Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет23/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   195
кітап тарбие туралы

4. Тәрбиедегі ынталандыру әдіс-
тері. Олар жалпы білім беретін мек-
теп оқушыларының іс-әрекеттерін 
қуаттау немесе айыптау, олардың 
жағымды іс-әрекеттерін мақтау, ал 
теріс қылықтарын тежеу мақсатында 
қолданылады. Бұл әдістерді қолда-
нуда педагогикалық-психологиялық 
тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі 
бала тәрбиенің тек қана объектісі 
емес, тәрбиенің субъектісі болып та-
былатындығы. Баланың табиғатында 
«Мен өзім» деген белсенділігі бар, 
ол тәрбиеленушілердің әрекетіне жә-
не өздерінің мінез-құлықтары мен 
іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің бер-
ген бағасына енжар қарамайды. Сон-
дықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі 
тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.
Мадақтау – оқушылардың тәр-
тібін, мінез-құлқын бағалап және 
көтермелеп отырудың, педагоги-
калық ықпал етудің тиімді жолы. 
Мадақтау оқушының өзінің адам-
гершілігін сезінуіне, мінез-құлқы 
мен көңіл күйіне бақылау жасауға, 
өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. 
Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің 
мінез-құлқы қандай болуы керектігін 
түсінеді, жағымды мінез-құлықты 
дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, 
өзіне сенімділігі артады, жақсы іс-
терді жалғастыруға тырысады. Ма-
дақтаудан алған әсері оқушыны теріс 
әрі келеңсіз істерден сақтандырып 
отырады. Мадақтау түрлері: алғыс 
айту, мақтау, сыйлық беру, марапат-
тау. Жазалау – жағымсыз мінез-құлқы 
мен іс-әрекетінің теріс екендігін ба-
лаға ұғындыру және істеген теріс 
ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі 
жазалау шарасына өте сақтықпен қа-
рауы тиіс. 
Оған қойылатын талаптар:
• жазаны талап қою әдісімен ұш-
тастыру;
• жазаның кек алу, баланың жеке 
басының адамгершілік қасиетін кемі-


54
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде 
болмауы;
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза 
балаларды тәрбиеленушілерден алыс -
татып, ұжымнан бөлектенуіне әке-
ліп соғады, жаза қолдануда ұстаздық 
әдепті сақтау. 
Тәжірибелі ұстаздар оқушылар 
ұжымының көмегіне, қолдауына 
сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жаза-
лайды. Жазаның түрлері оқушылар-
дың жас және дара ерекшеліктеріне 
сай болып, тәрбиенің басқа тәсілде-
рімен байланысты болуы шарт. Жа-
залаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б. 
Жарыс жастардың бір-бірімен еңбек-
тегі, спорттағы, өнердегі табыстарын 
көрсету үшін қолданылады. Жарыс 
оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, 
жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына 
мүмкіндік туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет