,
Тұрған сайын шыныққан.
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан.
Білмегенді білуге,
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әлпештеген ата-ана,
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата-анаң қартайса –
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағым, абай болғай деп,
Ата-анаң жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
(Ы. Алтынсарин. Қазақ хрес-
томатиясы (Киргизская хресто-
матия) кітабы. – Алматы: «Білім» 
баспасы, 2003. – 112 б., 8-10-бб.)
Ұстаздың балалар мен
 қарым-қатынасы туралы
«Балалармен қысқа, байсалды
ашуланбай сөйлесу, әрбір пәнді бар 
пейілмен және қарапайым тілмен, екі 
ұшты мағыналы сөздерcіз әрі қатесіз 
терминдерді араластырмай түсіндіру 
керек».
(Ламашев Ә. Ыбырай Алтынса-
рин және оның орыс достары мен 
ізбасарлары. – Алматы: «Қазақ-
стан», 1988. – 184 б., 113-б.)
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ер-
тіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда 
қалған аттың бір ескі тағасын көріп 
баласына айтты:
– Анау тағаны, балам, ала жүр, –
деп. 


158
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Бала әкесіне:
– Сынып қалған ескі тағаны алып 
неғылайын, – деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп 
алды да жүре берді. Қаланың шетін-
де темірші ұсталар бар екен, соған 
жеткен соң әкесі қайырылып, ма-
нағы тағаны соларға үш тиынға сат-
ты. Одан біраз жер өткен соң, шие 
сатып отырғандардан ол үш тиынға 
бірталай шие сатып алды. Сонымен 
шиені орамалына түйіп, шетінен өзі 
бір-бірлеп алып жеп, баласына қа-
рамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер 
өткен соң, әкесінің қолынан бір шие 
жерге түседі. Артынан келе жатқан 
бала да тым-ақ қызығып келеді екен, 
жерге түскен шиені жалма-жан жер-
ден алып аузына салды. Аздан соң 
және бір шие, одан біраз уақыт өткен 
соң және бір шие, сонымен әр жерде 
бір әкесінің қолынан түскен шиені он 
шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең 
соңында әкесі тоқтап, баласына шиені 
орамалымен беріп тұрып айтты:
– Көрдің бе, мана тағаны жаман-
сынып жерден бір ғана иіліп көте-
ріп алуға еріндің, енді сол тағаға 
алған шиенің жерге түскенін аламын 
деп, бір еңкеюдің орнына он еңкей-
дің. Мұнан былай есіңде болсын: аз 
жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа 
тап боласың. Азға қанағат ете білме-
сең, көптен де құр қаласың, – деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет