Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет15/44
Дата16.01.2022
өлшемі0.88 Mb.
#454607
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Тыныс-белгі-ереже

Е  с  к  е  р  т  у.  Бұл  сөздер  сөйлем  басында  келіп,  олардан  кейін  қаратпа, 

қыстырма сөздер тұрса, екеуінің  араларына үтір қойылады, бірақ ол үтір бұл 

сөздерге байланысты қойылған тыныс белгісі емес, қаратпа не қыстырма сөздің 

екі жағынан койылған үтірдің біреуі болып саналады: Ал, Абай аға, осы билік 



байлау  ғой  (М.Әуезов).  Дегенмен,  шынымды  айтайын,  сізді  танымай 

тұрмын. Бірақ, апа, осы екі балаңды адам етем (М.Әуезов). 

 

§50.  Ол  –  ол  ма,  бұл  –  бұл  ма,  ол  –  ол  болмасын  деген  сияқты  тіркестер, 



қыстырма ретінде үтірмен бөлінеді: Ол – ол ма, әңгіме одан да ұлғая түсті. 

§51.  Сөйлем  мүшелерімен  синтаксистік  байланысы  жоқ,  өз  алдына  жеке 

сөйлем сияқты қыстырма конструкциялардың  да екі жағынан үтір қойылады. 

Ол  конструкциялар  көбінесе  қасында,  ішінде,  басы  ...  болып  деген  тәрізді 

сөздердің қатысуымен жасалады, оларды алып тастағаннан сөйлем мағынасы 

ойсырамайды.  

Мысалы:  Бір  топ  адам,  басы  Жомарт  болып,  егінге  қарай  беттеді. 

Газиктің рулін өзі ұстап, қасында Жақып бар,  Жомарт келеді (Ғ.Мұстафин). 

Осы мақсатпен 1913 жылы патша әкімдері ел ішіндегі бір топ ақынды, ішінде 

Жамбыл да бар, Алматыға айдап әкелді («Қазақ әдебиеті»). 

§52. Одағайлар көбінесе сөйлем басында келеді де, үтірмен бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет