Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет88/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   195
кітап тарбие туралы

(«Құнанбайұлы А. Шығарма-
ларының екі томдық толық жи-
нағы» кітабынан, Т.2., 122-124 бб.)
Еңбек-өнер тәрбиесі туралы
Отыз сегізінші сөз
(үзінді)
Күллі адам баласын қор қылатын 
үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: 
Әуелі – надандық, екіншісі – ерін-
шектік, үшіншісі – залымдық деп бі-
лесің.
Надандық – білім-ғылымның жоқ-
тығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз 
біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік – күллі дүниедегі 
өнер дің дұшпаны. Талапсыздық, жі-
герсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі 
осыдан шығады.
Залымдық – адам баласының 
дұшпаны. Адам баласына дұшпан 
бол са, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш 
хайуан қисабына қосылады.


166
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Бұлардың емі, халқыңа махаббат
халық ғаламға шапқат, қайратты, тұр-
лаулы, ғадалат ісінің алды-артынан 
байқарлық білімі, ғылымы болсын... 
Ол білім, ғылымы құдаға мұқтади
1
болсын. Ғылым әуелі ғалами ғылымға 
мұқтади болсын. Яғни, құдай тағала 
бұл ғаламды жаратты, ерінбеді, ке-
лісімменен, хикметпенен кәмәлатты 
бір жолға салып жасады, сіздердің 
ісіңізде бір жақсылық бина
2
қылып, 
арқа сүйерлік шеберлікпенен болсын. 
Және құдай тағала әрине жаратты
бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің 
де ісіңнен бір зарар шығып кеткен-
дей болмай, көпке пайда боларлық 
бір үміті бар іс болсын. Бұларсыз іс 
іс емес. Бәлки бұларсыз тағат тағат
3
емес.
(«Құнанбайұлы А. 
Шығармаларының екі томдық 
толық жинағы» кітабынан, 
Т.2., 142-б.)
1
Мұқтади (араб т.) – еру, бағыну, құлшылық ету.
2
Бина (араб т.) – негіз, тірек.
3
Тағат (араб т.) – тыңдау, тәртіп, құлшылық ету. 
Әдебиеттер
1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 192 б.
2. Құнанбайұлы А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.1: Өлеңдер мен 
аудармалар. – Алматы: Жазушы, 2005. – 296 б.
3. Құнанбайұлы А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т. 2: Өлеңдер мен 
аудармалар, поэмалар, қарасөздер. – Алматы: Жазушы, 2005. – 336 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет