49
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі
және оның қоғамдық мәні
оқушылармен әңгімелескенде, олар-
дың ойын тыңдап, онымен санасады,
ынтымақтаса жұмыс істеп, адам-
ның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына
қойылатын талаптарды бұзған оқу-
шылардың іс-әрекетін талдайды.
Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне
әсер ететін жағдайлар:
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің
мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне
көмектесу;
• бір мәселе төңірегінде бірнеше
пікірлердің айтылуы;
• әңгіменің дайын жауаптарының
болмауы;
•
баланың өз ойын айтып, басқа-
лардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, мұға-
лімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша
шыдамдылық көрсетуі;
• әңгімені жалықтыратын лекция-
ға айналдырмау;
• әңгіменің әсерлі жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға
көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың
өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды
бір-бірімен салыстыру,
дұрыс пікір
шығару;
• жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• мұғалімнің артық сөздер айтпа-
уы, т.б. жатады.
Мұғалім тәртіп бұзған оқушы-
лармен жеке сөйлесіп, оның қателігін
өзіне әдепті түрде түсіндіреді. Әңгіме
тақырыбына байланысты техникалық
құралдар қолданылады. Әңгіме мұға-
лімнің қысқаша сөзінен басталады.
Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы
сұрақтар қойып, сараптап, талдатып,
қорытындылайды.
Пікірталас. Пікір білдіру, баға
беру оқушының дүниеге сенімін арт-
тырып, ондағы қателіктер мен кейбір
адамдардың жалған көзқарастарымен
күресуге үйретеді.
Пікірталас оқушылардан ақыл-ой
қызметін, сезім белсенділігін талап
етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес
бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын
тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп,
қолданылатын әдебиеттерді ұсынып,
оқушыларды
пікірталас ережеле-
рімен таныстырады.
Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқу-
шыларға жаңа ережелер басқа адам-
ды құрметтеу, өзін басқа кісінің орны-
на қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны
сызу, дөрекілік жасау теріс қылық
екенін түсіндіре берудің қажеті бол-
мағандықтан, басқа әдіс қолдану
керек. Мұғалім адамшылық қасиет
туралы баланың пікірін сұрап, оқу-
шыны жақсы сапалардың қажеттігіне
сендіріп, баланы теріс қылығы үшін
ұялтып, түзетуге бағыттайды.
Өнеге. Мұғалім оқушыларға әде-
биеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкер-
лерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі
жан дүниесіне үңіле бастайды. Бала
басқа адамға еліктегіш. Бастауыш
сынып оқушылары барлық адамдарға
50
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
еліктейді. Жеткіншектер өздері таң-
даған адамдарына еліктейді. Балалар
әдеби және тарихи кейіпкерлерге,
құрбыларына, ересектерге, ата-ана-
ларына, мұғалімдерге, бұқаралық
ақпарат құралдарының, өнердің жас
ұрпаққа үлгі ететін адамдарына елік-
тейді.
Сендіру. Мұғалім өз пікіріне ба-
ланы сендіргісі келіп,
оған былай
дейді: Оқушыға сабаққа кешігудің
зияндығын дәлелдеу үшін: «Бәрі-
міздің ойымызды бөліп жіберетін-
діктен, адамдардың кешіккені ұна-
майды», – дейді. Мәдениеттіліктің
пайдасына оқушының көзін жеткізу
үшін мұғалім: «Суды стақанмен іш,
ыдыстың аузынан ішуге болмай ды», –
дейді. Мұғалім балаға қарым-қа-
тынастың маңызын ашу үшін: «Сен
газетті үйіңе ұмытып кеткендік-
тен, сынып сағатымыз ойдағыдай
өтпейді», – дейді. Диалог әдісін
қолданатын мұғалім: «Мен осылай
ойлаймын, сендер қалай ойлайсың-
дар?» – деп сөйлеседі.
Пікірталас
жұмыс барысында пайда болады
немесе оны мұғалімнің өзі ұйым-
дастырады. Көркем шығармадан
алған әсерін мұғалім оқушыға
былай білдіреді: «Мына портретте-
гі адам екінші портреттегі адамға
қарағанда әдемі», «Сенің ақылың
бар ғой, ренжіткен құрбыңнан ке-
шірім сұра», – деп мұғалім балаға
нұсқау береді. Ол жасырын түрде
болғандықтан, бала басқаша қа-
былдайды.
Ертегі, әдеби кітаптар, мерзім-
ді баспасөз материалдары мектеп
жасындағы оқушылардың адамгерші-
лік санасын қалыптастыратын құрал-
дардың бірі. Оқушылар жағымды
кейіпкерлерге еліктеп, жамандықтан
аулақ болуға үйренеді. Көзін жеткізу
тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсіл-
дері арқылы жүзеге асатын, балалар
көзқарасына ықпал етудің педагоги-
калық тәсілі болып табылады.
Қоғамдық пікір. Балаларға тәр-
биешінің қоятын талабы ең алдымен
ұжымның талабы екендігін түсінді-
ру керек. Ұжымның талабы – жалпы
қоғамдық пікірдің көрінісі. Қоғам-
дық пікір – ұжымдағы іс-әрекетті
ұйымдастыру және мінез-құлықты
қалыптастырудың негізгі әдісінің
бірі. Қоғамдық пікір ұжым мүшесі-
нің, жекелеген топтардың іс-әрекетін,
қылығын бағалауда қолданылады.
Қоғамдық
пікірдің негізгі нысанда-
ры – ұжым мүшелерінің жиналыста,
жиындарда, митингіде, жергілік-
ті баспасөзде және дөңгелек үстел
басында, ашық әңгімеде, кемшілік-
терді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге
асырудың жолдарын белгілеуі.
Достарыңызбен бөлісу: