1. Өздік етіс. Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің өзіне қарай жұмсалады. Яғни субьекті өз-өзіне обьекті болады да, баяндауыш қызмет атқарып тұрған етістік өздік етіс тұлғасында тұрады. Өздік етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышында әрі субьекгілік, әрі обьектілік мағына сақталатындықтан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды. Осылай өздік етісті сөйлемде тура толықтауыш болмай, етістік мағынасы жағынан салт етістікке айналып кететіндіктен, сөйлем құрылысы жағынан обектісіз сөйлем болады.
Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің субьектісіне қарай бағытталып, сабақгы етістікке-ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады. Бірақ барлық сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді. Өздік етіс жұрнағы тек қимыл, іс-әрекет субьекгініңөзіне қарай бағыттапа алатын сабақты етістіктерге жалғану арқылы жасалады және сол сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Етіс қосымшасы -ын, -ін, -н негізіндеөздікетіскетән қосымша ретінде өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырып қана қоймайды, ол жалғанған етістік сөйлемдегі бастауыштың әрі субьектісі, әрі обьекгісіекеніндебілдіреді. Өздік етістің бастауышы қимыл иесінің қызметін өзі атқаратындықган, оның қимылы тікелей өзіне жумсалатыны көрініп тұрады.
2. Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістікгің түрін айтады. Ырықсызетістексабаі^гы етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы (түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалып, қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура обьектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып турады да, ырықсыз етіс жұрнағы жалғанған сабақты етістіктер салт етістікке айналады. Кейде қимылды атқарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп тұрады немесе грамматикалық жанама обьекті тұлғаларында тұрып та жұмсалады. Профессор С.Исаев өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсас та, өзгешелікте жерлері барын былай көрсетеді: «ұқсастығы: 1)қосымшалардың кейде бірдей болып келетіні, кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байқалады, сөйтіп бір-бірімен омоформа жасайды: Ол дәрігерге көрінді және алыстан бір қара көрінді; 2) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылығы: олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте логикалық (іс иесі) субьект - грамматикалық субьекг (бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық обект болады».
3. Өзгелік етіс. Өзгелік етіске қазақ тілінің грамматикаларында «істің басқа біреу арқылы істелетінін көрсететін етістіктің етістүрі өзгелік етіс» -дөген ереже берілген. Бұл айтылғаннан, яғни істі басқа біреу істегенімен, оны істеуші субьектінің бар екенін, оныңалатын орнын, ол субьекгінің негізгі түрі екенін айтпай кетуге болмайды. Өйткені, өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-гіз қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады. Демек, езгелік етісте қимылды, әрекетті іске асырушы субьекті бір емес, екеу болады; бірі -іс-әрекетті, қимылды орындатушы иесі, қимылды жалпы іске асырушы субьект, бірақ ол өзі тікелей қимылды орындамайды, ол атау тулғада тұрып сөйлемде грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл әрі логикалық субьекті, әрі грамматикалық субьекті болады, екінші, іс-әрекетті, қимылды тікелей орындаушы субьект - агенс деп аталатын іске асырушы болады, ол грамматикалық тұлғасы жағынан бастауыш емес, сейлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе ол сөз сөйлемде барыс, шығыс, көмектес септіктерінде, кейде шылаумен тіркесіп келіп жанама толықтауыш қызметін атқарады. Оспан баласына хат жаз-дыр-ды дегенде Оспан-субьекгі, бірақ іс-әрекетті (жазу) тікелей езі атқарған жоқ, оны атқарған - баласы
Сабақты еттістікке өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс-әрекет, қимылды тікелей атқарушы барыс септікгегі екінші субьект (агенс) ғана пайда болады, яғни баяндауыш сабақты етістікті сөйлемде іс-әрекетті орындатушы субьекгі мен обьект өзгелік етіс қосымшасы қосылмай тұрғанның өзінде де түбірде ол мән бар болады (хат жазды, хат жаз-дырды). Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанғанда, салт етістіктен бірден өзгелік етіс тудырмайды, тек салт етістік сабақты етістікке айналады. Мысалы: Бала шамды сөн-дір-ді дегенде сөндіру қимылының субьектісі де, тікелей сол қимылды іске асырушы да біреу-ақ, ол - «бала». Бұл жерде етістіктің салт етістік күйіндегі грамматикалық субьектісі - «шам» (шам сөнді), ол бұл жерде обьектіге айналған: шамды сөндірді, бірақ шам өз-өзінен сөнген жоқ. Мұнда өзгелік етіс қосымшасы салт етістікке жалғанғанда, тек салт етістікті сабақты етістікке айналдырған. Енді осы сабақты етістікке екінші рет етіс қосымшасы жалғанған соң ғана өзгелік етіс жасалады. Мысалы, Бапа інісіне шамды сөн-дір-т-ті. Бұл сөйлемде «бала»-қимылдың иесі, субьекті, бірақ оны (қимылды) тікелей өзі атқарып отырған жоқ, екінші субьект-агенс арқылы іске асырып отыр, яғни сөндіру қимылын тікелей орындаушы субьект агенс - інісі, сөйлемде ол (інісі) барыс септік тұлғасында тұрып грамматикалық жанама обьекті (толыідауыш) синтаксистік қызметін (қатынасты) атқарып тұр, ал тураобьекті шамды өзгерген жоқ .
Өзгелік етіс субьектінің қимылы обьектіге тікелей емес, екінші біреу арқылы бағытталатынын білдіретін сабақты етістіктің грамматикалық формасы болып табылады.
4. Ортақ етіс. Етістің ортақ етіс түрі етістіктің сапт етістік, сабақгы етістік тұлғаларынан арнайы -ыс,-іс,-с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатынын білдіреді. Басқа етіс түрлерінен ортақ етіс жасап тұрған етістің мағынасы мен қосымшасының ерекшелігі - етістіктің салттылық- сабақгылығына бейтарап болумен қатар, кей ортақ етіс формалы етістіктің қимыл атауын білдіруге бейімділігі негізінде заттық ұғымды білдіріп зат есімге айналып кететін кездері болады. Мысалы: Арқан тарт-ыс-ты. Тартыс басталды. Асыққа тала-с-ты. Талас күшейді дегенде ортақ етіс жұрнағы жалғанған «тартысты, таласты» етістіктерінің бірі -сабақты, бірі -салт етістік болса, «тартыс, талас» атау тұлғадағы зат есімдер «тарт, тала» етістіктерінен -ыс жұрнағы арқылы жасалған туындытүбіртұлға. Яғни бұл сөздердің тұлгалық ұқсастығы болмаса, бұлардың құрамындағы қосымша екі түрлі категориялы сөзтудыратын морфема.
Етістің ортақ етіс және өзгелік етіс түрлері қимылдың, іс-әрекеттіңбір субьекті емес, бірнеше субьектінің қатысуы арқылы жасалатын мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Солай дегенмен де бұлардың арасында оларды ажырататын белгі де жоқ емес. Ол белгі -олардың бірінде агенстін болу- болмауы. Сөйлемде өзгелік етіс тек сабақты етістіктен жасапып, ондаекінші субъект - агенс міндетті түрде болуға тиіс болса, ал ол - қимыл, іс-әрекетті тікелей орындаушы ортақ етісте болмайды .
Етіс жұрнақтарының семантикапық сипаты сөзжасам қосымшаларына жақын болғанымен (етістіктен етістік тудырғанымен), өзі жапғанған етістік түбірінің мағынасын, лексикалық мәнін өзгертпейді, тек сабақтылық-салттылық мәнін ғана өзгертеді.
Етіс жұрнақтары бірінің үстіне - бірі жалғанғанда, мына тәртіппен орналасады: 1) өздік етіс + езгелік етіс: ойла+н+дыр, түй+ін+дір; 2) өздік етіс + ортақ етіс: бүл+ін, бүл+ін+іс; 3) ортақ етіс + өзгелік етіс: бөл+іс, бөл+іс+ кіз(-тір); 4) өзгелік етіс + өзгелік етіс: бақ+тыр+т, тура+т+қыз т.б.
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар
-
Негізгі және көмекші етістіктердің өзіндік ерекшеліктерін сипаттап беріңдер.
-
Аналитикалық форманттар дегенде не түсінесіңдер?
-
Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларына сипаттама беріңдер?
-
Салт-сабақтылық категориясы дегеніміз не?
-
Етіс категориясының түрлері мен олардың маңызын талқылап беріңдер.
Үстеу
Ең бір күрделі, әрі даулы сөз таптарының бірі -үстеулер. Сондықтан да тілде үстеулер мәселесі назардан тыс қалды деуге болмайды. Бұл жайында айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді кездестіреміз. Үстеулер мәселесі өткен ғасырдағы түркі тілдеріне арналған грамматикаларда көрініс тауып жүрді. Мәселен, үстеулер туралы пікірлер И.Гиганов, М.А.Казем-бек, Г.М.Мелиоранский, А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Кононов, И.И.Мещанинов, А.Н.Боровков, Н.А.Басқаков еңбектерінен орын алды.
Ал қазақ тілінде көрнекгі ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарына қосып, оған: «... сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді. Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу деп - сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді» айтамыз. А.Байтұрсынов үстеуді бес мағынапық топқа бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік.
Профессор С.Аманжолов «Үстеу дегеніміз - істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз»-деген түсінік береді . Ғалым оларды қызметіне қарай екі топқа бөледі: «етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және есімдермен тіркесетін есім үстеулер». С.Аманжолов етістік үстеулерге қолма-қол, дәл, кеше, бүгін т.б. үстеулерді жатқызса, ал есім үстеулерге орасан, тым, тіпті т.б. сөздерді жатқызады .
Үстеу туралы арнайы еңбек жазған - профессор А.Ысқақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар. Бес тараудан тұратын Бұл еңбектің I тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы, II тарауда үстеулердің сөз табы ретіндегі өзіне тән белгілері, сын есім мен үстеудің ортасында жүрген аралық сөздер мен үстеу құрамындағы кейбір кенерген қосымшалардың қолданылуы қарастырылған. III тарауда үстеудің мағыналық топтарына тоқталса, IV тарауда үстеулердің морфологиялық белгілерін, туынды үстеулердің жасалу жолдарын, үстеудің шырай формаларын, үстеу жасайтын басқа да сөз таптарының қызметі туралы сөз етеді. V тарауды «үстеулер синтаксисі» деп атап, оны үш салада қарастырады: 1) үстеулердің сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуы, 2) үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу дәрежесі, 3) үстеулердің сөйлемдегі орны. Ғалым біріншіден, үстеулердің сөйлемде пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш қызметте жұмсалатынын дәлелдейді. Екіншіден, үстеулердін басқа сөз таптарымен тіркесу қабілеті қандай деген сұраққа олардың етістіктер, сын есімдер, есімдіктер және зат есімдермен тіркесін атайды. Сондай-ақ үстеулердің мағыналық топтарының аталған сөз таптарының қайсысымен тіркесе алатынына да тоқталады, А.Ысқақов үстеулердің сөйлемдегі орны туралы былай дейді: «үстеулер сөйлемде көбінесе пысықтауыш пен анықтауыш қызметін атқарып, өзі қатысты болып тұрған сөздің алдында тұрады».
Үстеуді арнайы зерттеген ғалымдардың бірі - Е.Саурықов «Адвербиалдану процесінің құрылымдық-семантикалық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация жазды. Онда үстеу сөз табының лексика-сематикалық сипаты, морфологиялық белгісі, синтаксистік қызметі сияқты белгілерін жалпы түркі тілдерінің материалдары негізінде сипаттайды. Еңбекте үстеулердің пайда болуы мен тарихы қалыптасу жолдарын диахрондық әдіспен зерттеу нәтижесінде олардың тілдік жүйедегі орны, даму деңгейі көрсетіледі
Үстеулер мәселесін арнайы қарастырған - Ә.Ыбырайым. Ол үстеулердің тілдік қолданысқа байланысты ішінара морфологиялық өзгерістерге ұшырау құбылысының грамматикалық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Жалпы үстеу сөз табының бойында болып жатқан әр түрлі лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік қасиеттері туралы ғылыми түсінік береді. Ғалым сондай-ақ үстеулердің барлық есім сөз таптарына тіркесе беретіндігін жан-жақты дәлелдейді.
Үстеудің жалпы сипаттамасы
Сөздерді таптастыру ұстанымдарына сай, лексика-семантикалық сипатына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлінетін сөз таптарының бірі - үстеу.
Үстеулер - қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақсатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалық жағынан түрленбейтін сөздер. Кеше ғана шуақ өріп жамырап, Тірлік біткен қалып еді жадырап (М.Мақатаев). Қарағым-ай, бұл өмір осылай өтеді екен, Сүймесе дүние бекер екен (Ш.Сариев). Берілген мысалдардағы кеше, осылай сөздері үстеу болып табылады. Осы сөйлемдердегі кеше сөзі қимылдың мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап берсе, осылай сөзі қимылдың сын - бейнесін білдіріп, қалайша? деген сұраққа жауап беріп тұр. Үстеулердің ішінде бірде үстеу, бірде септеулік шылау болып қолданылатын сөздер бар. Ондай сөздерге мынадай сөздер жатады: бері, кейін, соң, бұрын т.б. бұл сөздер амал-әрекеттің мезгілін, мекенін т.б. белгілерін білдірсе ғана үстеу болады.
Үстеулерді көпшілік ғалымдар түрленбейтін сөз табы деп қарастырса, кейбір ғалымдар оларды аз түрленетін сөз табы деп таниды.
Сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын есімдер мен көсемше тұлғалы етістіктер бар, бірақ олар үстеулер емес. Бұл туралы А.Ысқаков: «.. қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондай есім сөздер мен етістік формалары өздерінің бастапқы қасиеттерін жоймайды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған сөздердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес» - дейді .
Үстеу сөздер іс-әрекеттің, қимылдың мезгілін, мекенін, сын - бейнесін білдіретіндіктен негізінен етістіктермен тіркеседі. Бірақ үстеу сөздердің есім сөздермен тіркесі де тілімізде жиі кездесетін құбылыс деуге болады.
Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі - оның лексика-семантикалық сипаты. Үстеу амал-әрекеттің әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық, себептік. мақсаттық сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты, олар мынадай мағыналық топтарға бөлінеді: 1. Мезгіл үстеулері. 2. Мекен үстеулері. 3. Мөлшер үстеулері. 4. Сын-қимыл (бейне) үстеулері. 5. Күшейткіш үстеулер. 6. Мақсат үстеулері. 7. Себеп-салдар үстеулері. 8. Топтау үстеулері.
1. Мезгіл үстеулері амалдың, іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін, уақытын білдіріп қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулері аса көп. Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, ертең, қазір, биыл, енді, таңертең, кешке, күндіз, кеш, қыстай, жаздай, қыстыгүні, жаздыгүні, әзірше, жаңа, кеше, бұрын, ерте т.б.
- Бүгін шелпек нан пісіртіп, ағаңа тие берсін қылдыртып едім (Б.Майлин). Ділдә кетуге ыңғайланып тұрып: -Ертең біздікіне келесіз бе? -деді (Бұл да). Бұрын ішіп көрмеген нәрсесі болса да, бай тартына алмады, ішпесе қонағының көңіліне келетін секілденді (Бұл да).
Мезгіл үстеулер құрамы жағынан негізгі, туынды түбір және күрделі түбір болып бөлінеді. Негізгі үстеулерге бұрын, ерте, қазір, кеш, кеше сияқгы морфемаларға бөлшектеуге келмейтін сөздер жатады.
Ал туынды үстеулер басқа сөз таптарынан сөз жасамдық жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:
1. -ша (- ше) жұрнақтары арқылы: бүгінше, әзірше, биылша.
2. Көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мезгіл үстеулер: жазда, қыста, күнде, түнде, бағанадан, бүгіннен, әуелден, таңертеңнен, ертемен т.б.
3. Күрделі үстеулерге бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), әуел баста, бүгін - ертең, бұрын-соңды, ала жаздай, таң сәріде, жаз бойы сияқты бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған сөздер жатады.
2. Мекен үстеулері қимыл-әрекеттің орнын, мекенін білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері мыналар: алға, артқа, артта, жоғары, темен, әрі, бері, кері, ілгері, әрмен, тысқары, осында, мұнда, әрі-бері, жол-жөнекей, жолшыбай т.б.
Мекен үстеулер де құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір үстеулер болып бөлінеді.
Негізгі мекен үстеулеріне жоғары, төмен, әрі, бері сияқты морфемаларға бөлшекгенбейтін сөздер жатады.
Туынды мекен үстеулер сөз тудыратын жұрнақтар мен көлемдік септікгердің көнеленуі арқылы жасалады.
Туынды мекен үстеулерінің жасалу жолдары:
1) -қары (-кері ), -ғары (-гері) жұрнақтары арқылы: ілгері, ішкері, тысқары, сыртқары т.б.
2) Көлемдік (барыс, жатыс) септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мекен үстеулері: алға, артқа, артта, жоғарыда, мұнда, төменде т.б.
Күрделі түбір мекен үстеулері негізінен сөздердің қосарлануы арқылы жасалады. Мәселен, жол-жөнекей, әрі-бері т.б.
3. Мөлшер үстеулері амалдың, қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қанша? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулерге мына сөздер жатады: онша, сонша, оншалық, соншалық, мұншама, едәуір, бірқыдыру, анағұрлым т.б.
Тоқты желініп, үйдің жатқанына едәуір уақыт болған (Б.Майлин). Мөлшер үстеулердің барлығына жуығы туынды үстеулер, мөлшер үстеулері негізгі түбір бола алмайды.
Мөлшер үстеулер құрамына қарай туынды және күрделі болып бөлінеді.
Мөлшер үстеулері -ша (-ше); -шама (-шалық; -дайлық) жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, онша, мұнша, мұншама, соншама, осыншама, мұншалық, соншалық, осыншалық, мұндайлық, ондайлық, сондайлық т.б.
Күрделі түбір мөлшер үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, анағұрлым, недәуір, неғұрлым, бірталай, бірен-саран, азды-көпті т.б.
4.Сын-қимыл үстеулері қимылдың сан алуан бейнесін, орындалу амалын білдіріп, қалай? қалайша? деген сұрақгарға жауап береді. Сын-қимыл үстеулеріне мына сөздер жатады: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте, лезде, әрең, үнемі, қолма-қол, менше, құсша, емін-еркін, ақырын, шалқасынан, оқыс, дереу, зорға, қапыда, өзінше, ерекше, ретімен, жүрісінен, жасырын, бірден, бір жола, шала-пұла, бетпе-бет, жападан-жалғыз т.б.
Құрамына қарай негізгі түбір, туынды түбір, күрделі түбір қимыл-сын үстеулері болып бөлінеді.
Негізгі түбір үстеулерге тез, әзер, дереу, оқыс, үнемі сияқты морфемдік жағынан бөлшектенбейтін сөздер жатады.
Туынды түбір сын-қимыл үстеулерінің жасалу жолдары мынадай:
1) -ша (-ше) жұрнақтары арқылы: қазақша, орысша, ауызша, жазбаша, қысқаша т.б.
2) -шаң (-шең) жұрнақтары арқылы: қөйлекшең, етікшең т.б,
3) -лай (-лей), -дай (-дей) жұрнақтары арқылы: жартылай, шикілей, тікелей, осылай т.б.
4) Көлемдік септікгердің көнеленуі арқылы: бірге, зорға, оқыста, лезде, шалқасынан, кенеттен, жайымен, ретімен, кезекпен, шынымен т.б.
Күрделі түбір сын-қимыл үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады.
1) Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: ауызекі, бір жола.
2) Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: қолма-қол, бетпе-бет, бостан-босқа, жападан - жалғыз т.б.
5. Күшейткіш (күшейту) үстеулер заттың сындық белгісін, қимыл, іс-әрекеттің сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп я болмаса солғындатып көрсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулер қашан? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Күшейткіш үстеулерге ылғи, кілең, тіпті, нақ, нағыз, нық, әбден, мүлде, өңкей, дәл, керемет, орасан, қабағат т.б. сөздер жатады.
Өте сөзі қазақ тіліне қатысты оқулықтарда, грамматикаларда күшейткіш үстеу құрамында қаралып жүр. Бірақ ғылымда ол туралы басқа да пікірлер кездеседі. Мәселен, 1986 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі» деген еңбекте профессор Н.Оралбаева былай деп жазады: «Өте сөзі қазақ тілінің грамматикаларында күшейту үстеуінің тобына жатқызылады. Бұны үстеу деп тану оның лексикалық мағынасын тануды талап етеді, оның бірлі - жарым етістіктермен тіркесте қолданылатыны рас: өте асықгы, өте ұрысты, өте кейіді, өте мақтады. Күшейту үстеулері етістіктерді таңдап және олармен өте сирек тіркеседі, бұл үстеудің табиғатына қарсы келеді, ал үстеудің негізгі тіркесетін сөз табы - етістік. Күшейту үстеулерінің етістікпен тіркесінде көңіл бөлерлік бір жағдай бар» [33,170-171]. Ғалым өте қатты асықты, өте қатты ұрысты, өте қатты кейіді, өте қатты мақтады деген қолданыстар барын тілге тиек ете келіп, бұнда өте сөзі сын есімнің алдында тіркесіп тұрғанын айтады. Күшейткіш сөздердің бұлай қолданылуын олардың алғаш етістікпен тіркеспегендігін көрсетеді деп дәлелдейді. Шынында, үстеулердің күшейткіш деп аталып жүрген кейбір түрлерін үстеуге жатқыза қою қиын. Сондықтан оларды күшейткіш көмекшілер деу қажет.
6. Мақсат үстеулері қимылдың мақсатын білдіреді. Мақсат үстеулерге жататын сөздер сан жағынан көп емес. Олар: әдейі, жорта, қасақана. Мысалы, - Әдейі істедің провалды, тұратұр, саған көрсетермін провалды!-деп айқай салды (Ш.Жиенқулова).
7.Себеп-салдар үстеулері қимылдың себебін, нәтижесін білдіреді.Себеп-салдар үстеулері не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп-салдар үстеулер құрамы жағынан туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады. Мысалы, бекерге, босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан.
8. Топтау үстеулері қимылдың жасалуының топтық сипатын білдіреді. Топтау үстеулері нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау үстеулеріне жататын сөздер төмендегідей: біреулеп, екеулеп, көптеп, қос-қостап, топ-тобымен т.б.
Топтау үстеулері морфологиялық құрамына қарай туынды түбір және күрделі туынды түбір болып келеді.
Топтау үстеулерінің жасалу жолдары мына төмендегідей: 1) -лап (-леп), -дап (-деп), -тап (-теп) жұрнақтары арқылы жасалады: екеулеп, көптеп, аздап, қостап т.б.
2) Қосарлану арқылы жасалады: он-оннан, топ-тобымен, бір-бірлеп, қос-қостап т.б.
Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
Үстеу - морфологиялық жағынан алғанда аз түрленетін сөз табы. Бұл оның морфологиялық ерекшелігі болып табылады десек те, үстеулер қандай сөзге тіркессе де өз формасын өзгертпейді.
Тілдік құрылыстағы болып жатқан өзгерістер үстеулерге де әсерін тигізбей қалған жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдап заттанып, кейде жіктік жалғауын қабылдап, предикаттық қызмет атқаратынын кездестіруге болады. Бұл айтылғандардан үстеулер өзінің үстеулік мағынасынан мүлде алшақтап кетеді деген ұғым тумауға тиіс. Үстеулер өзінің семантикалық мағынасын сақтайды, олар белгілі бір контексте ғана заттық немесе предикаттық мағына береді.
Ғылымда үстеудің түрленуі туралы пікірлер әр түрлі. Мәселен, ғалым Ә.Төлеуов үстеулердің көпшілігін түрленбейді деп, оның себебін былайша түсіндіреді: «Үстеулердің көбі түрленбейді, өйткені олар көне септік формалар қосылуынан жасалған сөздер: бірге, босқа, текке, абайсыздан, лажсыздан, түнде, қырынан, кенеттен т,б.».
Соңғы уақыттардағы зерттеулерге қарағанда үстеулер барынша молынан түрленетін сөз табын құрап отыр. Мәселен, ғалым Ә.ЬІбырайым: «Морфологиялық жағынан еш түрленбейді деп келінген үстеу сөздер қазіргі қазақ тілі мен түркі тілдерінде коммуникативтік қызметі мен мағынасына қарай түрлі формаларға ие болып қолданылып жүр. Мәселен, кейбір үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдап заттанып, жіктік жалғауын қабылдап предикаттық қызмет атқаруы көркем әдебиет пен баспасөз беттеріндегі тілдік сөз қолданыстарда жиі кездесетін процесс болып отыр» - деп жазады .
Үстеудің синтаксистік қызметі
Үстеудің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі синтаксистік қызметі - сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер қашанда өздерінің пысықтайтын сөздерінен бұрын тұрады. Үстеулердің ішінде орын талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің бірі - мезгіл үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Ал баяндауышты пысықтаса одан алшақ тұра береді.
Үстеу қимылдың, амал-әрекеттің әр алуан сын бейнесін, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола береді. Үстеу мен үстеу, я үстеу мен зат есім тіркесіп келіп күрделі пысықтауыш болады. Мысалы, Құр кимелеудің зардабын тартқан жұрт енді еппен етіп жатыр (Ғ.Мүсірепов). Таң қараңгысында еркек атаулы жұмысқа кетеді (С.Мұқанов). Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Алынған сөйлемдерде еппен сын-қимыл пысықтауыш болып тұрса, таң қараңгысында мезгіл пысықтауыш болып, жоғары-төмен мекен пысықтауыш ретінде жұмсалып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |