Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет90/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   195
кітап тарбие туралы

тіліндегі жазуы, оқу құралдары 
болуы керек. Міне, осындай өзек-
ті мәселелерге А. Байтұрсынұлы 
ерекше мән беріп, ұлттық емле-
ні, грамматиканы ғылыми не-
гізде жаңадан құрып, оны жүзеге 
асыруға басшы болды. 
Атасы Шошақ немересі Ах-
мет өмірге келгенде ауыл ақсақал-
дарынан бата алып, азан шақырып 
атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы 
Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық 
орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 
1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 
жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-
1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқа-
ралы уездеріндегі орыс-қазақ мек-
тептерінде оқытушы, Қарқаралы қа-
лалық училищесінде меңгеруші 
қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, 
білімді тұлғаның бірі болған.
Ахмет Байтұрсынұлының сая-
си қызмет жолына түсуі 1905 жыл-
ға тұс келеді. 1905 жылы Қоян-
ды жәрмеңкесінде 14500 адам қол 
қойған Қарқаралы петициясы автор-
ларының бірі болды. Қарқаралы пе-
тициясында жергілікті басқару, сот, 
халыққа білім беру істеріне қазақ елі-
нің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгі-
зу, ар-ождан бос тандығы, дін ұстану 
еркіндігі, цензурасыз газет шығару 
және баспахана ашуға рұқсат беру, 
күні өткен «Дала ережесін» қазақ елі-
нің мүддесіне сай заңмен ауыстыру 
мәселелері көтерілді. Онда қазақ да-
ласына орыс шаруаларын қоныс ау-
даруды үзілді-кесілді тоқтату талап 
етілген болатын. Сол кезеңнен бас-
тап жандармдық бақылауға алынған 
Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 
шілдеде губернатор Тройницкийдің 
бұйрығымен тұтқындалып, Семей 
түрмесіне жабылды.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 
жылы 19 ақпанда Ахмет Байтұр-
сынұлын қазақ облыстарынан тыс 


168
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
жерге жер аудару жөнінде шешім 
қабылдады. Осы шешімге сәйкес Ах-
мет Байтұрсынұлы Орынборға 1910 
жылы 9 наурызда келіп, 1917 жыл-
дың соңына дейін сонда тұрды. Ол 
өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғам-
дық-саяси қызметінің жетістікке 
жеткен шағы болды. Ол осы қалада 
1913-1918 жылы өзінің ең жақын се-
німді достары Ә. Бөкейханов, М. Ду-
латұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың 
қазақ зиялыларының қолдауына 
сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қа-
зақ» газетін шығарып тұрды. Газет 
қазақ халқын өнер, салт-дәстүрін, мә-
дениеті мен білімді игеруге шақырды. 
Ахмет Байтұрсынұлының Орынбор-
дағы өмірі мен қызметі Ресей үкіме-
тінің қатаң жандармдық бақылауында 
болды. 
Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз 
жала салдарынан абақтыға отырып 
шықты. Байтұрсынұлы 1917 жылы 
революциялық өзгерістер арнасын-
да өмірге келіп, қазақ тарихында те-
рең із қалдырған Қазақ съездері мен 
Қазақ комитеттері сияқты тарихи 
құбылыстың қалың ортасында жүр-
ді, оларға тікелей араласып, «Қа-
зақ газеті» арқылы саяси теориялық 
бағыт-бағдар беріп отырды.
Ахмет Байтұрсынұлы Алаш пар-
тиясы бағдарламасын даярлаған 
топтың құрамында болды. Алаш 
Орда құрамын бекіткен 2-жалпықа-
зақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын 
құрып, оның төрағасы етіп Ахмет 
Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы 
наурызға дейін Алашорда үкіметінің 
Торғай облысы бөлімінің мүшесі бол-
ды. Ол 1919 жылы наурызда Алашор-
да үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес 
үкіметімен келіссөзге аттанды, осы 
жылғы шілдеде Қазақ автономия-
сының Халық Комиссарлар Кеңесі 
мен Қазақ әскери-революциялық ко-
митеті төрағасының орынбасары бо-
лып тағайындалды.
Ахмет Байтұрсынұлының 1913 
жылғы «қазақша оқу жайынан» де-
ген мақаласында: «Бала оқытатын 
адам оған үйрететінін, оның көңіл 
сарайын және мұғалімдік ғылымды 
жақсы білу керек», – дейді [1].
Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 
27 тамызда Қостанай уезін Челя-
бі облысына қосу туралы шешімі-
не қарсы Ахмет Байтұрсынұлының 
жазған саяси наразылығы Қостанай 
уезін Қазақстан құрамына қайтаруға 
негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда 
құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің 
құрамына еніп, 1920-1921 жылы Қа-
зақ АКСР-і халық ағарту комиссары 
қызметінде болды.
1922 жылы Өлкелік халық комис-
сариаты жанындағы Академиялық 
орталықтың, 1922-1925 жылы Халық 
ағарту комиссариаты ғылыми-әде-
би комиссиясының, Қазақ өлкесін 
зерттеу қоғамының төрағасы бо-
лып қызмет атқарды. Ахмет Байтұр-
сынұлы түрлі мемлекеттік қызметке 
атсалыса жүріп, сонымен бір мез-


169
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
гілде өзінің жаны сүйген оқыту-
шылық-ұстаздық жұмысынан да қол 
үзбеген.
1921-1925 жылы Орынбордағы, 
1926-1928 жылы Ташкенттегі Қазақ 
халық ағарту институттарында қазақ 
тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы 
пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы 
Алматыда Қазақ мемлекеттік педа-
гогика институтының ашылуына 
байланысты ректордың шақыруымен 
осы оқу орнына профессор қызметі-
не ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 
43 Алаш қозғалысы қайраткерле-
рімен бірге ол Алматыда тұтқынға 
алынып, осы жылдың соңына қарай 
тергеу үшін Мәскеудегі «Бутыр-
ка» абақтысына жөнелтілді. КСРО 
Халық комиссарлар кеңесі жанын-
дағы ОГПУ «үштігінің» 1930 жылы 
4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Ахмет 
Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. 
Бұл шешім бірнеше рет өзгерістер-
ге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 
10 жылға концлагерьге ауыстырыл-
са, 1932 жылы қарашада 3 жылға 
Архангельскіге жер аударылсын деп 
ұйғарылды.
1926 жылы Бакуде болып өткен 
«Бірінші Түркологиялық Құрыл-
тайдың» төралқа мүшесі Ахмет Бай-
тұрсынұлы болды.
1933 жылы мамырда денсаулығы 
нашарлап кетуіне байланысты қалған 
мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүр-
ген отбасымен (әйелі мен қызы) 
бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 
жылы М. Горькийдің жұбайы Е. Пеш-
кованың көмегімен Ахмет Байтұр-
сынұлы отбасымен мерзімінен бұрын 
босатылып, Алматыға оралады. Бұл 
жерде тұрақты жұмысқа қабылдан-
бай, түрлі мекемелерде қысқа мерзім-
дік қызметтер атқарады.
1937 жылы 8 тамызда тағы да 
қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 
8 желтоқсанда атылды. Тұтас буын-
ның төл басы болған Ахмет Бай-
тұрсынұлының алғашқы кітабы – 
«Қырық мысал» 1909 жылы жарық 
көрді. Ғалым-ағартушының еңбе-
гінде Ресей отаршыларының зор-
лық-зомбылығын, елдің тұралаған 
халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. 
Ахмет Байтұрсынұлы мысал жан-
рының қызықты формасы, ұғымды 
идеясы, уытты тілі арқылы әлеумет-
тік сананың оянуына ықпал етті. 
Педагог-ағартушының 
азамат-
тық арман-мақсаты, ой-толғамдары 
кес теленген өлеңдері «Маса» деген 
атпен жеке кітап болып жарық көр-
ді (1911 жылы). «Масаның» негізгі 
идеялық қазығы – жұртшылықты 
оқуға, тәрбиеге, өнер-білімге шақыру, 
мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үн-
деу. Оның халықты қараңғылық, ен-
жарлық, кәсіпке марғаулық сияқты 
кемшіліктерден арылуға шақырды. 
Қазақ ғұламаларының ағартушы-
лық, сыншылдық дәстүрін жаңарта 
отырып, Ахмет Байтұрсынұлы XX 
ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін 
ағартушылық-демократиялық дәре-


170
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
жеге көтерді. Сондай-ақ Ахмет Бай-
тұрсынұлы қазақ тіліне А.С. Пуш-
кин, М.Ю. Лермонтов, Ф. Вольтер, 
С.Я. Надсон өлеңдерін аударды. Бұл 
аудармалар Ахмет Байтұрсыновтың 
тақырыпты, идеялық-көркемдік дең-
гейі жоғары, тәрбиелік мәні зор туын-
дылар болатын. Ел тағдырының келе-
шегіне алаңдаулы қоғам қайраткері, 
ағартушы көп қырлы ісімен, даналық 
саясатымен қазақ жастарының руха-
ни көсемі болды.
Ахмет Байтұрсынұлының «Қа-
зақтың бас ақыны» деген көлемді 
мақаласы – әдебиеттану ғылымын-
дағы алғашқы зерттеу еңбектердің 
бірі. Мақалада хакім Абайдың тарихи 
миссиясы, рухани болмысы, өлеңде-
рінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, 
көркемдік-эстетикалық сипаты баян-
далды. Ол Абай өлеңдерінің да-
ралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, 
тереңдігін», сыншылдығын ұғын-
дырды. Ахмет Байтұрсынұлының 
Абайдың ақындық шеберлігі, поэзия-
ға деген көзқарасы туралы ғылыми 
тұжырымдары қазақ әдебиеттану 
ғылымында жалғасын тапты. Оның 
«Әдебиет танытқыш» деген зерт-
теуі (1926 жылы) – қазақ тіліндегі 
тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық 
еңбек. Ахмет Байтұрсынұлы әдебиет 
тарихына, теориясы мен сынына,
әдіснамасына тұңғыш рет тиянақты 
анықтама беріп, қазақ әдебиеттану 
ғылымының жүйесін жасады. Халық 
тілінің бай қоры көзінен мағынасы 
терең, ұғымдық аясы кең сөздерді 
термин етіп алып, соның негізінде 
қазақ әдебиетінің барлық жанрлық 
формаларын топтап, жіктеп берді. 
Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз 
әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теория-
лық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бей-
нелі, мазмұны мен мағынасы терең 
шығармаларын мысал ретінде пайда-
ланды. Сөз өнері жайында жазылған 
әлемдік ғылымның ең үздік үлгіле-
рін пайдалана отырып, әдебиетта-
нудағы ұғым, термин, категориялар-
дың соны ұлттық үлгілерін жасады. 
Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, 
кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шен-
дестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, 
т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық 
дарын табиғаты, шығарманың психо-
логиясы, шабыт стихиясына ғылыми 
тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты 
зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бу-
нақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға 
анықтама берді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әде-
биетінің даму кезеңдерін ғылыми 
негізде топтап берген. «Әдебиет 
танытқыш» – сан салалы әдебиет 
табиғатын жан-жақты ашып, тал-
дап-түсіндірген ғылыми зерттеуі. 
Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет 
танытқышымен» қазақ әдебиетта-
ну ғылымының негізін салды. Сон-
дай-ақ ол – әдебиет тарихының 
мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жи-
наған зерттеуші ғалым. 
Көркемдігі айрықша «Ер Са-
йын» жыры (1923 жылы) мен қазақ та-


171
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
рихының төрт жүз жылын қамти тын 
«23 жоқтау» жинағын (1926 жылы) 
кітап етіп шығарды. Халықтың пе-
дагогикалық мұрасына үлкен жа-
нашырлықпен қараған Ахмет Бай-
тұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп 
ел аузындағы тіл алынбаса, оның 
адасып кететіндігін» айтты. Ахмет 
Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби жур-
налистикасын қалыптастырған ірі 
қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы 
қауымға газеттің қоғамдық қызметін 
ұғындырып, баспасөздің өркениетті
тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін 
жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Ах-
мет Байтұрсынұлы ұйымдастырып, 
бас редактор болған «Қазақ» газеті 
қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани 
санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» га-
зеті халықтың рухын сергіткен ірі 
құбылысқа айналды. 
Ағартушы-педагог Ахмет Бай-
тұрсынұлының – әлеуметтік мәсе-
лелерге, бала тәрбиесі мен ұлттық 
салт-дәстүрлердің сақталуына және 
қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған 
азамат болатын. Оның мақалалары 
ғылыми байыптауымен, өткір ой-
ларымен сол кезеңнің шындығынан 
хабар береді. Абайдың қоғам өмі-
рінің демократиялық құрылысы ту-
ралы ойларын дамытып, саяси-әлеу-
меттік жағдай, оқу-ағарту, халықтың 
тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді 
қозғады. 
Қазақ зиялыларының жан-жақты 
білімдар әрі саяси күресте шың-
далған легін қалыптастыруда еңбегі 
ұшан теңіз. Ол – қазақ ғылымы та-
рихында ұлттық әліпби жасап, жаңа 
білім берудегі үлгі ұсынған реформа-
тор.
Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиі 
қазақ тілінің табиғатына бейімдел-
ген араб жазуы негізінде жасалды. 
Ол Қазақ педагогтарының тұңғыш 
съезінде (Орынбор, 1924 жылы), 
құрылтайында (Баку, 1926 жылы) 
араб жазуындағы әліпбидің қажет-
тілігін, құндылығын жан-жақты 
тұ жырыммен дәлелдеген ғылыми 
баян дама жасады. Бұл әліпби ұлт-
тық жазудың қалыптасуындағы ірі 
мәдени жетістік болып табылады. 
Ол халыққа ғылым-білімнің қажет-
тілігін түсіндірумен ғана шектелмей, 
білім беру ісін жолға қоюға күш сал-
ды. Орыс, татар мектептерінен оқып 
шыққан ұлт мамандарының өз тілін 
қолданудағы кемшіліктерін көріп: 
«Әр жұрттың түрінде, тұтынған жо-
лында, мінезінде қандай басқалық 
болса, тілінде де сондай басқалық бо-
лады. Біздің жасынан не орысша, не 
ноғайша оқыған бауырларымыз сөз-
дің жүйесін, қисынын нағыз қазақша 
келтіріп жаза алмайды не жазса да 
қиындықпен жазады, себебі жасынан 
қазақша жазып дағдыланбағандық» 
деп жазды [2, 187-б.].
Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу 
құралы» (1912 жылы) – қазақша 
жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. 
Бұл әліппе оқытудың жаңа әдісте-


172
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
рі тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға 
дейін бірнеше рет қайта басыл-
ды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме 
тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды 
оқулық ретінде бағаланады. Ахмет 
Байтұрсынұлы қазақ тілінің таза-
лығын сақтау үшін көп еңбек етті. 
Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929 
жылы): «...Орынборға келгеннен 
кейін, ең алдымен, қазақ тілінің 
дыбыстық жүйесі мен грамматикалық 
құрылысын зерттеуге кірістім. Одан 
кейін қазақ әліпбиі мен емлесін рет-
ке салып, жеңілдету жолында жұмыс 
істедім, үшіншіден, қазақтың жазба 
тілін бөтен тілдерден келген қажет-
сіз сөздерден арылтуға, синтаксистік 
құрылысын өзге тілдердің жат әсері-
нен тазартуға әрекеттендім. Төртін-
шіден, қазақ прозасын жасанды кіта-
би сипаттан арылтып, халықтық сөй-
леу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін 
ғылыми терминдерді қалыптастыру-
мен айналыстым», – деген болатын
[3, 258-б.].
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мек-
тептерінің мұқтаждығын өтеу мақса-
тында қазақ тілін пән ретінде үйрете-
тін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның 
«Тіл құрал» атты оқулығының фоне-
тикаға арналған бөлімі 1915 жылы, 
морфологияға 
арналған 
бөлі-
мі 1914 жылы, синтаксис бөлі-
мі 1916 жылдан бастап жарық көрді. 
«Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш 
оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі 
оқулықтарының негізі болып қалан-
ды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің 
тарау-тарау салаларының құрылымын 
жүйелеп, ғылыми негізін салған зерт-
теу. Аталған тілдік ұғымдарға берген 
анықтамаларының ғылыми терең-
дігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте 
маңызды. Ол тұңғыш төл граммати-
калық терминдерді қалыптастырды. 
Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, 
есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, 
баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз 
таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, 
қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық тер-
миндерге анықтама берді. 
Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы 
практикалық құрал ретінде «Тіл жұм-
сар», мұғалімдерге арналған «Баян-
шы» деген әдістемелік кітаптар жаз-
ды. Ол – қазақ тілін оқыту әдістеме-
сінің іргетасын қалаған ғалым-ағар-
тушы. Ахмет Байтұрсынұлы оқу-
лығындағы тілдік категорияларды 
ұғындыру мақсатында енгізген «сы-
нау», «дағдыландыру» деген арнайы 
бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме 
ғылымы үшін де өз маңызын жойған 
жоқ. Ахмет Байтұрсынұлы педагог, 
аудармашы, ғалым-тілші, әдебиетта-
нушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз 
дәуірінде зор бағаға ие болды.
1923 жылы Ахмет Байтұрсын-
ұлының 50 жасқа толғаны Орынбор, 
Ташкент 1922 жылы қалаларында 
салтанатты түрде аталды. Оған за-
мандастары баспасөзде мақалалар 
жариялап, қазақ халқына сіңірген 
еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі 


173
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
мен қызметіне, шығармашылығына 
ғылыми пікір-тұжырымдар айтыл-
ды. Белгілі ғалым Мұхтар Әуезов 
Ахмет Байтұрсынұлына арнаған 
«Ақаңның елу жылдық тойы» деген 
мақаласында: «...Кешегі күндерге 
дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. 
Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі 
есімізден кеткен жоқ. Патша за-
манындағы хүкіметтік өр зорлыққа 
қарсы салған ұраны, ойымызға 
салған пікірі ... әлі күнге дейін үй-
реніп қалған бесігіміздей көзімізге 
жылы ұшырайды, құлағымызға жай-
лы тиеді» деп жазды. 
1929 жылы жарыққа шыққан 
«Әдебиет энциклопедиясы» (Мәскеу) 
Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасына: 
«Аса көрнекті қазақ ақыны, журнали-
сі және педагогі. Ол қазақ тілі емлесі-
нің реформаторы және қазақ әдебиеті 
теориясының негізін салушы» деген 
ғылыми әділ баға берілді. 
1933 жылы шыққан профессор 
М. Баталов пен М.С. Сильченконың 
«Қазақ фольклоры мен қазақ әдебие-
тінің очерктері» деген кітапшасында: 
«оның негізгі бағыты қазақ халқының 
қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету 
болды» деп Ахмет Байтұрсынұлының 
қоғамдық қызметін қорытындылады. 
Кейінгі коммунистік идеоло-
гия Ахмет Байтұрсынұлының есі-
мін атау ға көп жылдар бойы тыйым 
салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер 
айтылды. Саяси қысымның қаупіне 
қарамастан белгілі түркітанушы, ака-
демик А.Н. Кононов «Отандық түркі-
танушылардың биобиблиографиялық 
сөздігі» деген еңбегінде (1974 жылы) 
Ахмет Байтұрсынұлының толық 
өмірбаянын беріп, әлеуметтік-қоғам-
дық қызметін, басты еңбектерін 
нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің 
авторы екендігі, қазақ тілінің фонети-
касы, синтаксисі, этимологиясы, әде-
биет теориясы мен мәдениет тарихы 
оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 
1988 жылдан кейін Қазақстандағы 
көптеген көше, мектептерге Ахмет 
Байтұрсынұлының есімі берілді. Тіл 
білімі институты, Қостанай мемле-
кеттік университеті Ахмет Байтұр-
сынұлының есімімен аталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет