Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби тiлi



бет2/27
Дата09.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#124791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Дыбыстау мүшелері

Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан жасалады. Дыбыстау мүшелерінің жиындығы сөйлеу аппараты деп аталады (аппарат-мүше деген сөз). Қазақ тіліндегі дыбыстау мүшелері, негізінен мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, таңдай, ерін, тіс т.б.

Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың бойына орналасқан. Дыбыстау мүшелері дыбыс шығару қасиетіне қарай негізінен үш топқа бөлінеді:


  1. Тыныс мүшелері.

  2. Тамақ мүшелері.

  3. Қуыс мүшелері.


Тыныс мүшелері

Тыныс мүшелерінің бастысы - өкпе. Өкпе қолқамен ұштасады. Қолқа екі тарамданып, жоғары жақтан кеңірдекпен жалғасады. Өкпе көрік секілді. Бірде ауаны сыртқа жібереді. Яғни экспирация жасалады. Ал бірде ауаны ішке тебеді, яғни инспирация жасалады. Ауаның кеудеге енуі өкпенің аясын кеңейтеді, ол ауаның кеудеден шығуы өкпенің аясын тарылтады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады.



Тамақ мүшелері

Тамақ мүшелерінің бастысы - дауыс шымылдығы. Тамақ - кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы. Тамақтың сырт жағында жұтқыншақ, ал іш жағында дауыс шымылдығы болады. Кеңірдектің арт жағында өңеш болады. Тамақ, пен кеңірдек-ауа, дыбыс жүретін жол. Өңеш - тамақ жүретін жол. Тамақтың іш жағында қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің сыртқы екеуі жалған дауыс шымылдығы болса,: ол астьңғы екеуі нағыз дауыс шымылдығы болып табылады. Дауыс шымыдылғының арасы дауыс түтігі деп аталады. Дауыс шымылдығы ауаға тосқауыл жасайды. Ол кейде керіліп, кейде жиырылып тұрады. Дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болады. Сөйтіп, одан үн болмайды, үн де шықпайды. Үнділерді айтқанда дауыс шымылдығы жиірек дірілдейді. Ал, ұяңдарды айтқанда сирегірек. Қатанда діріл болмайды.



Қуыс мүшелері

Қуыс мүшелері кызметіне қарай үш топқа бөлінеді:



  1. Тамақ қуысы.

  2. Ауыз қуысы.

  3. Мұрын қуысы.

Тамақ қуысы жоғарыда айтқандай тамақтың жоғары жағында, ауыз қуысының арт жағында болады. Тамақ қуысынын жиырылуынан салдыр пайда болады. Тамақ қуысы дауыстылардың әуенін жасауға қатысады. Ауыз, мұрын қуысы да дыбыстарға жаңғырық қосып, резонаторлық қызмет атқарады. Ауыз қуысындағы мүшелер: бұл мүшенің бастысы - тіл. Тіл өте жылжымалы келеді. Ауыз қуысындағы өзге мүшелерге қақтығысып ілгері - кейін жүйткіп отырады. Тіл қимылы арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстар жасалады. Тіл мен тістің қимылы арқылы т, д дыбыстары жасалады. Мысалы: к, ғ, к, г сияқты тіл арты дыбыстары жасалады. Ауыз қуысындағы мүшелердің бірі - ерін. Дыбыстарды шығаруда үстіңгі еріннен гөрі астыңғы еріннің қызметі мол. Ерін қызметі аркылы еріндік дауыстылар жасалады. Мысалы: о, ө, ү, ү, у. Сондай-ақ дауыссыз дыбыстар да жасалады. Мысалы: б, м, п. Ауыз қуысындағы тағы бір мүшенің бірі - таңдай. Дыбыстардың жасалу орнына қарай бұл мүше үш топқа бөлінеді: 1. Алғы таңдай. 2. Орта таңдай. 3. Артқы таңдай.

Алғы таңдай. Үстінгі күрек тіс тұрған қызыл иекпен (альвеолярмен) ұштасады. Дауыссыздар альвеоляр арқылы көп жасалады.

Артқы тандай кішкене тілмен жалғасады. Кішкене тілдің екі түрлі қызметі бар: 1. Кішкене тіл ауыз жолын бөгейді. Мұнда іштен шыққан ауа мұрын жолы арқылы өтеді, яғни м, н, н дауыссыздары жасалады. Іштен шыққан ауаны фонациялық ауа деп атайды.

2. Кішкене тіл мұрын жолын бөгейді. Онда фонациялық ауа ауыз жолы арқылы өтеді. Ауыз қуысы бірде тартылып, бірде керіліп тұрады. Мұндай кезде иектің қызметі мол. Иекпен ұласып жатқан мүше - тіл. Ол кейде төмен түседі. Онда ауыз мол ашылады. Ал, иек жоғары көтерілсе, ауыз тар ашылады. Тіліміздегі дауыстылар ауыздың кең және тар ашылуына байланысты ашық және қысаң дауыстылар болып екіге бөлінеді. Мұрын қуысы арқылы көбінесе үнді дауыссыздар жасалады.Үнді дауыссыздар жасалу орны ауыз қуысы болғанмен фонациялық ауа мұрыннан шыққандықтан оларды мұрын жолды үнділер дейді. Дыбыстау мүшелерінің қызметі кейде актив, кейде пассив болады. Актив мүшелер жылжымалы келеді. Ал, пассив мүшелер онша көп әрекет жасалмайды. Тіліміздегі дыбыстардың көбі актив мүшелердің қимылынан пайда болады.


Дыбыстарды жіктеудің критериялары

Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі-қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым - белгі, ерекшеліктер мынандай болып келеді.

1.Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.

2.Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл сәл артқа тартылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай тартылып (езулік болып) ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен, п дыбыстан айтқанда екі ерін ғана қозғалысқа түседі.

3.Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі –дыбыстарды жіктеудегі басты айырым белгі.

4.Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.

5.Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокаль) дауыстылардың осы қасиетіне негізделген.

6.Дауыстылардың дауыссызға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат, ет, от, өт сөздерінің құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатыны айтылды.

Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді. Мұның өзі дауыстыларды оқытуда, оларды танып-білуде ала-құлалық тудырып, көп қиындық келтіріп жүр. Тіліміздегі әр түрлі фонетикалық заңдылықтарды (сингармонизм, буын екпін т.б ) дұрыс меңгеру алдымен дауысты дыбыстарды нақты білумен байланысты.

А.Байтұрсынов: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. Соған қарай таңбалар да дауысты, дауыссыз болып бөлінеді» - дейді де, олардың бесеуі дауыстылардың таңбасы деп көрсетеді. Мұның өзі сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген . Жалпы ертелі-кеш жарық көрген оқулықтар мен зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны жеті-он бес болып келеді.

Қазақ тілінің байырғы төл сөздердің құрамында тоғыз (а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы.і) дауысты дыбыстар барлығы (мұның өзі жоғарыдағы пікірлердің бәріне ортақ) ешқандай дау тудырмайды. Бұл дауыстылар әсіресе тіліміздің кешегі В.В Радлов, П.М. Мелиоранский сипаттайтын тұрғысына толық сай келеді. Алайда қазір қалпын таныта алмайды.

Қазіргі тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екіншісінің қосқан – тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық – қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у (мысалы: бу,су, ки, қи т.б) дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, үу, ыу, у, ый, ій қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды (и,у әріптерін) дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың эксперименттік жолмен зерттеп жүрген Ә.Жүнісбеков және басқа ғылымдар байырғы сөздеріміздің құрамында кездесетін осы екі (и,у) әріпті дауысты дыбыстар деп қарамайды. Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда тіліміздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады: суы, буын, келуі, миы, тиын, тиін. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-ім, оқи-ын, су-ық) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы, келу-і,қи-ы) болады. Мұның екеуі де тіліміздің табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. И, у байырғы сөздеріміздің құрамында дыбыс бола алмайтын Ә.Жүнісбеков еңбектерінде әбден дәлелденген. Ал, қазақ тілінде 15 дауысты бар дейтін пікір тіпті де сын көтермейді. Бұл дыбыс пен әріптің шатастырудың нәтижесі ғана.
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктері қандай?

  2. Дыбыстардың акустикалық ерекшеліктері қандай?

  3. Дыбыстау мүшелерінің қызметі жайлы мәлімет бер.

  4. Дыбыстарды жіктеудің критериялары қандай? Дауысты және дауыссыз дыбыстардың өзіндік қасиеттерін Венн диаграммасы негізінде сипаттап көрсетіңдер.





Дауысты дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері
Қазіргі қазақ тілінде тоғыз (9) жалаң дауысты дыбыстар (монофтонг) бар. Олар мыналар: а, о, ә, е, ө, ы, і, ү, ұ. Сондай-ақ екі қосынды дауыстылар да бар (дифтонг). Олар мыналар: и және у дыбыстары. Дауысты дыбыстардың халықаралық термині вокализм деп жүргізіледі. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш топқа бөлінеді.

1.Тілдің қатысына қарай:

а) жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;

ә) жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,и.

Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелерімен салыстырғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады (ортасы көтеріңкілейді), жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарлары (а/ә, о/ө, ұ/ү, ы/і) қатар айтып көруге болады. Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жіктелуін дұрыс білмейінше, тіліміздегі ең күшті фонетикалық заң – сингармонизмді (оның ішінде тіл үндестігін) түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.

2.Еріннің қатысына қарай:

а) еріндік (лабиаль) дауыстылар: о,ө,ұ,ү, у;

ә) езулік дауыстылар: а,ә,ы,і,е,и.

Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп,сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып , езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді (оның ішінде ерін үндестігін) танып білуде мәні зор.

3.Жақтың қатысына қарай:

а) ашық дауыстылар; а,ә;

ә) жартылай ашық дауыстылар :о,ө,е;

б) қысаң дауыстылар: ұ,ү,ы,і,у,и.

Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі. Басқаша айтқанда, ашықтарды айтқанда екі жақ бір-бірінен қашықтай (ауыз ашыла) түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады.

Дауыстылардың жақтың қатысына қарай жіктелуін тілдің тік(вертикаль) бағытта қозғалуы түрінде де тануға болады. Өйткені тіл жақтың қалпына қарай жоғары , төмен қозғалатынын аңғару қиын емес. Орыс тілінде дауыстылар тілдің көлбеу (по горизонтали) және тік (по вертикали) бағытта қозғалуына қарай жіктеледі. Қазақ тілінде, сондай-ақ барлық түркі тілдерінде осы уақытқа дейін дауыстыларды ашықтар (а,ә,о,ө,і) және қысаңдар деп екіге бөліп келеді. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды арнайы зерттеп жүрген Ә.Жүнісбеков байырғы сөздеріміздің құрамында алты (а,ә,ұ,ү,ы,і) монофтонг (жалаң дауысты), үш (о,ө,е) дифтонг бар дейді.Сонда біздің о,ө,е дыбыстарымыздың әрқайсысы екі (дауссыз және дауысты) /о-у+ұ/уұ/, ө-у-ү/уү/, е-й-і/йі/. Егер мұны объективті шындық деп танысақ, онда бұл (о,ө,ә ) дауыстыларды ашықтан гөрі қысаң деп қараған жөн болар. Алайда бұлардың нағыз қысаңдардан (ұ,ү,ы,і) өзгешелеу өзіндік ерекшеліктерін де ескеру керек) атап айтқанда:

Кейбір екі буынды сөздердің екінші буындағы (дауыссыздар қоршауында тұрған) қысаңдар дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түсіп қалады. Мысалы: қорұқ, қорқ-а, қорқ-ақ, қорқ-ып, қорқ-ыңқыра, қорқыт, қорқ-у; үрүк: үрк-е, үрк-ек, үрк-ек, үрк-іп, үрк-іңкіре, үрк-іт, үрк-у; қырық: қырқ-а, қырқ-ыл, қырқ-ын, қырқ-ып, қырқ-у; ірік; ірк-е, ірк-іл, іркіңкіре, ірк-іс, ірк-іп, ірк-у. Ал ө,е дыбыстары екінші буында ешқашанда түспейді. О дыбысы байырғы сөздерде тек бірінші буында ғана айтылады, қалған буындарда кездеспейді.

Қысаң дыбыстар кірме сөздерге жамылып (протеза жасап) айтылуға бейім. Мысалы ұ-рұқсат, ү-рүстем, ы-рақмет, і-рәсім, ы-рас, (рас), ү-стел (стол), танк-і-лер т.б Сондай-ақ бұлар сөздердің екінші буынында кейде көмескеленіп (редукцияға ұшырап), әлсіз айтылады. Мектеп оқушылары жазуда оларды аңғармай қалатыны да содан. Мысалы жұд/рық, құм/ра, көк/рек,құд/рет, аз/рақ, қат/нас, тәж/рибе, қас/ірет т.б. Мұндай қасиет ө,е дыбыстарында жоқ дерлік. Рас о дыбысы да бірер сөзде протеза түрде кездеседі: орыс(русс), орамал (румал), ораза( руза).

Дауыстыларды жақтың қатысына қарай жіктегенде елеулі белгі ретінде ұйқастың жасалуын ескеру керек болады.Өлең ұйқастарын жасауда буын құрамындағы дауыстылардың жақ қатысы жағынан деңгейлес болып келуі өте маңызды. Сонда ұйқасатын сөздердің буындары бірыңғай не ашық (а,ә) не қысаңдардан (ұ,ү,ы,і) тұрады екен.

Езулік дауысты дыбыстарға қосарлы и дыбысы да кіреді. Сондай-ақ орыс тіліндегі э дыбысы да енеді. Дауысты дыбыстардың былай бөлінуі еріннің артикулияциялық ерекшелігіне байланысты болады. Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай бөлінгенде, оның мынадай екі түрлі ерекшелігі ескеріледі: 1.Еріндік дауыстыларды айтқанда ерін алға қарай сүйірленеді. 2.Еріндік дауыстыларды айтқанда ерін дөңгеленіп барып бітеді. Осы екі артикуляциялық қызметінің нәтижесінде о, ө, ү, ү, у дыбыстары жасалады.

Езулік дауысты дыбыстарды айтқанда езудің мына сияқты артикуляциялық қызметі айқындалады. Езулік дауысты дыбыстарды айтқанда ерін кейін тартылады, езулік дауысты дыбыстарды айтқанда езу жиырылады. Соның нәтижесінде мынадай езулік дауыстылар жасалады: а, ә, ы, і, е (э) и. Біз жоғарыда дыбыстау мүшелерінің қимылына қарай дауысты дыбыстар үш топқа бөлінеді дедік: 1.Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай бөлінеді. 2.Дауысты дыбыстар иектің (жақтың) қатысына қарай бөлінеді. 3.Дауысты дыбыстар тілдің қалпына қарай бөлінеді. Дауысты дыбыстар тілдің қалпына қарай жуан (гуггураль) және жіңішке (платоль) болып бөлінеді. Жуан дауыстыларға: а, о, ы, ұ, (у) дыбыстары жатады. Жіңішке дауыстыларға ә, ө, і, ү, е(э), (у) дыбыстары жатады. Тілдің арты таңдайға қарай жиырылып, бүктеліп жатуынан жуан дауыстылар жасалады. Ал, тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтай айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады. Біз жоғарыда жақтың ашылуына байланысты дауыстылар екіге бөлінеді дедік. Жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң дауыстылар болып екіге ажыратылады. Ашық дауыстыларға: а. ә, о, ө, е, (э) дыбыстары кіреді де, қысаң дауыстыларға ы, ә,о,ө,е,э дыбыстары кіреді. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен жасалады. Ал, қысаң дауыстылар жақтың тар ашылуынан жасалады. Сондай-ақ дауыстылардың аралық белгілері де бар.



Ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылардың аралығындағы дыбыстар о, ө, ы дыбыстары. Дауысты дыбыстардың көбі ашық дауысты мен қысаң дауысты дыбыстардың арасынан орын алады. Бұл сияқты аралық дыбыстар не ашық, не қысаң дауысты дыбысқа бейімделуіне қарай екі топтың біріне шартты түрде бөлінеді. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай бөлінуі.

Еріндік дауысты дыбыстарда о фонемасы жатады. О фонемасы еріннің дөңгеленуі арқылы айтылатындықтан ерін дауыстысы деп жүргізіледі. Бұл фонеманы айтқанда иек а-ны айтқаннан гөрі жоғарырақ көтеріледі де, ы-ны айтқандағыдан гөрі төменірек түсіп, ауыз кең ашылып тұрады. Ауыз ашылу қалпы жағынан е-ге жуық айтылады да, бірақ тіл кейін жиырылып тұрғандықтан о жуан дауысты болып айтылады. О фонемасы қазақ сөздерінің сонында кездеспейді, сөз басында, ортасында ұшырайды. Мысалы: орақ, отан, қол, сол, Шолпан, қолқанат т.б. Бірақ интернационалдық сөздердің қай буынында болса да келе береді. Сөз соңында кездеседі. Мысалы: кино, пальто, бюро т.б. о фонемасының жіңішке сыңары ө фонемасы. О-ның жіңішке сыңарын корреляция деп атайды. Ө фонемасы тілдің ілгері жылжып жатуынан пайда болады. Ал ерін мен иек артикуляциясы жағынан о мен ө біркелкі жасалады. Яғни қос еріннің ала қарай сүйірленіп, дөңгеленуінен жасалады. Ө фонемасының жіңiшкелігі е тәрізді болып келеді. Ө фонемасы сөздің бас буынында, ортасында келе береді де, ал соңында қазақ сөздерінде де кездеспейді. Мысалы: өрік, өлке, өнер, төс. Ө фонемасы өзінен кейін келген е фонемасы айтылуда ө-ге ұқасата жымдасады. Мысалы: өте сөзі өтө түрінде айтылады.: төте-төтө, көсем-көсөм, күрек сөзі күрөк түрінде айтылады т.б. Ерін дауыстыларының тағы бір түрі - ұ фонемасы. Ұ фонемасы да ерін фонемасының қатарына кіреді. Бұл фонеманы айтқанда ерін о, ө фонемаларын айтқаннан гөрі сәл сүйірленіп тұрады. Бірақ тіл артикуляциясы жағынан о фонемасынан айырмасы жоқ. Бұл да жуан дауыстыларға жатады. Акустикалық жақтан қысаң дауысты дыбыс. Себебі жақтың болар-болмас ашылуы арқылы жасалады. Сондай-ақ иектін жоғары көтерілуінен, ауыздың тар ашылуынан пайда болады. Қазақ сөздерінің бас буынында, ортасында келе береді, Соңында, ешқашан кездеспейді. Мысалы: Ұ мен ұрық, кұлын, жұлын т.б. Ұ фонемасы сөз ішінде екінші буында келгенде тетелес тұрған ү фонемасының ыкпалымен ы дыбысы айтылуында ү болып естіледі. Мысалы: Құлын-кұлұн, құлық-құлұқ, құдык-күдүк т.б. Ерін дауыстылардың тағы бір турі -ү фонемасы. Ү фонемасы ұ фонемасының жiңішке түрі (корреляциясы).Бұл ү фонемасы да қос еріннің алға қарай дөңгеленіп барып, сүйірленуі арқылы жасалады. Осы ү фонемасы сөздің басында, ортасында кездеседі, сөз аяғында ұшырамайды. Мысалы: үкі, үміт, үкімет, түзім, жүзік т.б. Ү-фонемасы өзінен кейін келген езулік дауысты дыбысты нақ өзіндей еліктіреді. Мысалы: жүзік сөзі айтылуда жүзүк түріңде айтылады. Жоғырыда айтқандай езу дауысты дыбыстарды айтқанда езудің қимылы ерекше болады. Осы езу дауыстыларына а фонемасы жатады. Бұл а фонемасы дауыстылардың ішіндегі мейлінше ашық айтылатын дыбыс болып табылады. Осындағы а фонемасы иектің төмен түсуі арқылы дыбысталады. Жасалу орны жағынан тілдің кейін жиырылуынан пайда болады. Бұл дауысты дыбысты айтқанда еріннің сүйірленбей, керісінше тартылуы арқылы дыбысталғандықтан езу дыбысы деп аталады. Осы а фонемасы қазақ сөздерінін барлық ішінде (позициясында) яғни басында, ортасында, мағынада келе береді. Мысалы: ана, дала, қала т.б. Сондай-ақ а фонемасы көп буынды сөздегі біркелкі келген а фонемасы екінші буында күңгірттеу естіледі. Мысалы: балалар, шағалар. Осы сөздердің екінші буындары а өзге буындағы а дыбысына қарағанда күңгірттеу естіліп тұр. Бұл фонема түбір тұлғалы сөзде де, туынды тұлғалы сөзде де кездесе береді. Мысалы: қала, бала, қалалар. Мұнда көптік жалғауында кездесiп тұр. Сондай-ақ а фонемасы септік жалғауында да кездеседі. Мысалы: қалаға, далаға, қолыңа барыс септігінде, жатыс септігінде қалада, қаладан. Қазақ тіліндегі негізгі морфемада, яғни түбір сөзде а фонемасы кейде ә дыбысымен ауысып отырады. Мұндайда ол фонемалық қасиетке ие болады. Мысалы: мына сөздерді салыстырып қараңдар ал-әл сат-сәт т.б.

А фонемасы қосымшаларда да е фонемасымен ауысып отырады. Мысалы: колхоздар, сөздер, тауға-үйге, тауда-үйде.

Ә фонемасы, бұл а фонемасының жіңішке сыңары. Бұл а-дан жасалу жағынан ажыралады. Мысалы: а фонемасы тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалса, ә фонемасы тілдің ілгері созылуы арқылы айтылады. Ә фонемасы қазақ тілінде сирек кездеседі. Көбінесе сөздің бас буынында ұшырайды. Мысалы: әскер, әсем. А фонемасы ш, ж, й дыбыстарымен тетелес ә дыбысына айналып айтылады. Мысалы: жай-жәй, шай-шәй.

Езу дауыстылардың тағы бір түрi -е (э) фонемалары. Е фонемасы ауыздың орта шамамен ашылуынан, яғни тіл мен иектің шамалы төмен түсуінен пайда болады. Бұл фонема өзінің жіңішкелігі жағынан әнге жуық айтылады. Басқаша айтқанда тілдің алға қарай созылуы арқылы айтылады. Еріннің сүйірленбей, дөңгеленбей тартылуы арқылы айтылғандықтан е фонемасын езу дыбысы деп жүргізеді,

Грамматикалық тұлғада е фонемасы, а фонемасына комбинаторлық түрде ауысып отырады:

а фонемасы: қалалар, ауылға, қалада.

е фонемасы: кемелер, көлге, көлде.

Сондай-ақ бұл фонема сөздің барлық буынында кездесіп отырады. е фонемасы түбір сөзде де, қосымшаларда да кездесе береді. Мысалы: кеме, кемеге, кемелер бұл фонема жұрнақтарда да кездеседі. Мысалы: сөзшең, сүзе, көрпеше. Сондай-ақ бұл фонема жалғауларда да ұшырайды, көптік жалғауында кездеседі. Мысалы: сөздегi, етіктер т.б.

Езу дауыстылардың тағы бір түрі -ы фонемасы. Бұл фонема тіл мен иектің жоғары көтерілу қалпынан жасалады. Ауыз қуысының тарлау ашылып барып жасалуынан бұл фонема құлаққа келте естіледі. Сондықтан ы фонемасы акустикалық жақтан қысаң дауыстылар тобына кіреді. Бұл фонема қазақ тілінде өте жиі кездесіп отыратын дыбыстардан саналады. Бірнеше дауыссыздан басталған не бірнеше дауыссызға біткен интернационалдық сөзде де не ол сөздің алдынан, не ортасынан, не аяғынан ы фонемасы дәнекер болып, жапсырылып отырады. Мысалы: тротуар - тыротуар, станция- ыстанция.

Ы фонемасы қазақ сөздерінің барлық буынында келе береді. Түбір сөзде де, қосымшалы сөзде де өте жиі кездесіп отырады. Ы фонемасы жұрнақтарда да кездеседі. Мысалы: қалалық, балалық. Сондай-ақ жалғауларда да кездеседі. Мысалы: ілік септікте - қаланың, табыс септікте - қаланы, тәуелдік жалауда-қалаңыз, қаласы, жіктік жалғауда колхозшысыз, барамыз.

Қазақ тілінде р, л дыбыстарынан басталатын сөздер өте сирек боландықтан ауызекі тілде бұлардың алдынан жуан ы және жiңішке і селбесіп отырады. Мысалы: рахмет, лайық сөздері ырахмет, ылайық болып айтылады. Езу дауыстылардың тағы бір түрі -і фонемасы.

І-фонемасы ы дыбысының жіңішке сыңары. Бұл фонема тілдің артқа қарай жүйткуі арқылы жасалады. І-фонемасы сөз ішінде келуі тәртібі жағынан да, интернациональдық сөздерде дәнекер қызметін атқарады. I-фонемасы қазақ сөздерінің басында, ортасында, ін, іс аяғында келе береді: іні, түтін, бүтін т.б.

Түбір сөздерде алғашқы еріндік дауысты дыбыстардың әсерінен кейінгі буындағы і фонемасы айтылуда еріндік дауысты дыбысқа айналады. Мысалы: өрік, түтін сездері өрүк, түтүк болып айтылады.

Дифтонгоид дауыстылар

Қазіргі қазақ тілінде басқа түркі тілдері сияқты қосынды (дифтонгоид) дауыстылар бар. Осы дифтонгоид дауыстылар мыналар: у және и. Бұл фонемалар қосынды дыбыстардың орнына жұмсалады. Мысалы: бу, буын-бұу бұуын, ту, үу сияқты сөздерде у дыбысы үу дыбыстарының орнына қолданылады. Дауыссыз дыбыстан кейін келіп, дауысты фонемаға айналады. Сондай-ақ и қосынды дыбысы дифтонгоид ретінде жұмсала береді. И дыбысы қосынды жуан ый және қосынды жіңішке ій дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: жиналыс, Иса, тиын сөздерінде и дифтонгоид дыбысы жуан ый дыбыстарының орнына қолдынылып тұр. Сондай-ақ, и фонемасы жіңішке йи дыбыстарының орнына жұмсалады. Сондықтан бұл у және и дыбыстарын қосынды дыбыс немесе дифтонгоид дауыстылар деп атайды. Бұл дифтонгоид дауыстыларға тек қана екі сөз немесе ол сөзден өрбіген сөздер бағынбайды. Олар мыналар: сый, тый.


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Вокализм дегеніміз не?

  2. Дауыстылардың жіктелу тәсілдеріне мәлімет бер.

  3. Дифтонгоид дауыстылар туралы айт.

  4. Дауысты дыбыстардың жіктелу кестесін жасаңдар.

  5. Көркем шығармадан үзінді алып әрбір дауысты дыбысқа талдау жасаңдар.

Үлгі: ұстаздар

3 дауысты дыбыс бар

Ұ – жуан, қысаң, еріндік

А – жуан, ашық, езүлік

А – жуан, ашық, езүлік

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тілімізде дауыстыларға қарағанда дауыссыз фонемалар әлдеқайда көп. Оқулықтарда бұлардың саны 25 енді біреулерінде 26 болып келеді. «Қазіргі қазақ тілі» (фонетика, лексика) оқулығында: «Қазіргі қазақ тілінде мынандай 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, һ, ф, х, ц, ш, қ, ң, ч» – дейілген. Алайда бұларды топтастырған кезде (қатаңдардың құрамына ) 26-болып щ әрпі еніп кеткен. Қазақ тілінде 26 дауыссыз бар деушілер осы щ әрпін дыбыспен шатастырып жүр. Дұрысы щ дыбыс емес, әріп. Ол -созылыңқы (немесе қос) ш дыбысының таңбасы.

Сонымен қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Ал орыс тілінде мұның саны - 21. Олай болатыны, орыс тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып келуінде фонематикалық қасиеті бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады. Алайда бұл фонематикалық қасиет орыс тілінен қазақ тіліне неген сөздерде байқалмайды, сондықтан олар бас-басына (жуан,жіңішке боп) фонема бола алмайды. Азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тілінде ортақ дауыссыз фонемалар – он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, р, п, с, т, ш.

Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар – бесеу: ғ, қ, ң, у, һ.

Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар да бар: в,ф,х,ц,ч.

Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үш түрлі сипатта жіктеледі.

1.Дауыстың (салдырдан деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:

а)үнділер: л, м, н, ң, р, й, у;

ә)ұяңдар : б, в, г, ғ, д, ж, з;

б)қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч;

Ұяңдар мен қатаңдар үнсіздер деп аталады. Алфавит тәртібін жақсы білген жағдайда дауыссыздардың бұлай жіктелуін есте сақтау қиындық тудырмайды. Алғашқы 10 әріптің үшеуі (а,ә,е) дауыстылардың, қалған жетеуі ұяңдардың таңбасы шығады. Жеті ұяңның жеті қатаң сыңарын жақсы білу керек. Яғни:

Б, в, г, ғ, д, ж, з

П, ф, к, қ, т, ш, с

Үнділер - жетеу. Үш жерде жеті - 21. Қалған дыбыс (х, һ, ц, ч) қатаңдардың қатарынан орын алады. Бұлардың бір-бірінен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысу дәрежесіне байланысты. Сонда үнділерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс қатыспайды). Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор.Осыны білгенде ғана бала-ға, қыз-ға, ат-қа, ас-қа дегендерге неге қосымша ғ,қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағой болып кетеді дейтін сұрақтарға нақты жауап беруге болады.

2.Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге болады.

а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч,м,н,ң

ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф,в,с,з,ш,ж,х,ғ,һ,л,й,у

б) Діріл дауыссыз: р

Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабасып, ауа кілт үзіледі де содан соң шұғыл қайта жалғасады. Ал ызыңдарды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолы барынша тартылады, бірақ ауа біржола үзілмейді, сыздықтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.

3.Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді.

а) ерін (лабиаль) фонемалары : п,б,ф,в,м,у

ә) тіл (лингваль) фонемалары : т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,ң,н,л,р,й

б) көмей (фарингаль) фонемасы: һ

Ерін фонемалары іштей еріндік (п,б,м,у) ерін мен тіс (ф,в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п,б,м) немесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі (күрек) тіске жуысады.

Дауыссыздар фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады. Тіл фонемалары үшке бөлінеді:

а) тіл алды: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,н,л,р

ә) тіл ортасы: й

б) тіл арты: г,ғ,к,қ,ң,х

Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы, т.б. түрде бөлу ұшырайды. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиындатады және оның практикалық мәні де аз. Дауыссыздардың жасалуына дыбыстау мүшелерінің қатысын (артикуляциясын) білудің маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруін түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Мәселен, қан, қон сөздерінің соңындағы н дыбысы қосымша жалғанған кезде кейде н (айтылуын қанға, қоңған) кейде м (айтылуы қаммен, қомбады) болып өзгеруі тек артикуляциямен байланысты.

Жасалу немесе артикулияциялық орнына қарай дауыссыз фонемаларды 8 топқа бөлуге болады. Олар негізінен мыналар:


Сонымен үнсіздер туралы мынадай қорытынды пікір айтуға болады. Аздап дірілі, жаңғырығы бар, қарынсыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атайды. Ал дірілі, жаңғырығы жоқ қарыны күшті дауыссыздар қатаң дауыссыздар деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет