ретінде қажетсінуден, көркем сөз құдіретін түсінуден,
танымдық-тағылымдық мәнін
ұғынудан басталады.
Әдеби мұраны игеруге деген қадамның тұңғыш ізашарын Орхон-Енисей
ескерткіштерінен көреміз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің табылуы ұлттық
әдебиеттану ғылымына тікелей қатысты үш түрлі мәселенің басын ашып береді:
1.
Қазақ поэзиясының ғана емес, жазба әдебиеттің түп тамыры осы түркі
қағанаты басталатынын дәлелдейді.
2.
Өз дәуірінің кескін-келбетіне сай дамыған мәдениет пен өнердің
болғандығын айғақтайды.
3.
Бұл жазбалар жәдігерлер поэтикалық қуатымен,
тарихи шежірелік
сипатымен және ой тереңдігі, мазмұн байлығы, көркемдік қасиеті жағынан көне түркі
тайпаларында сөз өнерініңжоғары дәрежеге жеткендігін көрсетеді.
Қазақ әдебиеттану ғылымының бастауындағы ендігі бір белес пен мәнді арна – ҮІІІ-
ІХ ғасырларда деген жөн. ІХ ғасырдың соңына қарай феодалдық қарым-қатынастардың
дамуына байланысты Қазақстан жері мен Орта азияда мәдениет пен ғылымның ықпалы
артты. Хорезми, Бируни, Фараби,
Ибн Сина, Рабғузи, Қашқари, Яссауи т.б. даналардың
көркем шығармалары мен ғылыми зерттеу еңбектерінің әдебиеттану ғылымының
қалыптасу тарихына тікелей қатысы бар. Бұл ғалымдардың еңбектерінен Х-ХІІ ғ.ғ түркі
халықтарына тән ортақ мұра болып саналатын көркем әдебиеттің өркендеуіне орай
туындаған сыншылдық, эстетикалық,
ғылыми-зерттеушілік, әдеби теориялық ой-пікірдің
ғылыми ояну дәуірін көреміз.
Әл-Фараби поэтиканы 3-ке бөліп қарайды:
1. Өлең құрылысы мен өлшем түрлері
2. Ұйқасы
3. Әуезділігі (Т.Кәкішев. Көне дәуірдегі сыншылдық ойлар /// Жұлдыз журналы,
1993.)
Әбу Насыр әл-Фараби «Поэзия туралы» деген еңбегінде бәйіт жазудың 11 түрлі
шартын атап береді.
Тұңғыш рет қара сөзбен де, өлеңмен де алғы сөзі жазылған Ж.Баласағұнның «Құтты
білік» дастаны жөнінде А.Егеубаев «Құтты біліктің» өлең өлшемі негізінен қазақ
өлеңдерінде ықылым заманнан келе жатқан 11 буындық өлең өлшемі екендігін айтады.
М.Қашқаридың «Диуани Лұғат ат-Түрік» еңбегі ғылыми зерттеу еңбегі деп
бағаланады. Қашқари еңбегі арқылы әдебиетті ғылыми тұрғыда
тану жолындағы талап-
талғамның, таным-біліктің аса түскенін, әдеби мұраны жинап жариялау ісін қолға ала
бастаған ғылыми зерттеушілік пікірдің алғашқы қадамдарын көреміз.
Түркі тілдес классикалық әдебиеттің ішінде Қожа ахмет Яссауидың орны ерекше.
ХІХ ғасырдағы әдеби мұраны жинап бастыруға, зерттеуге қатысқан қазақ
зиялыларының әдеби мұраны игерудегі зерттеу әдістерінің көрініс табуына орай 3 топқа
бөлуге болады:
1. Орыс фольклористеріне мәлімет берушілер, чғни информаторлар
2. Фольклорлдық үлгілерді жинап
жариялауға көмектесе отырып, өз атынан да
жариялаушылар
3. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жариялау ісімен шұғылданып қана
қоймай, оны ғылыми тұрғыда зерттеушілер.
Әдебиеттану ғылымы да әр халықта өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен қалыптасты.
Жинау, жариялау, кітап басып шығару, мақалалар
жазу секілді жалпы мәндегі
жұмыстарды ғылыми тұрғыда жүйелеу, әдеби талдауға апаратын жолдар бастау алды.
Оны біз Шоқан, Ыбырай, абай, Әлихан Бөкейханов сияқты ұлы тұлғалардың
шығармашылық мұрасындағы ғылыми-зерттеу еңбектерінен көреміз.
Шоқанның ғылыми еңбектерінде мифологиялық теория мен ауысып алу
теориясымен қатар, тарихи-мәдени мектептің тарихилық принципі де айқын көрініс
тапты. Сол арқылы әдеби мұраны зерттеу барысында ұлттық
ғылыми зерттеушілігі
әдебиет тарихы деген ұғымды алғаш рет тудырды.
Абай мен Ыбырай ауыз әдебиетін арнайы ғылыми тұрғыда зерттеген жоқ. Олардың
көзқарасы фольклор мен поэзияның халықтық сипаты тарихи шындыққа қарым-қатынасы
тұрғысынан танылды.
Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» арқылы әдебиеттің қоғамдық мәні туралы
ғылыми ұғымды кеңейтті. Оның эстетикалық танымдық орны мен адам тәрбиесіндегі
атқарар қызметін анықтап берді.
Бұл сол ұлттың ғылыми-зерттеушілік ой-пікірі үшін аз олжа емес еді.
Достарыңызбен бөлісу: