Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет109/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Жигитбекова Б.Д. 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті) 
 
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Топ – бұл əлеуметтік психологияның негізгі түсініктерінің бірі. Зерттеу тақырыбы жəне 
нысаны ретінде ол көптеген белгілі ғалымдардың жəне практиктердің назарында болған, бірақ 
бұл құбылысты белсенді түрде зерттеу ХХ ғасырдың екінші жартысында жүзеге асырыла 
бастаған еді. Дəл осы кезеңде психологияның қолданбалы жəне тəжірибелік салаларында 
тренинг түсінігі пайда болды жəне кеңінен қолданыла бастады.
Адамдарға психологиялық көмек көрсету тəсілі ретінде топтық тренинг алғаш рет шет 
ел психологиясында қолданылды. К. Левин қалыптастырған негізгі ой: «Адамдар өздерінің 
бойындағы барабар емес белгілерді анықтау жəне мінез-құлықтың жаңа түрлерін 
қалыптастыру үшін өздерін басқалардың көзқарасымен көре білуді үйренуі қажет» - деген 
мазмұнда болды [1]. 


244 
Алғашқы тренингтік топты (Т-тобын) жаратылыс ғылымдары саласындағы бірнеше 
мамандар құрған, олар 1946 жылы негізгі əлеуметтік заңдарды (мысалы, жұмысқа алу заңы) 
зерттеу, шешімдердің оңтайлы варианттарын іздеу жəне оларды қолданумен байланысты 
əртүрлі жағдайларды «ойнату» үшін іскер адамдар мен кəсіпкерлерді жинаған. Нəтижесінде, 
алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың əрбір мүшесі кері байланыс алу көмегімен өз-өзін 
жаңа қырынан ашу жəне өз-өзін түсіну тəжірибесін игерді. 1947 жылы Бетеле қаласында (Мэн 
штаты) тренингтің ұлттық зертханасы құрылған болатын. Алғашқы тренингтік топтар 
«базалық ептіліктердің тренингтік тобы» деп аталды. Т-топтың негізгі міндеттері оған
қатысушыларға өзара жеке тұлғалық қатынастың негізгі заңдарын, қиын жағдайларда 
жетекшілік ете білу жəне дұрыс шешім қабылдай алуды үйрету болды. Кейінірек мұндай 
топтар міндеттері бойынша бөлшектене жəне белгілі бір категорияларға бөліне бастады: 
1) икемділік топтары (жетекшілерді, іскер адамдарды дайындау); 
2) өзара жеке тұлғалық қарым-қатынастар топтары (отбасы мəселелері); 
3) «сенситивтілік» топтары (жеке тұлғаның өсуі жəне өзіндік жетілуіне, 
жасқаншақтықты жеңуге жəне т.с.с. бағытталған топтар). 
Бірақ та ұзақ уақыт бойында мұндай топтар негізінде дені сау адамдарды əр түрлі рөлдік 
қызметтерге үйретуге бағытталған болатын: 
 басшылықпен жəне қол астындағы қызметкерлермен қатынас; 
 қиын жағдайларда тиімді шешімдерді өндіру; 
 ұйымдастырушылық іс-əрекетті жақсарту əдістерін іздестіру жəне т.с.с. 
Адамдардың кез-келген тобы шынайы өмірді, қарапайым адамдардың өмірінде бар 
қарым-қатынастарды бейнелейді. Алайда жасанды түрде құрылған зертхана шынайы өмірден 
келесі белгілерімен ерекшеленеді: 
 əркім тəжірибеші жəне тəжірибенің нысаны бола алады; 
 шынайы өмірде шешілуі мүмкін емес міндеттерді шешу мүмкіндігі туады; 
 топтағы дəрістер «психологиялық қауіпсіздікті» ұйғарады, бұл тəжірибенің 
«тазалығын» қамтамасыз етеді. 
Психологиялық тəжірибе саласында белгілі мамандар Т-тобының басқа түрдегі 
топтардан айырмашылығы қалай үйрену қажеттілігін баулуға негізделеді деп жазады. Мұнда 
топтың мүшелерінің барлығы жалпы өзара үйрену процесіне тартылады жəне сондықтанда 
олар əдетте жетекшіге емес бір біріне сүйенеді. Т-тобында оқыту жетекшінің түсіндіруі жəне 
нұсқауларынан бұрын, топтың өз тəжірибесінің нəтижесі болып келеді.
Т-тобының басқа да басымды жағы: 
 өз-өзін таныстыру; 
 кері байланыс; 
 эксперименттеу
сияқты элементтерді шамалаған процестің сипаттамасына байланысты [2]. 
Топтық психологиямен жəне «топ нəтижесін» жеке тұлғаға арнайы əсер ету құралы 
ретінде пайдалануға байланысты нəтижелі жұмыстар қатарына көп жағдайда А.Адлердің, 
К.Левиннің, Дж. Мореноның, Дж. Праттаның, К.Роджерстің еңбектері жатады.
Топтың жеке тұлғаға кəсіби əсер ету құралы ретінде, отандық психологиялық көмек 
тəжірибесінде, ХХ ғасырдың басыннан бері қолданылады деп айтуға болады. Дегенменде 
топтық жұмыстар əдістемелеріне деген ғылыми жəне тəжірибелік қызығушылық Ресейде тек 
осы ғасырдың 90 жылдарында ғана арта бастады. Ресей ғалымдарының арасынан топтық 
жұмыстардың мəселелерін теориялық жəне əдістемелік жағынан талдаған алғашқы ғалым 
ретінде Лариса Андреевна Петровскаяны атауға болады, оның монографиясы 1982 жылы 
жарық көрген [3]. Өзінің еңбектерінде ол тренингті (нақтырақ айтқанда, əлеуметтік-
психологиялық тренинг-ƏПТ) қатынас саласындағы білімге жəне жеке қабілеттерге үйретудің 
өзіндік түрі, сондай-ақ оларды түзетудің сəйкес формасы ретінде қарастырды. Бұл 
формалардың алуан түрі үлкен екі класқа бөлінеді: 
а) арнайы қабілеттерді дамытуға бағытталғандар; 


245 
б) қатынас жағдайында талдау тəжірибесін тереңдетуге мақсатталғандар; 
Əрине кеңестік тренинг мектептерінің көбі батыстан келген теориялық 
тұжырымдамаларға сүйенетін, əрі топтық психологиялық жұмыстардың формаларының өзі 
бүгінгі күнге дейін шетелдік үлгілердің өзгертулері болып табылады. Дегенменде, соңғы 
уақытта əлемдік деңгейдегі мамандар жетілуде, олардан шетелдік психологтардың да алар 
тəлімі мол.
Топтық психологиялық тренинг практикалық психологияның өзін-өзі тану жəне өзін-өзі 
жетілдіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын белсенді əдістерінің бірігуі 
болып табылады. Сонымен бірге тренингтік əдістердің клиникалық психотерапия аясында 
неврозды, алкоголизмді жəне бір қатар соматикалық ауруларды емдеу кезінде қолданумен 
бірге, психикалық жағынан сау, алайда жеке басында психологиялық проблемалары бар 
адамдармен жұмыс істеу кезінде, оларға өзін-өзі жетілдіруде көмек көрсету мақсатында 
қолданылатындығында баяндайды [4]. 
Психологиялық тренинг – топтық жұмыстың кез-келген түрі емес, бұл өзінің 
мүмкіндіктерімен, шектеулерімен, ережелері жəне мəселелерімен топтық жұмыстың ерекше 
түрі. Тренинг өзінің мəні бойынша оқытудың түрі, жаңа дағдыларды игеру, өзінің бойынан 
жаңа психологиялық мүмкіндіктерді ашуды білдіреді. Оқытудың бұл түрінің ерекшелігі дəріс 
алушылар онда белсенді бағыт ұстанады, ал дағдыларды игеру өмір сүру барысы, мінез-
құлқының, сезінулерінің, əрекеттерінің жеке тəжірибесі процесінде жүзеге асады.
Яғни, екі түсінікті: психологиялық тренинг жəне оқыту іс-əрекеті аясында жүргізілетін 
тренингтік дəрістерге, бөлетіндігін ескерейік.
Оқыту іс-əрекеті барысындағы тренингтік дəрістер (мектепте, колледжде, жоғары оқу 
орнында): 
а) барлық оқу тобына; 
б) міндетті тəртіпте; 
в) аптасына бір рет қысқа кездесулер тəртібінде; 
г) оқу орындарына тəн өте төмен психологиялық қауіпсіздік жағдайында- тренингті 
пайдалануға болатын тренингтік əдістемелердің жəне процедуралардың маңызды өзгертулері 
[1]. 
Тренингтің мəніне түсінік беретін көзқарастарға шолуды түйіндей келе, аталмыш 
түсінікке жалпылама анықтама берілетін тағы да бір көзқарасқа тоқталсақ. Этникалық 
толеранттықтың жəне осы контексте тренингтік топпен жұмыс жүргізу əдістері мен 
шарттарын ұйымдастыру мəселелерін шеше келе Н.М. Лебедева, О.В. Лунаева, Т.Г. 
Стефаненко тренингті белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған арнайы үлгіде 
ұйымдастырылған топтық жұмыс ретінде қарастырады [2].
Жоғарыда келтірілген көзқарастарды жəне анықтамаларды жалпы қорытындылай келе
практикалық психологияның бұл түрін оқыту аясында да қолдануға болады. 
Əдебиет 
1. Жігітбекова Б.Д. Топтық психотерапия /Алматы, Ұлағат, 2008. - 196 б. 
2. Пахальян В.Э.Групповой психологический тренинг / Санкт-Петербург: Питер, 2006. – 224 с. 
3. Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга / М.: Ось, 2007. – 256 с. 
4. Сартан Г. Подготовка профессиональных тренеров // Вестник практической психологии образования. 
Сер. психология -2004.-с.28-34. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет