Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби тiлi



бет20/27
Дата09.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#124791
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, анау, мынау, сол, сонау, осынау, ана, мына, әне, міне деген сөздер жатады.

Сілтеу есімдіктерінің негізгі мағынасы - аралық қатынасты білдіру. Демек, сілтеу есімдікгері тілде сөйлеушіге алыс я жақын маңдағы заттарды, құбылыстарды сілтеу, нұсқау, көрсету үшін қолданылады.

Мысалы, -Анау бір тұрғандар да аттар мен шаналар ма? - деді Асқар, қораның басқа бір түкпірінде шоғырланған бірдемелерді нұсқап (С.Мұқанов). Сол үйдің өзінің иесі де болыс деген сөзді естідім (Бұл да). Бұл сұрау Байболға ауыр соқты (Б.Майлин).

Сілтеу есімдіктерінің барлығы бірдей септеле бермейді. Септелетін сілтеу есімдікгеріне мына сөздер жатады: бұл, сол, ол, осы, мына, ана. Сілтеу есімдіктерінің септелу үлгісі төмендегідей болып келеді:

Міне, әне, сонау есімдіктері септелмейді. Ал анау мынау, осынау сияқты түрлері тәуелденіп барып септеледі.

Сілтеу есімдіктерінің бәрі бірдей көптік жалғауын қабылдай бермейді. Ілік жалғаулары бұл, ол, мына, ана, осы, сол сияқты есімдіктерге ғана жалғанады.


бұл

сол

ол

осы

мына

ана

бұның

соның

оның

осының

мынаның

ананың

бұған

соған

оған

осыған

мынаған

анаған

бұны

соны

оны

осыны

мынаны

ананы

бұнда

сонда

онда

осында

мынада

анада

бұдан

содан

онан

осыдан

мынадан

анадан

бұнымен

сонымен

онымен

осымен

мынамен

анамен

Мысалы, Бұлар елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болуы керек (Б.Майлин). Олар ойын басталмай жатып қылжиып ұйықтап қалады,-деді Шормақ (Б.Мұқаев).

Сілтеу есімдіктерінің барлығының мағыналары бірдей бола бермейді. Олардың мағына жағынан бір-бірінен ерекшелігі бар. Бұл, міне, мына, осы сияқты сілтеу есімдіктері жақындағы затты нұсқап көрсетсе, сона, сонау, сол, ол деген қашығырақтағы, алысырақтағы затты сілтегендікті білдіреді.

Сілтеу есімдіктерінің мағынасын профессор А.Ысқақов екіге бөліп қарастырады: «Біріншіден, сілтеу есімдіктерінің мағыналарын кеңістік аралықты я топографиялық кеңістікті білдіру тұрғысынан қарау, екіншіден, олардың мағыналарын, уақыт аралығын я хронологиялық мерзімді білдіру түрғысынан қарау қажет».Ғалым топографиялық кеңістікті білдіретін есімдіктерді алыстағы затты я құбылысты нұсқау үшін қолданылатын және жақындағы затты я құбылысты нұсқау үшін қолданылатын деп екіге бөліп қарайды. Ал хронологиялық мерзімді білдіретін есімдіктерге нұсқай айтылатын заттар мен құбылыстарды сөйлеу кезінен бұрын ескертілген сол арқылы сөйлеуші мен тыңдаушыға белгілі болған кезде қолданылатын кейде өзінен кейінгі сөздермен түсіндірілетін мәнде қолданылатын есімдіктерді жатқызады.

Өзім бұл кісіні сыйлаймын, ап ән салғанда тіптен жақсы көріп кетем. (Ш.Жиенқулова). Сонда ол үйде үй иелері осы кісілерді оңашалап әлденені менен құпиялап айтқандарын сезіп қалдым (Сонда). Ол кісінің ең жақыны да менмін (Б.Мұқаев). Алынған сөйлемдердегі бұл, осы деген есімдіктер жақындағы кісіні нұсқағандықты білдірсе, ол деген есімдік қашығырақдағы, алысырақтағы кісіге сілтегендікті білдіреді. Дегенмен алғашқы екі сөйлемдегі бұл, осы есімдіктерінің мағыналары да бірдей емес, олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, осы дегеннің мағынасы нақтылау, конкретті болса, бұл дегеннің мағынасы одан гөрі жалпылау болып келеді. Ал ол есімдігінің мағынасы одан да жалпы болады. Демек, сілтеу есімдіктерінің мағыналық жағынан ерекшеліктері болатыны байқалады.

Сұрау есімдіктері

Сұрау есімдіктеріне кім? не? қай? қайсы? қандай? қалап? қайда? қайдан? неше? нешінші? қашан? қанша? қаншасы? сөздері жатады. Мысалы, Қасың қандай, қарақат көзің қандай, күлкің қандай, шарапат сезім қандай! Қуанатын балаша кезің қандай, өзің қандай, жаныма сөзің балдай (Ш.Сариев). Өмірдің сәні не сен болмасаң, әнім боп шырқайсың сен қашан? (Е.Ибрахим). Ай нұрын бізге шашқандай, Жанарың қайда қадалған (Қ.Қазыбеков). Бұл сұрау есімдіктерінің ішіндегі заттың, нәрсенің атына қатысты қойылатын кім? не? сұрау есімдіктері субстантивтік есімдіктер болып, ал заттың, нәрсенің әр түрлі белгісіне, сипатына қатысты қай? қандай? қанша? неше? нешінші? қайсы? қалай? қайда? қайдан? қашан? сұрау есімдіктері атрибутивтік есімдіктер деп бөлінеді.

Есімдік сұрауларын мынадай тұрғыда жіктеп беруге болады: 1) жіктеу есімдіктеріне кім? сұрауының септелген, көптелген түрлері; 2) сілтеу есімдіктерінің сұрауларына - қай? қайсы? сұраулары, септелген кім? және тәуелді тұлғалы не? сұраулары; 3) өздік есімдік сұрауларына - кім? кімдер? және оның септелген нұсқалары; 4) жалпылау есімдіктерінің сұраулары -кім? кімдер? сөздерінің септелген тұлғалары мен қай? қандай? сұраулары; 5) белгісіздік есімдіктерінің сұраулары - кім? не? сұрауларының септелген, тәуелденген түрлері, қашан? қалай? қандай? қайда? неше? сұраулары; 6) болымсыздық есімдіктерінің сұраулары белгісіздік есімдіктерінің сұрауларымен бірдей.

Сұрау есімдіктеріның кейбір түрлері көптеледі, септеледі, жіктеледі және тәуелденеді. Әсіресе олардың ішінен кім? не? қайсы? нешеу? деген сұрау есімдіктері септеліп те, тәуелденіп те, көптеліп те, жіктеліп те қолданыла береді.

Сұрау есімдіктерінің ішінде кім? не? немене? қайсы? есімдіктері көптеледі. Мәселен, Олар кім<дер?(С.Бақбергенов).

Сұрау есімдіктерінің біразы тәуелденіп те қолданылады. Тәуелденетін сұрау есімдіктерінің қатарын кім? не? немене? неше? қайсы? қанша? қандай? қайда? қайтті? есімдіктері құрайды. Мысалы, Әйел деп бөлектей беретіндері несі екен? (Б.Майлин).

Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі:





жекеше:

көпше:

I жақ

Кімім?

Нем?


Қайсым? Нешеуім?

Кіміміз?

Неміз?


Қайсымыз? Нешеуіміз?

II жақ

Кімің? Нең?

Қайсың? Нешеуің?

Кімдерің? Нелерің?

Қайсыларың? Нешеулерің?




Кіміңіз? Неңіз?

Кайсыңыз? Нешеуіңіз?

Кімдеріңіз? Нелеріңіз?

Қайсыларыңыз? Нешеулеріңіз?

III жақ

Кімі? Несі?

Қайсысы? Нешеуі?

Кімдері? Нелері?


Қайсысы? Нешеуі?

Қайсылары?


Жіктелетін сұрау есімдіктеріне кім? не? қандай? қалай? қанша? нешінші? қайсы? қайтеді? қайда? Есімдіктері жатады. Мысалы, -Ой, Зылиха Алимін, қайдасың? (Б.Майлин). «Апырау, қайтем? Қалай құтқарам?!»-деп, шермек тістеніп, бұлдырлаған ойын бір жерге жиып қорыта алмай бірсыпыра уақыт жатты. Қайтесің, қатын, біттік!-деп, Сейпен солқылдап жылап жіберді.

Кім? не? қайсы? неше? нешеу? қанша? немене? қалай? қандай? қайтеді? есімдіктері септеледі. Мәселен, -Шаражан, не деп кетті ағаң? Атаң неге ренжіді?-деді (Ш.Жиенқұлова). Мен неден аздым? (Б.Майлин). -Қайным-ау, нені жаздыр дейсіңдер? -Бұл кімнің суреті?-деп сұрасаң: -Бұл Бекберген отағасының суреті ғой,- дейді (Б.Майлин). Алынған сөйлемдегі есімдіктер ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінің қосымшасын қабылдап тұр.
Өздік есімдіктері

Қазақ тілінде өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғауларынсыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған сөздер жатады. Олар мына сөздер: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері. Мысалы, Өзімнің өмір жолыма өкінбесем де, халық сенген, партия аманат еткен қызмет мінсіз болды дей алмаймын (Д.Қонаев). Өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма (мақал). Шариғатта: жақсылық жасағанда да өзіне жасайды, жамандық жасағанда да өзіңе жасайды дейтін қағида бар (Д.Қонаев). Берілген мысалдардағы өзімнің есімдігі сөйлеушіні, өзі есімдігі тыңдаушыны, өзіне есімдігі бөгде кісіні сөйлемдегі басқа құбылыстардан бөліп тұр.

2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында» өздік есімдіктерге былайша анықтама берілген: «Өздік есімдіктері сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер» .

Өздік есімдіктері тәуелдеулі түрде қолданылатындықтан, тәуелдіктің -нікі, -дікі формасында да жұмсала береді. Өздік есімдіктеріне жалғанған тәуелдік жалғаулары кейде түсіп қалып та, толық сақталып та қолданылады. Мысалы, Оқытып, өз қолымнан тәрбиелеп жүрген қаншама балаларым бар, оларды қалай тастап кетпекпін? (Б.Майлин). Жылдар бойы сен өз ағайын туғандарың үшін қорқыныш болып өмір сүрдің (Б.Мұқаев). Өз теңіне қосылған адамның арманы бар ма екен?-деп жылайды (Б.Майлин). Бұл сөйлемдердегі өз сөздері «өзімнің», «өзіңнің», «өзінің» деген толық түрінде тұрған жоқ.

Көбінесе өз сөзі өзінен кейін тіркесетін ілік септік қосымшаларын толық сақтап қолданылады. Мысалы, Өзінің бүлдіріп жатқанымен жұмысы да жоқ (Б.Майлин). 1965-1966 жылдары мен өзімнің соңғы шет елдік гастрольдік сапарымды аяқтадым (Ш.Жиенқұлова). Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекеттің дертімен былғанудан сақтауы керек (М.Әуезов).

Өздік есімдіктері септеледі. Өздік есімдіктері тәуелденген зат есімдерше септеледі.




Атау

өзім - балам

Ілік

өзімнің - баламның

Барыс

өзіме - балама

Табыс

өзімді - баламды

Жатыс

өзімде - баламда

Шығыс

өзімнен - баламнан

Көмектес

өзіммен - баламмен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет