Жубаназарова Н.С., Асхатова М.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)
3 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шаңырағында дүниеге келген сəбиін «бесіктен тəрбиелеген» халқымыз 3 жастағы
баланың ой өрісінің дамуына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына жете мəн берген. Сол
үшін аяғын енді ғана басып жүрген баланың қалауын орындауға, оның ішкі сана-сезімінің
сыртқы ортадан қандай да бір соққы алмауын бақылап, бетінен қақпай өсіруге тырысқан.
Өйткені дүниеге деген қызығушылығы артып көзіне көрінген затқа, тіршілік иесіне жақын
барып көруге, ұстауға талпына бастаған шағы да осы кезең болып саналады.
3 жастағы сəби өз ауызына тамақ сала алатын, өзі қозғала алатын болғандықтан ішкі жан-
дүниесінде өзінше дербестікке, үлкендерден тəуелсіздікке ұмтылыстың пайда болуы
заңдылық. Мұндай жастағы балалар қарапайым серуендеудің өзінде жетелеген ата-анасынан
ұстамай өзі жүргісі келіп, өз қалауын білдіре бастайды. Мұндай кез көптеген Отандық жəне
шетелдік психолог мамандардың айтуынша баланың «Мен өзім» деген санасын
қалыптастырып, «алғашқы есею» кезеңіне тап болған сəті деп есептеледі.
2007 жылы жарық көрген «Жалпы психологияға кіріспе: оқу құралы» еңбегінде Отандық
ғалым С.М. Жақыпов: «Жас баланың санасындағы мұндай өтпелі кезеңнің дұрыс өтуінің
маңызы зор. Бала психологиясының алғашқы қалыптасу кезеңі болған соң көрініс тауып
жатқан жаңа құрылымдар мен саналық ерекшеліктерге жете мəн беру қажет» - дейді [1, 7 б].
Мұндай сəтте қандай да бір ғылыми теориялық нұсқаулықтар, болмаса салт-дəстүрдің
негізінде қалыптасқан əдет-ғұрып, тыйымдарды қолдануға болмайды. Өйткені əлі де болса
саналы түрде дамымаған бала үшін сыртқы ортаның айырықша талабы оның мінезінің
259
бұзылуына зардабын тигізетін негатив болуы мүмкін. Өз қалауын орындағысы келіп тұрған
бала ойын уақытының өзін созғысы келуі, болмаса күн тəртібіндегі ұйықтау мерзімінде
ұйықтағысы келмеуі де ықтимал. Үлкендердің айтқанына қарсылық білдіру арқылы өзінің
дегеніне жеткісі келуі баланың жаңашылыққа деген ұмтылысынан туындайды.
Адам ғұмырындағы барлық жастың өз ерекшеліктерін жете зерттеп, айтулы еңбек жазған
белгілі ғалым, психология ғылымдарының кандидаты Н.С. Жұбаназарова балада пайда
болатын 3 жылдық дағдарысты былайша сипаттайды: «Ол – үлкен өмірдің салыстырмалы
түрде қысқа кезеңі. Оны бірнеше айға, кейде екі жылға дейін сипаттауға болады. Бала осы
кезеңде айтарлықтай өзгереді, өзінің өмір жолында жоғары деңгейге көтеріледі. Үш жасқа
толғаннан кейін оның айналасы (ата-анасы, туыстары) баладағы елеулі өзгерістерді байқай
бастайды. Бұл кезде баланың мінезінде қыңырлық, өзгермелілік, көңілсіздік пен қатар
белсенділіктің болуы ықтимал» [2, 198б].
3 жастағы балалардағы дағдарыстың басты себептерін былайша қарастырып көруге
болады. Өкінішке орай, ересектердің басым көпшілігі дамудың бұл кезеңі нəресте үшін өте
маңызды психикалық процеспен сипатталатынын түсінбейді де баланың жеке қалауынан
туған «Мен» деген алғашқы көрінісі пайда болады. Осылайша, балалардың мінез-құлқы көп
нəрсені өз бетімен жасауға жəне өз проблемаларын шешуге үйренуге тырысудан байқалады.
Бұл жағдайға қатысты Қ. Жарықбаев: «Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған іс
уақытында қадағаланбаса, біртіндеп берекесіздік пайда болады. Сондықтан балаға кішкентай
кезінен бастап, шамасы келетін талаптар қойып, міндеттер жүктеп, олардың орындалуын
бақылап отырмаса, жас өскінді жауапкершілікке, өз борышын дұрыс түсіне білуге
машықтандыру қиын» - дейді [3, 41 б].
Əйгілі Кеңестік психолог Лев Выготский 3 жылдық дағдарысты балалардың өсу
жолындағы ең қиын кезең деп санады. Н.С.Жұбаназарова: «Үш жасар баланың жаңа
қажеттіліктері онымен өзара əрекеттесудің бұрынғы моделіне жəне бұрын қалыптасқан өмір
салтына сəйкес келмейді. Сондықтан, ол өзінің «Мен» сөзін қорғау үшін ата-анасына қарсы
əрекет етеді, өзінің «Мен қалаймын» жəне «сөйту керек, былай істеу керектің» арасындағы
қайшылықты сезінеді. Осылайша баланың даму процесі жүреді [2, 203 б]. Дамудың кез-келген
процесі баяу өзгерістерден басқа, күрт дағдарыстық ауысулармен бірге жүреді. Біртіндеп
тұлғалық өзгерістер жағдайға байланысты ауысып тұрады.
Көп ата-ана байқай бермейтін 3 жылдық дағдарыстың белгілері қалайша байқала
бастайды? Бұл назар аударуды қажет ететін өте маңызды жағдай. Дағдарыс кезеңінде балалар
өздерінің жеке басын жəне іс-əрекеттерін бағалауға ерекше сезімталдықпен реакция береді.
Олар ортадағы оқиғаларды аңғарғыш, əрі өзіне жақпаса кекшілдеу (олар ұзақ уақыт бойы
есінен шықпайтындай етіп сақтай алады), айлакер (сезімдер мен көңіл-күйлерді көрсетеді).
Баладағы 3 жылдық дағдарыс белгілері мен негізгі көріністерін алғаш рет австриялық
психолог Эльза Келер сипаттаған. Ол үш жылдық дағдарыстың осындай белгілерін былайша
атап өтті: «Негативизм, қыңырлық жəне қырсықтық, өзіндік ерік-жігер, наразылық,
ересектерді елемеу, деспотикалық мінез-құлыққа ұмтылу кездеседі. Алайда, бұл
композицияның теріс сипаттамаларының артында ата-ана баланың қоршаған ортамен сапалы
жаңа қарым-қатынас жасау əрекеттерін көруге жəне өзінің «Мен»-ін бөлуге тырысуы керек.
Көбінесе үш жастағы балалар ата-аналарының ұсыныстарына жауап ретінде кез-келген
əрекеттерді «мен өзім» деген сөздермен сүйемелдейді. «Мен өзім» тіркесінің феномені іс-
əрекеттегі тəуелсіздікті ғана емес, сонымен бірге баланы ересек адамнан психологиялық
оқшаулауды да білдіреді. Ата-ана баламен қарым-қатынасты өзгерту жəне оларды қайта құру
қажеттілігін неғұрлым тез түсінсе, дағдарыстың көріністері соғұрлым теріс болады [4, 58б].
Қырсықтық жəне негативтілік балалар мінез-құлқының пайда болуы көп жағдайда
олардың ойындағы қалауын үлкендерге жеткізе алмауынан деп түсінуге болады. Оны 3 жас
шамасындағы баланың іс-əрекеті мен көңіл-күйіне қарау бағамдай аламыз. Көп жағдайда
үлкендер бұл қылықты өздеріне қарсылық ретінде қабылдайды да, балаға жасаған тыйымды
үдете түседі. Психологтардың айтуынша үш жастағы дағдарыс кезеңіндегі балалар шамадан
тыс табандылығымен сипатталады. Егер бала ересек адамнан нақты бір нəрсеге қол жеткізгісі
260
келсе, онда қалауы орындалғанша (болмаса өзге бірдеңеге алаңдап бастапқы қалауын ұмытып
кеткенше) қасарысып тұрып алуы мүмкін. Бұл жағдай бала қалаған нəрсесін алмаған жағдайда
жиі байқалады. Олардың ата-аналарына мұндай жағжайға жол бермеу үшін оны
қызықтыратын объектіге немесе құбылысқа баланың назарын аударуға тырысу керек. Ең
бастысы ойластыра отырып əрекет ету керек. Ата-ананың айқайы жағдайды тек қана
нашарлатуы мүмкін.
Сондай-ақ, қыңырлық-үш жастағы дағдарыс кезеңіндегі балаларға тəн қасиет деп
қарауға болады. Бұл нəресте белгілі бір нəрсені қалайтындықтан емес, ол талап ететін нəрсені
орындау үшін қажет болғандықтан көрінеді. Бала тек өзінің бастапқы шешімімен байланысты
қарайды. Балалардың мінез-құлқындағы қыңырлық үш жылға дейін қалыптасқан білім беру
жүйесіне, өмір салтына қарсы бағытталған.
Халықаралық «Денсаулық жəне медицина» журналы жеке тұлға қалыптасуының бұл
кезеңін шартты түрде «үш жылдық дағдарыс» - деп атаған. Ересек адамға бағынбаудың
алғашқы белгілері кейде сəбидің 18-20 айында байқалады, бірақ олар 2,5 жастан 3,5 жасқа
дейін ең жоғары деңгейге жетеді [4, 34 б].
Бұл құбылыстың ұзақтығы да шартты жəне əдетте бірнеше айды құрайды. Алайда,
қолайсыз оқиғалар жағдайында дағдарыс бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл
психоэмоционалды реакциялардың ауыр дəрежесі болып саналады, дегенмен кезеңнің
ұзақтығы мына сипаттамаларға байланысты:
- балалардың темпераменті (холерикалық белгілер айқын көрінеді);
- ата-ана стилі (ата-аналардың авторитаризмі балалардың негативизмінің көріністерін
күшейтеді);
- ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері (қарым-қатынас неғұрлым
жақын болса, жағымсыз жақтарды жеңу оңайырақ [3, 305 б].
Мамандардың айтуынша бұрын толығымен ата-анаға мойынсұнғыш бала кенеттен
«өзіндік көріністерді» ұйымдастыра бастайды. Қалаған нəрсеге қол жеткізуге тырысады.
Кейде дағдарыс кезеңінің қарқындылығы соншалықты ата-аналар жүйке нервтерін
тыныштандыру үшін валерианға жүгінеді дейді. Сонымен қатар, психологтар үш жылдық
дағдарыс əр баланың өміріндегі міндетті кезең болып табылады, ол ересек адамнан бөлініп,
өзін тəуелсіз бірлік ретінде таниды. Сондықтан мұндай жағдайда баланың өсуіне кедергі
жасамауыңыз керек, бірақ балаға осы кезеңді барынша тиімді өткізуге көмектесу қажет. Бұл -
əлеуметтік қатынастарды бұзу жəне қайта құру деп қарауға да болады [5, 14 б].
Американдық ғалым Эрик Эриксон үш жылдық дағдарыс баланың ерік-жігері мен
тəуелсіздігін қалыптастыруға ықпал етеді дейді [5, 49 б]. Жанама жағдайлар эмоционалды
реакциялардың қарқындылығына əсер етуі мүмкін. Мысалы, балабақшаға бейімделуге немесе
отбасындағы өзінен кейін інісінің немесе қарындасының дүниеге келуі кезіне сəйкес келсе
балаға дағдарысты бастан кешіру сəл қиынырақ болуы мүмкін. Ал, психология ғылымы 3
жылдық дағдарысты симптомдардың жеті жұлдызы ретінде сипаттайды. Бұл ерекше қасиеттер
баланың ересектерден тəуелсіздік кезеңіне өткенін анықтауға көмектеседі. Оның
эмоционалдылығы бүлінудің немесе əдеттегі қауіптіліктің салдары емес дейді.
Көп жылдардан бері бала психологиясын зерттеп, жас ұрпақтың мінез-құлқын дұрыс
қалыптастыру мəселесімен айналысып жүрген мамандар ата-аналарға балада болып жатқан
өзгерістерге тиісінше мəн беруге тырысқан жөн дейді:
- Баламен болған авторитарлық қарым-қатынас стилін гипер-қамқорлыққа, серіктестік
қарым-қатынасқа ауыстыру қажет;
- балаға дербестікті (ақылға қонымды шектерде) беру керек;
- эмоциялар мен агрессивтіліктің өршуіне қатысты ақыл беру керек;
- баланың агрессиясын елемегендей күй танытпай, керісінше өзіне түсінікті етіп оны
талқылап көру керек.
«Симптомдардың жеті жұлдызы» ретінде Л. Выготский 3 жылдық дағдарысты
сипаттады. Үш жылдық дағдарыстың алғашқы белгілері - негативизмнің пайда болуы жəне
тəуелсіздікке деген қызығушылықтың артуы. Мұндағы негативизм - баланың өз тəуелсіздігін
261
көрсету əрекеті. Басқаша айтқанда, ата-анадан естіген кез-келген сөйлемге керісінше жауап
береді. Бұл кезде «жоқ», «ойнамаймын», «жатпаймын», «отырмаймын» деген сөздер оның
сүйікті сөздеріне айналады. Мысалы, анасы баланы түскі асқа шақырады, бірақ ол «жоқ» - деп
жауап береді, бірақ 10 минуттан кейін қарны ашқан соң үстелдің басына өзі-ақ келеді.
Осындай мінез-құлықпен ол түскі ас ішу керек пе, жоқ па, соны шешетінін көрсетеді. Мұндай
əрекеттер сөйлемнің мазмұнына жауап болып табылмайды. Бұл реакция ұсынысты жіберушіге
бағытталған деп қарауымыз керек. Дамудың дағдарыстық кезеңін бастан кешіретін бала.
Сондықтан өзінің қалауына қарсы болса да, керісінше жауап беруге тырысады [6, 62 б].
Біз мақалада келтірген мысалдар, пікірлер мен жоғарыда сипатталған агрессивті
сезімдерге сəйкес келетін əдістердің əрқайсысы белгілі бір жағдайларда ғана орынды болуы
мүмкін. Көп жағдайда бала тəрбиесі əр отбасыда өзгеше болуы себепті кейбір тұжырымдар
жарамауы ықтимал. Ал, шынайы өмірде балаға қысым жасаудың немесе оны қажетті əрекетті
орындауға мəжбүрлеудің қажеті жоқ. Керісінше бала өзінің есейіп келе жатқанын сезінуі үшін
сəл де болса ересек адамша сөйлесіп көріңіз. Егер сіз анасы болсаңыз баламен əкесінің немесе
керісінше жасауға болады. Бала – тіршіліктің жалғасы, өміріміздің ертеңі. Сондықтан оның əр
сəтін, қылығын, тəрбиесін бақылап отыру, психологиялық қалыптасуына назар аудару ата-ана
үшін маңызды болуы керек.
Əдебиет
1. Жақыпов C.М. Жалпы психологияға кіріспе: оқу құралы, - Алматы, Қазақ университеті, 2007. – 230
б.
2. Жұбаназарова, Н.С. Жас ерекшелік психологиясы. Оқу құралы/ Н.С.Жұбаназарова. - Алматы: Қазақ
университеті, 2014. - 249 б.
3. Жарықбаев Қ., Саңғылбаев О.С. Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. –
Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б.
4. Мұқанов М. Ақыл ой – өрісі. - Алматы, 1975.
5. Алдамұратов Ə. Жалпы психология. - Алматы, 1993 .
6. Вопросы детской психологии / Л. С. Выготский. — Москва : Издательство Юрайт, 2019. — 160 с.
Достарыңызбен бөлісу: |