Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет27/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   145
сәулеттік материалтану

33
 
Еден мен сатыны қаптауға арналған тас үшін желінушілік деңгейін 
білу керек. Шартты таулы түрлер желінушіліктің бес деңгейіне 
бөлінеді:
1. — кварциттер мен гранит тобының түрң; 
2. — базальт, майдакристаллды мәрмәр; 
3. —борпылдақ базальт,құмдақ, доломит, мәрмәр; 
4. — травертин,әктас, туф; 
5. —борпылдақ әктас. 
Су сіңіру мен суыққа төзімділік тас қуысы саны мен түріне 
байланысты. Жоғары су сіңірушілік пен төмен кеуектілікте қатқан су 
жарықтар жасайды, ал тастың жоғары кеуектілігнде кристаллданған 
қысым тең бөлінеді және жаңа жарықтар пайда болмайды (жарқын 
мысал ретінде әктас саналады). Фасадты әрлеуде сыртқы қолайсыз 
факторлар әсерінен бұзылмайтын түрлерді қолданған жөн, мысалы 
гранит пен әктас. 
Ұзақмерзімділік бойынша табиғи тасты салыстыру 3.1 кестеде 
көрсетілген. 
Табиғи тас материалы шикізат және дайын материалдар мен 
өнімдерге бөлінеді. Шикізат материалдарына шағыл, қиыршық тас 
пен құм (ерітінді мен бетон толтырғыштар) жатқызылады. Әктас, бор, 
доломит пен саз тұтқыр зат өндіру үшін шикізат ретінде саналады. 
Базальт, диабаз, андезит пен кварцит қышқылға төзімділігі жоғары 
және қышқыл ортада жұмыс істейтін конструкцияны қаптау мен 
қорғау үшін қолданылатын тақтай мен кірпіш жасауда қолданылады. 
Хризотил-асбесттің беріктігі, отқа төзімділігі, сілтіге төзімділігі 
жоғары; асбестцементті өнім, оттан қорғайтын материал (асбест 
картоны) алу үшін қолданылады. 
Дайын өнімдерге қабырға мен фундамент (блок, шойтас), 
ғимаратты қаптау (тақтай) мен жол салу (тас, кеспе тас мен бүйірлі 
тас) материалына жатқызылады. 
Ғимараттың сыртқы қаптауы тығыз және атмосфералық тұрақты 
түрлерден, әсіресе терең магмалық немесе тығыз әктастардан 
жасалатын тақтай мен фасондық бөлшектерден жасалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет