92
Электр зарядын өткізетін немесе өткізбейтін
денелерді анықтау
үшін тағы да тәжірибеге жүгінейік. Электр зарядын өлшейтін екі гра-
дуирленген электроскоп алып (сурет 4.4,
б),
оларды бір-біріне жақын
орналастырайық. Олардың біреуін зарядтайық та,
оны металл шыбық
арқылы екіншісімен жалғастырып, тілшелерінің қозғалысына зер сала-
йық. Сонда зарядталған электроскоптың зарядының азайғанын, ал оның
есесіне екінші электроскоптың сонша зарядты иеленгенін көреміз. Бұдан
металл шыбығының бойымен
зарядталған бөлшектердің бір электро-
скоптан екінші электроскопқа өткенін көреміз.
Өткізгіштер
деп электр тогын (бағытталған еркін зарядтарды)
өз бойынан өткізе алатын заттарды айтады.
Металдар (сурет 4.4,
ә) мен
тұздардың судағы ерітінділері, қыш-
қылдар мен
сілтілер, көмір мен
мыс купоросы жақсы өткізгіштер болып
табылады.
7. Жоғарыдағы тәжірибені металл шыбығының орнына шыны шыбы-
ғын пайдаланып, қайта жасап көрейік. Бұл жолы зарядталған электро-
скоп зарядын өзгеріссіз сақтап, ал екіншісі бейтарап қалпында тұра береді.
Достарыңызбен бөлісу: