Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет112/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Жаманова Г.Р. 
(Қазақстан Республикасы, Жамбыл обл.,
Сарыкемер, №1 мектеп-гимназия) 
 
ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТƏРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ 
 
Патриотизм – Отанға, мемлекетке жəне өз ұлтына деген сүйіспеншілік. Ол жеке адамның 
аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну.
Көрнекті педагог, ғалым Ə.Табылдының пікірінше, ұлтжанды болу өз ұлтын бағалап, 
басқа ұлттарды менсінбеу емес. Анасын, ата-баба мен ұлтын сүйген адам жалпы адамзатты да 
ардақтай біледі. Əрбір адам –ұлы тұлға, бүкіл адамзат – ғаламшардағы құдірет күш [1]. 
Оқушылардың бойына осы ұлттық мақтанышты тəрбиелеуге ұмтыла отырып, тəрбиешілер 
біздің халқымыз заңды түрде мақтан ететіндердің бəріне біздің саяси жəне əлеуметтік 
құрылысымыздың артықшылығына, дүние жүзілік ғылым, техника жəне мəдениет қазынасына 
біздің ғалымдарымыздың, инженерлеріміз бен əдебиет жəне өнер қайраткерлерінің қосып 
отырған үлесіне т.б. біздің оқушыларымыздың назарын көбірек аударуға тырысады. 
Өз отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру - бүгінгі күннің білім беру жүйесі 
алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Тұлғаның бойында өзінің отбасына, отанына 
жəне туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктің бастауы мектепке дейінгі білім беру мекемелері 
болса, бастауыш мектеп қабырғасы сол қасиетті ұғындырушы орта болып табылады. 
Сондықтан негізгі білім бастауыш мектепте болғандықтан, оқушыларды халықтың тарихи-
этникалық мұрасын, ұлтының əдет-ғұрып өнегесін, салт-дəстүрін сақтауға, саналы көзқарасын 
қалыптастыруға, ұлттық рухын көтеруге тəрбиелеу педагогтардың маңызды міндеттерінің 
бірі. 
Оқушыларды патриотизмге тəрбиелеу үрдісін төмендегі іс-шараларға бөлуге болады: 


253 

тілді құрметтеу; 

ұлттық салт-дəстүрді зерделеу; 

елдің тарихы мен мəдениетін оқып зерттеу; 

ата-бабалар өсиетін орындау; 

жер байлығы мен табиғатын қастерлеу. 
Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру арқылы оның танымдық жəне 
жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту маңызды. Ол əр бір оқушыда патриоттық тəрбие, 
патриоттық сана, патриоттық сезім, патриоттық рухты қалыптастырудан бастау алғанда ғана 
тиімді болмақ. Мысалы, оқушыларға оқу үдерісінде патриоттық білім мен тəрбие беруде 
дəстүрлі оқыту əдістерін, оқытудың белсенді əдістерін пайдаланудың маңызы ерекше. 
Сонымен қоса, оқу-тəрбие үрдісінде патриоттық тəрбие беруде оқытудың формалары мен 
түрлерінің əсері жоғары. Мектеп оқушыларын патриотизмге тəрбиелеуге арналған кейбір іс-
шаралар: дөңгелек үстелдер, тəрбие сағаттары, түрлі тақырыптағы кештер, мерекелі атаулар, 
ертеңгіліктер, семинар-конференциялар, тренингтер, пікірталастар, кездесулер т.б. 
Ұйымдастырылған əрбір іс-шаралардың мақсаты мен міндеттерін дұрыс нақтылау, оның 
нəтижелерінің тиімділігін анықтау педагогтың кəсіби шеберлігінен байқалады. Ол үшін 
төмендегі негізгі атқарылатын критерилерге мəн беру қажет, олар:
1. Оқушыларды патриотизмге тəрбиелеуге арналған барлық іс-шаралардың мақсаты 
нақты жəне анық қойылуы керек; 
2. Қойылған мақсаттың тақырыппен тығыз байланысты болуы; 
3. Оның міндеттері қойылған мақсатты жүзеге асыруды амалдарынан құралуы; 
4. Қойылған міндеттерді шешудің тəсілдері, əдістері т.б. нақтылануы; 
5. Күтілетін нəтижені алдын-ала болжау; 
6. Қорытынды мен ұсыныстар жасау. 
Осы жүйемен ұйымдастырылған тəрбиелік іс-шараның мақсаты – патриоттық сана 
қалыптастыру болса ол ар, намыс, ождан, қарыз, парыз секілді т.б. ұғымдар мен түсініктерді 
нақтылау, олар туралы білімдерін жетілдіру жəне олардың ауқымын кеңейтіп, тереңдету жəне 
Отан, мемлекет, ел, ұлт, халық, атамекен секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсету. 
Ұлттардың сана-сезімдерінің қалыптасуына рухани-мəдени шығармалар, ұлттық рухани 
мұралар үлкен рөл атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-сезімінің жетілуіне ерекше 
əсер ететін көңіл-күй, оқиғалар бейнеленеді. Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық 
парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл туған жер, оның табиғат 
байлықтары, ұлттық тілі, дəстүрі, мəдени ерекшеліктері, тарихы жасалған өлкедегі киелі 
орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі 
де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тəрбиелеудің арқауы. 
Патриоттық сезім келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш, сүйсіну, күйіну, 
мақтаныш секілді т.б. эмоциясына түрткі беру, ояту, қозғау салу, дамыту, қалыптастыру 
мақсатын көздейді. Патриоттық сезім жоғары сезімдер тобына кіреді. Өйткені ол «қоғамдық 
мəнді жəне жеке көңіл күйге байланысты моральдік сезімдерге» қатысты болып, сананың 
жетілуімен тығыз байланысты. Қоғамдық тəрбенің ықпалымен патриоттық сезімдер 
тұрақтанып, оқушының іс-əрекеті, мінез құлқын, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, 
Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады. Бұл бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, өзінің жеке 
басы үшін адал қызмет етуінен басталады. Мектеп оқушыларына қатысты бұл жақсы оқуға 
ынталы болу, туып-өскен жерін қадірлеу, отанын сүю, денсаулығын сақтау, жеке іс-əрекетінде 
өзінің қазақ ұлтының өкілі, Қазақстан Республикасының азаматтығын қадір тұту мен 
құрметтеу. 
Патриоттық тəрбие беру арқылы оның іс-əрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, күнделікті 
оқу-тəрбие барысында əр бір оқушының көздеген нысаны мұратымен тығыз байланысты 
болып, тəрбиелік жұмыстарда осыған орай əдет, дағды, икемділік, іскерліктерін дамыту, 
меңгерту, қалыптастыру жəне бойына сіңіру мақсаты белгіленеді. 
Оқушының бойында патриоттық сезімді қалыптастыру ол əрбір іс-əрекетке саналы түрде 
тəрбиеленуі – ол осы бағыттағы жұмыстардың табыстылығының жоғары көрсеткіші. Бірақ 


254 
бұған жету оқу-тəрбие мекемелері мен ата-аналардың жеке басқа да əлеуметтік ұйымдардың 
бірге отырып ұзақ мерзімді, жүйелі əрі мазмұнды жүргізілуін талап етеді. Сонымен қатар
баланың өзін-өзі тəрбиелеу мүмкіндігін белсендіру.
Патриоттық сана, патриоттық сезімнің көрсеткіші – оқушының жемісті іс-əрекеті. Ал, 
жетекші іс-əрекет оның танымдық белсенділігінің дамуы мен тұлғалық ерекшеліктерінің 
қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Іс-əрекет барысында оқушы қоршаған ортаның 
құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана қалыптасып, сезім, 
қабілет, қасиеттерінің дамуына ықпал етеді.
Жастарды отанға, елге, жерге, əдет – ғұрыпқа сүйіспеншілігін арттырудың ерекше 
маңыздылығын ұлы, ойшыл ақын Абай Құнанбаевтың өзі қазақ жастарын ерік – күші мықты, 
өз халқының салт – дəстүрін игерген, ғылымды игерген, ғылымды үйреніп, білім алуға, 
адамгершілік, мейірімділік сияқты қасиеттерді игеруге арнап көптеген еңбектер жазды. 
Мəселен, Абай «Жиырма бірінші қара сөзінде» мақтаншақтың екі түрлісі болады, біреуі 
адамның өзін дұрыс ұстағысы келгендігінен, екіншісі мақтаншақ ойдан туады дейді . 
«Үлкендік, - деп жазды Абай, - адам ішінен өзін - өзі бағалы есеп қылмақ, яғни надан 
атанбастығын, əдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сураншақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, 
кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін 
ондайлардан зор есептемек». 
Оқу-тəрбие үдерісінде ұлтжандылықтың негізгі мазмұнын игеру тетігі өзара 
əрекетестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалармен ересектердің 
бірлескен іс–əрекеті, олардың мазмұнды танымдық əңгімелері. Оқушыларға патриоттық 
тəрбие беру барлық пəндердің үлесіне жатады. Ал алғашқы əскери дайындық пəнінің 
патриоттық сезімді қалыптастыруда атқарар міндеті ерекше. Сондықтан пəнге оқушылардың 
ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін əр түрлі инновациялық технологияларды 
қолданутиімді. 
Оқушыларды өзін-өзі тəрбиелеуге бейімдеу ең алдымен ұстаздардың көмегімен жүзеге 
асырылады. Мұнда оқушының өз тұлғасын қалыптастырудың субъектісіне айналуына шарт 
түзу қажет. Оқушыны өзін-өзі тəрбиелеуі оның ішкі қажеттерінен туындаған ой-сана, мінез – 
құлық, іс-əрекетінің сыртқы жағдайларға сəйкестенуі. Олай болса жас ұрпаққа салт-дəстүрді 
қолдану арқылы ұлттық тəрбие беру мен ұлтжанды тұлға қаыптастыру отбасынан бастап, 
үздіксіз əлеуметтік орта, қоғам, білім беру жүйесі арқылы жүзеге асатынын нақтылайды. Сол 
арқылы ұлттық рух, отансүйгіштік, ұлтжандылық, адамгершілік қасиеттерді дамыту болып 
табылады. Білім беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық жəне жалпы адамзаттық 
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, 
дамытуға жəне кəсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім 
беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Ол білім беру ісін жетілдіруге, 
сақтауға жəне оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға, еліміздің тұрақты əлеуметтік-
экономикалық жəне рухани дамуын қамтамасыз ету мақсатында мəдениетті жаңа ұрпақ 
тəрбиелеуге, тұлға мен қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық жəне 
физикалық жағдайын үнемі жетілдіріп отыруға бағдарлануы жəне білім мен ғылым əрқашан
интеллектуалдық дамуына ықпал етуі тиіс.
Əдебиет 
1. Табылды Ə. Ұстаз тəлімі. – А.: Білім, 2006. 
2. Абай. Қара сөз. Поэмалар. – А.: Ел, 1993. – 271 б. 
3. Жарықбаев Қ. Этнопсихология - ұлт тəрбиесінің өзегі. - А.: Білім. 2005. – 144 б. 
4. Əбенбаев С. Тəрбие териясы мен əдістемесі. – А.: Дарын, 2004. - 96 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет