Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет87/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   195
кітап тарбие туралы

Шығармаларының екі томдық то-
лық жинағы» кітабынан, Т.2., 95-
96 бб.)
Отыз жетінші сөз
Халық арасында кеңінен
тараған өнеге-өсиеттері
1. Адамның адамшылығы істі бас-
тағандығынан білінеді, қалайша бі-
тіргендігінен емес.
2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан 
шық қанда өңі қашады.
3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға 
айтқанда, көңіл уанғаны да болады
өшкені де болады.
4. Кісіге біліміне қарай болыстық 
қыл; татымсызға қылған болыстық 
өзі адамды бұзады.
5. Әкесінің баласы – адамның 
дұшпаны. Адамның баласы – ба-
уырың.
6. Ер артық сұраса да азға разы бо-
лады. Ез аз сұрар, артылтып берсең 
де разы болмас.
7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі 
үшін оттаған хайуанның бірі бо-
ласың; адамдықтың қарызы үшін 
еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы 
боласың.
8. Сократқа у ішкізген, Ионна Арк-
ті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, 
пайғамбарымызды түйенің жемтігіне 
көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте 
ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.
9. Адам баласын заман өсіреді
кімде-кім жаман болса, оның заман-
дасының бәрі виноват.
10. Мен егер закон қуаты қолым-
да бар кісі болсам, адам мінезін түзеп 
болмайды деген кісінің тілін кесер 
едім.
11. Дүниеде жалғыз қалған адам – 
адамның өлгені. Қапашылықтың бә-
рі соның басында. Дүниеде бар жа-
ман да көпте, бірақ қызық та, ермек 
те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? 
Соң ғыға кім азбайды?
12. Жамандықты кім көрмейді? 
Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дү-


165
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
ниеде ешнәрсе де баян жоқ екені рас, 
жамандық та қайдан баяндап қалады 
дейсің? Қары қалың қатты қыстың 
артынан көгі қалың, көлі мол жақсы 
жаз келмеуші ме еді?
13. Ашулы адамның сөзі аз болса, 
ыза, қуаты артында болғаны. Егер де 
аузынан қан ағызса, домбыт мақтан-
шақ, я қорқақ.
14. Қуанбақтық пен бақ – мас-
тықтың үлкені, мыңнан бір кісі ақ 
қ...н ашпайтұғын ақылы бойында қа-
лады.
15. Егер ісім өнсін десең ретін тап.
16. Биік мансап – биік жартас,
Ерінбей еңбектеп жылан да 
шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады.
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.
17. Дүние үлкен көл,
Заман – соққан жел,
Алдыңғы толқын – ағалар,
Артқы толқын – інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.
18. Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.
19. Тоқ тіленші – адам сайтаны,
Харекетсіз – сопы майтаны.
20. Жаман дос – көлеңке:
Басыңа күн шалса, 
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
21. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
22. Қайратсыз ашу – тұл,
Тұрлаусыз ғашық – тұл,
Шәкіртсіз ғалым – тұл.
23. Бағың өскенше тілеуіңді ел ті-
лейді, өзің де тілейсің, бағың өскен 
соң – өзің ғана тілейсің. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет