Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет13/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   195
кітап тарбие туралы

Төменгі сынып оқушысын дамы-
ту және тәрбиелеудің ерекшелігі. 
Бас тауыш мектеп жасындағы ба-
ланың психологиялық ерекшілікте-
рі баланың бұрынғы дамуында жи-
нақталып, оны өз кезегімен дамудың 
келесі сатысына көшуге дайындап 
отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі 
сынып оқушыларының ерекшелік-
терін зерттей отырып, сол ерекше-
ліктерді мектепке дейінгі шағында 
қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек 
алып қарай алмайды. Мектептегі 
тәрбие оның бүкіл өміріне түбегейлі, 
сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз 
балалық шақ аяқталып, баланың 
өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі – 
оқып-үйрену енеді. Оқу міндетті іс 
болып табылғандықтан, ол баладан 
белгілі бір жауапкершілікпен еңбек 
етуді талап етеді. Мектепке бару ба-
ланың қоғамдағы және отбасындағы 
жағдайын өзгертіп, оған бірқатар 
жаңа міндеттер жүктейді. Осының 
бәрі баланың қоғамдағы жағдайын 
өзгертіп, бұл өзгерісті ол біртіндеп 
сезінеді. Төменгі сынып оқушылары 
біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-са-
лалы өміріне бауыр басып, өздері-
нің түсініктерін кеңейтіп, сөздік 
қорын молайтып, оқуға, жазуға, са-
науға үйренеді. Оқытудың алғашқы 
сатысында олардың өмірлік тәжі-
рибелері арта түседі. Бірлесіп оқу
жалпы оқу тапсырмаларын шешу, 
мінез-құлықтың жаңа ережелері мен 
нормаларын игеру балалар арасында 
қарым-қатынастардың қалыптасуы-
на жағдай туғызады. Төменгі сынып 
оқушыларының ойлауын дамытуда 
екі негізгі саты байқалады. Бірінші 
сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына 
дейінгі баланың ойлауын еске тү-
сіреді. Екінші сатыда оқушылар зат-
тар мен жағдайларды сыртқы белгісі 
бойынша бағалайды. Есейе келе ой-
лау сипаттары өзгереді. Оқушылар 
білуге әуесқой болғандықтан, олар-
дың табиғат құбылыстары, адам-
дардың өмірі туралы сұрақтары 
көбейеді. Шығармашылық ойындар 
ба ланың ақыл-ойын дамытады. Се-
зімдік көңіл күйінің көтеріңкілігі – 
олардың маңызды бір ерекшелігі. 
Оқу шылар ересек адамдармен, өзі-
нің құрдастарымен қарым-қатынаста 
бол ғанды жақсы көреді. Бұл жастағы 
балалардың негізгі іс-әрекеті оқу 
болып табылады. Бастауыш сынып 
оқушылары ұзақ уақыт бірқалыпты 
отыра алмайтындықтан, сабақта 
жазу мен оқуды алмастырып, сергі-


32
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ту сәттерін өткізіп, сыныптың ауа-
сын тазартып, үзіліс кезінде мектеп 
ауласында ойындар ұйымдастыру 
керек. Мұғалім оқыту процесін жеке 
бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл 
тапсырмалар беріп, оларды бірте-бір-
те күрделендіріп отырады. Оқыту 
процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге 
бағытталуы керек. Оқуға және қоғам-
дық жұмыстарға байланысты талап-
тарды жүйелі қойып, оның орында-
луын бақылау, өзіндік жұмыстарды 
орындату, іс-әрекетті түрлендіру, 
ойындарды қолдану, балалардың 
еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма 
орындаудың қажет екендігін түсінді-
ру арқылы мұғалім оқушының оқуға 
деген жауапкершілігін тәрбиелейді. 
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ой-
лайды, сондықтан көрнекілік әдісте-
рі мен ойындарды жиі қолдану пай-
далы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене 
жаттығулары, ойындар баланың есте 
сақтау қабілетін дамытады. Баста-
уыш мектеп оқушыларының оқу 
мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күр-
делі бағдарлама, оқулықтармен оқыту 
өте маңызды іскерлік, атап айтсақ өз 
ойын ауызша, жазбаша түрде беруге 
үйретеді. Бұл жастағы балалармен 
тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру 
үшін мына ерекшелікті ескеру керек: 
сөз бен істің сәйкес болуын талап ету, 
жөнсіз кінәлаудан жиіркену сезімінің 
болуы, үлкен адамдардың жіберген 
қателігін тез байқау, арманшыл-қиял-
шыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, 
өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, 
түрлі спорт ойындарына ықыласты 
болу. Осы ерекшеліктерді оқу-тәр-
бие жұмысында сынып жетекшілері, 
мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет. 
Адамгершілік тәрбиесінде баланың 
әдептілігін, сенгіштігін, еліктеуге 
бейімділігін пайдаланып, қателігін 
мойындауға үйретуге болады. Мұға-
лімнің оқушымен қарым-қатынасы, 
жайдары ізгі қатынасқа көшуі, ба-
ланың өзін тануына көмектесуі адам-
гершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше 
көңіл аударатын мәселе – баланың 
мінез-құлқының көпшіл де кең пейіл-
ді болуы. Бұл жастағы балалар үшін 
еңбектің тәрбиелік мәні зор. Бала-
ларды бірте-бірте еңбекке баулу от-
басында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ 
уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін 
жұмыстарға әлі қабілетсіз болатын-
дығын ескеру керек. Еңбек іс-әреке-
тімен жүйелі айналысу, оны бірте-бір-
те күрделендіру, өндіріс орындарына 
экскурсияға апару, мамандықтармен 
таныстыру тұлғаның әлеуметтік 
құнды сапаларын қалыптастыруға 
көмектеседі. Төменгі сыныпта өзі-
не-өзі қызмет етудің әдеттері мен 
дағдылары қалыптасады. Үлкендер-
дің еңбегін құрметтейді, адам өмі-
ріндегі еңбектің ролін түсініп, дене 
еңбегіне даяр болады, дүние туралы 
ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет 
икемділігі дамиды. Мектептің ең не-
гізгі міндеті – балаға білім атаулының 
әліппесін үйретумен қоса, оның 


33
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
өмірдегі өз орнын табуына көмек-
тесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда 
ең бастысы – ақыл-ой, адамгершілік, 
еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін 
өзара байланыста кешенді жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет