Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет19/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   195
кітап тарбие туралы

4. Дүниетанымды қалыптас-
тырудың жолдары мен құралдары. 
Дүниетанымның қалыптасуы педа-
гогикалық үдеріс ретінде, объектив-


45
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ті түрде әдіснамалық идеялардың 
реттелген жиынтығын оқушылар 
игілігіне айналдыруды талап етеді. 
Оқушылар материалистік диалекти-
каның мынадай заңдары мен катего-
рияларын игерулері қажет: дүниенің 
материалдығы мен танымдылығы; 
қозғалыс – материяның өмір сүру 
формасы ретінде; материяның бі-
рінші, сананың екінші болуы; қа-
рама-қайшылықтардың 
бірлігімен 
күресі; себепті байланыс – бол-
мыстың жалпы заңы; сандық өзгеріс-
тердің мөлшерден шығып кетуі мен 
олардың сапалық өзгерістерге айна-
луы; дамудың үздіксіздігі; себеп-сал-
дар диалектикасы; құбылыс-мәнді-
ліктің көрінісі ретінде; мүмкіндік 
пен шындық; практика – таным не-
гізі, ақиқат өлшемі. Дүниетаным 
қалыптасуының біртұтас процесі бі-
лім берудегі сабақтастық, оқу пәндері 
арасындағы өзара байланыс арқылы 
жүзеге асады. Оқыту – оқытушы мен 
оқушының бірлескен іс-әрекетімен 
сипатталады, іс-әрекеттің мақса-
ты – оқушыларды дамыту, олардың 
бойында білім, білік, дағдыларды, 
яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы 
бағыттық негізін қалыптастыру. Кез 
келген аналитикалық іс-әрекеттің 
нәтижесінде (түсінікте, идеалдар-
да, теорияларда) білім де, іс-әрекет 
әдіс-тәсілдері де бар. Осының бар-
лығы оқушы бойында білім мен бі-
лікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды 
дамытуды талап етеді. Ғылыми білім 
құрылымында екі деңгейі бар: эм-
пирикалық және теориялық. Дүние-
таным – жекелеген білімдерден емес, 
заманның талабына сай білімдердің 
құрылымын қамтитын, әдіснамалық 
идеялар, теориялар мен принциптер 
негізінде ұйымдастырылатын жүйе. 
Оқушылардың меңгерген білімдер 
жүйесі әрдайым қозғалыста болады, 
басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, 
оларды пайдалану міндеттеріне сәй-
кес жалғасады.
Білім берудегі тұлғаның қызметін 
зерттеуші М.Н. Скаткин: «Түсініктер-
ді, ұғымдарды, заңдарды оқушылар-
дың басына жаттанды түрде сіңіруге 
болмайды. Оларды оқушының өзі, 
мұғалімнің басшылығымен, көме-
гімен қалыптастыруы қажет. Білім 
түсініктерінің пайда болуы, заңдарды 
жете түсінуі – оқушының ойлау мен 
іс-әрекетінің белсенді процесі», – деп 
келтіреді. 
Оқу жеке тұлғаның іс-әрекетінің 
басты нәтижесі олардың бойын-
да теориялық сана мен ойлаудың 
қалыптасуы 
болып 
табылады. 
Оқу іс-әрекетінің психологиялық 
мазмұны іс-әрекеттің жалпы тәсіл-
дерін, білімдерді меңгеру болып 
табылады. Білімді сенімге айналу 
үшін жеке тұлғаның қажеттіліктері-
нен, әлеуметтік үміт пен құндылық 
бағыттарынан биік болып тұрған 
көзқарастарының жалпы жүйесіне 
және оның сезіміне айналуы қажет. 
Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет 


46
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
оқушыларды әлеуметтік жан-жақты 
ақпаратпен, саяси қарым-қатынас 
тәжірибесімен қаруландырады. Ол 
оқушының ішкі жан-дүниесін, бел-
сенді жасампаздық қажеттілігін 
дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет