Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет12/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   195
кітап тарбие туралы

3. Оқушылардың жас ерекше-
ліктерінің оқу-тәрбие процесіндегі 
орны. Дамудың белгілі кезеңдерге 
бөлінуін, белгілі бір шақтық кезең-
ге тән анатомиялық-физиологиялық 
және психологиялық ерекшеліктерді 
әдетте жас және жеке ерекшеліктері 
деп атайды. Сондықтан педагогика 
және психологияда балалардың жас 
ерекшеліктеріндегі ширақтықты, бел -
сенділікті айқындайды, тәрбиелену-
шінің және қоршаған ортамен жа-
сайтын қарым-қатынастар жүйесіне 
тәуелді болатынын атап көрсетеді. 
Балалардың өсіп-жетілуінің бір са-
тысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ 
емес. Әр жастағы кезеңге тән пси-
хологиялық ерекшеліктердің ұшта-
суын жиі байқауға болады. Сана-се-
зімнің, дене күш-қуатының дамуы 
адамдардың жас ерекшеліктеріне 
байланысты. Баланың жасы өскен 
сайын, бойлары өсіп, денелері жеті-
ліп, ақыл-саналары дамып, білімдері 
тереңдей бастайды. Балалардың жас 
ерекшелігін есепке алу – оқыту мен 
тәрбие жүйесіндегі негізгі принцип-
тердің бірі. Қоғамда атқаратын ролі, 
белгілі құқығы бар адамды жеке 
адам деп түсінеміз. Ал қалыптасу 
дегеніміз – адамның жеке басының 
дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде 
жетілуі, саналы өмір сүруге дайын 
болуы. Адам табиғаттан тыс өмір 
сүрмейді, олай болса оның табиғи 
заңына орай дүниеге ұрпақ әкеле-
ді. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы 
үшін бар жағдайды жасайды. Тәр-
бие ісінде балалардың жас ерекше-
ліктерін ескеріп отыру қажеттігін 
педагогика ғылымы ерте кезде-ақ 
көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтар 
Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо тәрбие 
беру кезінде бала табиғатын, оның 
қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске 
алып отыруды қажет деп келтіреді. 
Қазіргі педагогика және психоло-
гия ғылымында балалар мен жеткін-
шектердің дамуындағы биологиялық 
фактордың ролін айрықша көрсете-
ді. Педагогика ғылымы жас ерекше-


30
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ліктерін анықтауға баланың дамуын 
үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қа-
растыра отырып, бұл қозғалыстан сан 
жағынан жинақталу, сапа жағынан 
елеулі өзгерістер болатынын алға 
тартады. Мәселеге бұлайша қарау 
балалардың дене және психикалық 
дамуының бірқатар кезеңдерін бел-
гілеуге мүмкіндік береді. Осының 
не гізінде мектеп жасындағы балалар 
мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін 
мы надай кезеңдерге бөлу қабылдан-
ды: 
1) бастауыш сынып жасындағы 
кезең (6 жастан 10 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жет-
кіншектік кезең (11 жастан 14 жасқа 
дейін);
3) орта мектеп шағындағы жас-
өспірімдік кезең (14 жастан 17 жасқа 
дейін).
Соңғы жылдары қабылданған жас 
кезеңдерінің сызбасына жаңа ту ған 
баладан бастап жасөспірімдік ке-
зеңдерге дейінгі өзгерістер кіреді. 
Олар дың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен 
бір-екі айға дейін);
2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан 
бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 
жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ 
(4 жастан 6 жасқа дейін); 
5. Бастауыш мектеп жасы (6 жас-
тан 10, 11 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (10, 11 жастан, 
14 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14 жастан, 
17 жасқа дейін).
Тәрбие мен оқыту осы жас са-
тыларына сәйкес жүргізілуі керек. 
Әрбір жас шағы психикалық да-
мудың ерекше сапалы кезеңі бо-
лып табылады және бала дамуының 
осы кезеңіндегі жеке басының өзін-
дік құрылымының жиынтығын құ-
растыратын көптеген өзгерістер мен 
сипатталады. Осыған байланысты 
әрбір педагог-маман орта мектеп 
оқушыларының жас кезеңдерінде-
гі ерекшеліктерге сергек те сезімтал 
көзқараспен қарап, олардың жан дү-
ниесін түсіне білуі шарт. Мектепке 
дейінгі балалық шақта, жас баланың 
4 пен 6 жасының аралығындағы өзіне 
тән ерекшеліктері, оның айналасын-
дағы болып жатқан құбылыстарды 
жіті аңғарып, көргені мен сезін-
гендерін зердесіне хаттай жазып 
қоятын зеректігін ескерген жөн. 
Әрдайым қозғалыс үстінде жеті-
ле дамыған балалардың денесі мен 
салмағы да бірқалыпты мөлшерді 
сақтап, өсіп отырады. 4-5 жасар ба-
лалардың салыстырмалы ойлай ала-
тын қабілеттері ерекшелене түседі. 
Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз 
және көп сандарды, айдың, күн, жыл 
мезгілдерін айыра алатын деңгейге 
жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, 
әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, 
белгілі бір мақсаттарды орындауға 
ұмтылыс жасайды. Мұндай жастағы 
балалар топ-топ болып, өзара бірігіп 


31
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ойнағанды жақсы көреді. Баланың 
мектепке 6 жасында баруы – негізі-
нен биологиялық және физиология-
лық заңдылықтарды басшылыққа 
алудан деп түсінген жөн. Дені сау 
боп дүниеге келген балалар, қашан 
да алғыр, зерек, бір нәрсені ұғып 
алуымен ерекшеленеді. Олар айна-
ласындағы құбылыстарды тез байқап 
қабылдауға да бейімді. Жете түсінген 
құбылыстарын өмір бойы ұмытпай-
тындықтары да белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет