П 15 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет4/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
әдебиет теориясы

1.3.Көркем әдебиет табиғаты
Шеберлік дегеніміз не? Шеберлік – қабілет көрінісі. Қимыл-әрекет жасаушы
адамның өз ісін көпшілік көңіліне ұнамды, асқан өнерлілікпен көрсетуі және соған
машықтануы.
Шеберлікке адам баласы ие, және сонымен қатар табиғат та, жануарлар да
шеберліктің талаптарына жауап беретін сияқты. Мысалы, Жібек құртының
тоқымашылығы, қарлығаштың ұя салуы, құланның дене бітімі, ботаның көзі, еліктің лағы,
тоты құсты көргенле пай-пай, жаратылыс-ай, шеберсің-ау дейсің.
Бұл айтылғандар шеберлік процесінің стихиялы, яғни инстинкті және саналы түрде
жүзеге асу сипаттары барын да аңғартады. Бұлардың соңғысына ие – тек адам ғана. Ал
жануарларға сана болмағаннан соң, ойлау да жоқ екендгі белгілі. Шимпанзенің оттың
арғы жағындағы тәттіні алуы...
Шеберлік туа бітетін қасиет емес, ол көп еңбектің арқасында келеді. Шеберліктің де
әр салада өзіндік қоры бар. Қай саланың шеберін алып қарасақ та, болдым-толдым
демейді. Себебі шеберлік - үздіксіз процесс.
«Әдебиет теориясы» деген терминнің өзі көркем әдебиеттен гөрі ғылымды көз
алдымызға көбірек елестетеді. Себебі қандай болмасын теория жасау үшін зерттелініп
отырған объектіні ұзақ мерзім тәжірибеден өткізу, сынау қажет.
Көпжылдық практикалық өңдеуден кейін ғана теория шықпақ. Мысалы:
Б.Момышұлы «Стратегия и тактика войны» атты арнаулы курсын Москвада оқып, 4
жылдан кейін ғана баспаға беруге болады деген, яғни теориясы туралы әлі ерте деген сөз.
Бұл Соғыс көрген кісінің сөзі. Сондықтан теория жасап шығара қою оңай шаруа емес.
Егер жазушы өз персонаждарын іздеп, өзінің кейіпкерлерімен тілдессе, әдебиетші
ғалымдар көркем шығарманың кейіпкерлерімен де, жазушының жан дүниесімен де
сырласады, шығармашылық идеялық құндылығын, әлеуметтік-тарихи маңызын, тәрбиелік
күшін, эстетикалық қуатын жете тексереді, олардың оқырман жүрегіне жетуіне жол
тартады. Яғни жазушы, көркем шығарма, оқырман арасында көрінбес көпір салады.
Алайда теориялық түйін жасауға бұл да жеткіліксіз. Сондықтан әдебиет теоретиктері
кейде бір тақырыпқа жазылған бірнеше жазушылардың шығармаларын салыстыра отырып
ой қорытындыларын шығарса, кейде белгілі бір қаламгердің шығармашылық өрісін,
стилін зерттеу мақсатында оның әралуан жанрдағы шығармаларын қарастырады. Сайып
келгенде осы айтылған жәйттер әдебиет теориясының ғылымдық маңызын танытады.
Чернышевский көркем әдебиетті өмір оқулығы деп атапты. Көркем әдебиеттің өмірді
танытушы құрал екендігі рас. Ғылымның да, көркем әдебиеттің де мақсаты өмірді таныту,
адам игілігі үшін қызмет ету., Ғылым өмірді, ондағы зат т.б. құбылыстарды нақты
деректермен, фактымен көрсетсе, әдебиет образдап көрсетеді. Сондықтан да ол көркем
әдебиет аталады. Сонда ғылымның күші – түсіндіруінде, дәлелдеуінде болса, көркем
әдебиеттің күші – сездіре білуінде.
Қоршаған орта мен табиғат талсымдарын танып-білу үшін адамзат, әрине, ғылымды
игеруі тиіс. Ғылым дегеніміз – теория. Алайда, «бір қора теориядан гөрі бір практикалық
қадам жасау тиімді» деген қанатты сөзді де естен шығармауымыз ләзім. Осы тұрғыда
З.Қабдолов: «Адамға өмірмен күрес үшін ойлы бас қана емес, ерік, құштарлық, сезім де


керек. Міне, дәл осы арада шындықты дәлелдейтін ғылыммен қатар оны көзге көрсететін
көркем әдебиет те өзінің қоғамдық ролін ойлай бастайды», - депті. Дұрыс қағида. Себебі
оймен ойлап, сөзбен суреттеу бір нәрсе де, қалам ұстау басқа нәрсе. Не керісінше, қолмен
ұстап көргендей суреттей айта білу, образбен бере білу басқа дүние. Бұдан ғылым мен
көркем әдебиеттің байланыс, арақатысы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет