36
4 бөлім
КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
4.1
.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Керамикалық деп кезекті кептіру мен күйдірумен
жасау арқылы
әртүрлі саз массасынан алатын жасанды тас материалы аталады.
Содан кейін керамикалық материалдар едәуір беріктік, суға
төзімділік, суыққа төзімділік пен тастың
басқа қасиеттеріне ие
болады.
Күйдіруден кейінгі өнім керамикалық сынық деп аталады.
Барлық керамикалық материалдар сынық құрылымм бойынша масса
бойынша су сіңіруі 5%-дан артатын (кәдімгі, қуыс және қаптау
кірпіші, жабынқыш, керамзит, қаптау тақтайы, дренажды құбырлар)
кеуекті және су сіңіргіштігі 5%- ға жетпейтін тығыз (еден,
кәріз
құбыры, қышқылға төзімді кірпіш пен тақтай тақтайшалары) болып
бөлінеді.
Сыртқы түрді жақсарту пен сыртқы әсерге тұрақтылықты
арттыру үшін өнімді декоративті қабатпен – әшекей немесе ангобпен
қаптайды. Әшекейлер – әртүрлі түстегі
әйнектектес беткі
жабындылар, олар тұнық немесе қалың болады. Оларды әйнек
шихтасынан жасалған дайын өнімінің бетіне ұнтақты жағу мен еруге
дейін күйдірумен бекіту арқылы алады.
Ангоб — күйдірілмеген өнім бетіне жұқа қабатпен жағылатын ақ
немесе түсті жанатын саздың жұқа қабаты. Күйдіру барысында күңгірт
қабатты түсті жабынды пайда болады. Қолданыс бойынша керамикалық
өнімдер келесідей бөлінеді:
▪
қабырғалық (кірпіш және керамикалық тастар);
▪
шатыр (жабынқыш);
▪
фасадты қаптау өнімдері(беткі кірпіш,тақтайлар және т.б.);
▪
қабырғаның ішкі қаптау өнімдері (тақтайлар);
▪
еден мен жол материалдары (тақтай, кірпіш пен клинкер тақтайы);