Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет113/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 
 


255 
Жидебай Ж.Қ., Құдайбергенова С.К. 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 
ЖАҒЫМСЫЗ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ КҮЙЛЕРДІҢ ƏСКЕРИ 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДЕГІ КӨРІНІСІ 
Тақырыпты таңдауды дəйектеу жəне мақсаты мен міндеттері: Əскери қызметкер үшін 
эмоционалды тұрақтылық маңызды. Себебі, олардың жұмысында стресс, эмоционалдық 
шиеленіс, мазасыздық, шамадан тыс жұмыс, депрессия, невротикалық күйлер, апатия, өз-
өзіне күмəндану секілді жағымсыз эмоционалды күйлер жиі орын алады. Əскери 
қызметкерлердің кəсіби ортасының эмоционалды факторларының əсеріне үнемі қарсы тұруы 
денсаулықтың, оның ішінде психикалық денсаулықтың бұзылуына əкеледі. Дүниежүзілік 
Денсаулық сақтау ұйымының мəліметі бойынша, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы 
суицид, яғни өз-өзіне қол салушылардың саны бойынша əлемде үшінші орында тұр. Аса 
маңызды көңіл аударатын жайт, осындай негативті əлеуметтік жағдайлар Қазақстан 
Республикасының əскери бөлімдерінде де орын алып жатыр. Бұған дəлел, 2014 жылғы өз-өзіне 
қол салушылардың статистикасының қорытындысы бойынша, елімізде əскери қызметкерлер 
арасында суицидтің 27 жағдайы тіркелген, ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша 18 
жағдай орын алған екен. Жыл сайын бұл көрсеткіштер артуы зерттеушілердің назарын 
алаңдатады [1].
Əскери қызмет барысында əскери қызметкердің тиімді əрі нəтижелі жұмыс атқаруы 
туралы зерттеулерді жүргізу өзекті саналады. Əлемде орын алған саяси-экономикалық, 
əлеуметтік-демографиялық ақуалдар салдары əскери қызметкерлердің де психо-эмоционалды 
күйіне əсерін тигізбей қоймады. Əскери қызметкерлердің жарақат, контузия алуының, 
жаралануының, мертігуінің, сондай-ақ жеке құрамның қаза болуының алдын алу, əскери 
қызметті өткерудің қауіпсіз жағдайларын жасау жəне қамтамасыз ету проблемасының ерекше 
өзектілігі мен маңызы бірқатар себептермен айқындалған. Əдетте əскери қызметкерлердің 
бойында болуы керек қасиеттерге жоғары талаптар қойылады. Əскери қызметкердің бейтаныс 
жағдайда кəсіби дағдыларын жоғалтпай, кəсіби қызметтегі тиімділікті сақтай отырып, оның 
маңыздылығы мен өнімділігін арттыруы эмоционалды тұрақтылық пен үйлесімді жұмыс істеу 
қабілетімен көп жағдайда байланысты болады. Күрделі психо-эмоционалдық жағдаяттар орын 
алғанда жəне шұғыл эмоционалды тұрақтылықты ұстап тұру қажеттілігі туындаған жағдайда 
əр адам өзінің мəселесін шешу жолдарын немесе "күресу стратегиясын" қолданады. Мұндай 
стратегиялар көбінесе жеке тəжірибеге жəне оның психологиялық ресурстарына негізделеді 
[2]. 
Кəсіби парыз əскери қызметкерлерден жауапты шешімдерді қабылдауды, ашу-ыза мен 
мазасыздық секілді жағымсыз эмоционалды күйлерді жеңуге міндеттейді. Жағымсыз 
эмоционалды күйлерге əскери қызметкердің кəсіби ерекшеліктерін ескере отырып, жиі 
кездесетін агрессивтілік, мазасыздық, апатия, депрессия стрессті тереңірек қарастырсақ 
болады.
Агрессивтілік-бұл өз мақсаттарын жүзеге асыру барысында, зорлық-зомбылық 
құралдарын пайдалануға дайын тұлғаның жеке қасиеті. Агрессия-агрессивтілік көрінісінің 
деструктивті əрекеттер барысында, белгілі бір адамға зиян келуі болып табылады. Əскери 
қызметкерлердің агрессиялық мінез-құлқы əртүрлі мақсаттарды көздейді: өмірлік мүдделерді 
қорғау тəсілі; психологиялық босату, бұғатталған қажеттілікті алмастыру тəсілі; жеке мүддені 
қамтамасыз ету жəне белгілі бір мақсатқа қол жеткізу құралы; зорлық-зомбылық арқылы өзін-
өзі растау қажеттілігін қанағаттандыратын мақсат болып табылады. Алайда, агрессияның 
белгілі бір түрлеріне дайын болу жəне мұндай мінез-құлықтың мақсаттары қажеттіліктердің 
жəне осы қажеттіліктер жүзеге асырылатын жағдайлардың иерархиясымен, əлеуметтік 
қатынастар жүйесіне қосылу дəрежесімен анықталады [3]. 


256 
В.Ф. Перевалов, жағымсыз мінез-құлық белгілерін қалыптастыруда жəне тіпті тұлғаның 
деформациясында мазасыздықтың себебі туралы айтады. Əскери қызметкерлер 
мазасыздыққа, оған қоса ауыр оқиғалар, авариялар мен апаттар тудыруы мүмкін əрекеттерді 
жасауға бейім келеді. Мазасыздық белсенділікті ынталандыруы жəне бейімделмеген мінез-
құлық стереотиптерін бұзуы да мүмкін. Бұл əскери қызметке теріс те, оң да əсер етуі ықтимал. 
Əскери қызметкерлерге қатысты оңтайлы жағы: ықтимал төніп тұрған қауіпті сипаттайтын 
мазасыздық олардың көздерін іздеуге жəне нақтылауға, қоршаған ортаны белсенді зерттеуге 
итермелейді. Əскери қызметкер үшін ұрыс қимылдары жағдайында өнімді зияткерлік 
қызметті сақтау маңызды. Сонымен қатар, мазасыздық кез-келген шиеленісті қажет ететін 
жағдайларда белсенділікті қиындатады, мұны көптеген зерттеушілер дəлелдеді. Л.В. 
Бороздинаның жүргізген зерттеулері мазасыздық деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның 
интеллектуалдық белсенділікке бейтараптандыратын əсері соғұрлым айқын болатындығын 
көрсетті [4]. Əскери күрес барысында мазасыздық біршама төмендейді, ал орындалғаннан 
кейін мазасыздық деңгейі қайтадан жоғарылайды. Осыны ескере отырып, мазасыздық деңгейі 
жоғары əскери қызметкерлер үшін əскери-кəсіби қызметте мақсат қоюдың жеткіліксіздігі, өз 
қызметіндегі басты нəрсені бөліп көрсете алмауы, іс-əрекеттің дəлдігі мен автоматизмінің 
төмендеуі, эмоционалды жəне психикалық жағдайдың нашарлауымен сипатталады деуге 
болады. Мұның салдары қызметте тиімділіктің төмендеуіне əкелуі мүмкін. А.М. Прихожан, 
айтқан ережелеріне сүйене отырып, мазасыз əскери қызметкерлердің табысқа деген көзқарасы 
қақтығыс ретінде сипатталатынын атап өтуге болады. Олар əрбір нəтиженің сəтті аяқталуын 
күтеді, тіпті егер ол екіталай болса да, бірақ сонымен бірге сəттілік ықтималдығы объективті 
жоғары болса да, оған сенімділік танытпай, күмəнданады. Бұл қарама-қайшылық белгісіздік 
жағдайын тудырады, мазасыздық деңгейін арттырады жəне əрекет жағдайларын қалыпты 
есепке алуға кедергі келтіреді. Сонымен қатар, олар жағдайдың нақты əрекеттеріне емес, ішкі 
сезімдерге, үміттерге, сенімдер мен қорқыныштарға назар аударуы мүмкін. Мұндай əскери 
қызметкерлер өз əріптестеріне қарағанда сəтсіздікке жиі ұшырайды деп болжауға болады, 
сонымен қатар, бұл өз кезегінде теріс эмоционалды тəжірибе жинақтауға əкелуі мүмкін [5, 11-
18 с.].
Таралу деңгейі бойынша депрессиялық бұзылыстар, басқа психикалық бұзылыстардың 
арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. Əскери ортада дезадаптациямен байланысты 
депрессиялық күйлер, оның ішінде реактивті депрессиялар жиі орын алуды, сонымен қоса, 
бұндай күйлерді анықтау оңай емес. Əскери қызметкерлердегі депрессиялық жағдайлардың 
психологиялық аспектілері, əсіресе Қазақстан Респбликасының армиясында болып жатқан 
қазіргі күрделі əлеуметтік-саяси жағдайларға қатысты. Əскери қызметкерлердің депрессиялық 
күйлері күрделі құрылымға ие. Бақылаулар көрсеткендей, депрессиялық күйлер, эмоционалды 
күйзелістің көрінісі ретінде, əскери қызметкерлерде көбінесе басқа психологиялық күйлердің 
маскасымен жүреді, мысалы, агрессивтілік, оппозициялық, апатия, бұл олардың уақтылы 
диагнозын қиындатады, осыған байланысты əскери қызметкерлердің депрессиялық күйлерін 
тану, депрессияның агрессивті жəне аутоагрессивті эмоционалды көріністерімен байланысы 
өзекті мəселелердің бірі болып табылады жəне мұқият назар аударуды жəне зерттеуді талап 
етеді [6].
Əскери қызметшілердің депрессиялық күйлерін А.Эллис теориясының көмегімен 
түсіндіруге болады. Əскери қызметтің ерекшелігі-тапсырмалардың көпшілігі командалар мен 
бұйрықтар түрінде беріледі, бұл белгілі бір ойлау жүйесін қалыптастырады: əскери 
қызметкердің ішкі диалогы командалар түрінде де болады. Бақылау жəне реттеу əдісі ретінде 
командалардың, бұйрықтардың өзі жеке стильде болуы жағдайға икемді, бейімделгіш 
реакцияны болдырмайды, тіпті қалыпты жағдайда да бұйыра сөйлеуді қабылдау өте қиын, 
щұғыл сəттерде немесе əскери қызметтің шиеленісті жағдайларында сипатталған 
дəрменсіздік, кінə, жазаны күту сезімдерін қалыптастырып, күйзеліске əкеледі. Əскери 
қызметкердің "барлығы немесе ештеңе" деген ойы, өз-өзіне қол жұмсау үрдістерінің пайда 
болуы тұрғысынан қауіпті болуы мүмкін [6, 291 с]. М.Селигман зерттеген «дəрменсіздік 
теориясын» əскери қызметкерлердегі депрессияны түсіндіру үшін де қолдануға болады. Кез-


257 
келген сарбазға сыртқы оқиғалар оған тəуелді емес деп үйретеді, сəйкесінше оларды өзгерту 
немесе болдырмау үшін ештеңе істей алмаймын деген ой қалыптасады. Əскери қызметкерлер 
мен төменгі қолбасшылықтың сарбаздарында өзіндік "үйретілген дəрменсіздігі" бар. Əсіресе, 
бұл жағдайды өздеріне шамадан көп жауапкершілік алып, барлық нəрсені өз бақылауында жиі 
ұстайтын, сəтсіздіктен қорқатын əскери қызметкерлер сезінеді. Мұндай адамдарда кінə, реніш, 
негативизм секілді депрессияның қосалқы көрінісі дамып, эмоционалды күйдің нашарлауына, 
тіпті кей жағдайда өз-өзіне қол салумен аяқталуы [7]. 
Стресс-бұл жеке тұлғаның өз эмоциялары мен əрекеттерін бақылауды жоғалту 
салдарынан ағзаның экстремальды іс-əрекеттерге қайтаратын интегралды жауабы. Əскери 
қызметкерге өз міндетін орындауда зейінін шоғырландыру қиындық тудырып, оның көңіл-
күйі жиі өзгереді, истерия жəне қозғыштық реакциялары жоғарылайды. Стресстік жағдайға 
жиі ұшырайтын əскери қызметкерде эмоционалды проблемалардан бөлек, танымдық 
процесстердің жұмысының нашарлауы да байқалады. Алайда, əскери қызметкер айналасында 
болып жатқан оқиғаларға бейімделуге мəжбүр [8]. 
Стресс ұғымы əртүрлі уақытта жəне əртүрлі бағытта қарастырылды. Стресс ілімінің 
негізін қалаушы-канадалық ғалым Ганс Сельеден бастап, В. Вундт (1880), У. Джемс (1905), В. 
Кхрон (1982), Р.Лазурский (1956) ұсынған концепцияларынан бөлек қазіргі психологтардың 
еңбектеріндегі «коппинг» терминін қарастырсақ болады. Қазақ тілінде «күресу» мағынасын 
беретін бұл термин қазіргі таңда «стресс» сөзіне синоним ретінде қолданылады, оның мəні 
осы авторлар ұсынған тұжырымдаманың мəнін көбірек көрсетеді. Тұжырымдаманың 
мазмұнына сəйкес «жағдайды жеңу» қиын жағдайды тудырған себептерді уақтылы жəне дəл 
тануды, өмір сүру ортасының белгілі бір жағдайларына уақтылы жəне барабар жауап беруді 
білдіреді [9]. 
Əскери қызметкерлердегі кəсіби стрессті жауынгерлік, əскери-кəсіптік күйзеліс 
реакцияларының жəне жарақаттан кейінгі стресстік бұзылулардың дамуы бойынша жоғары 
тəуекел тобына жатқыза аламыз. Жауынгерлік жəне қызметтік стресс бейбітшілік пен 
тұрақтылықты қолдау операцияларында күйзелістік əсеріне ұшыраған адамдардың күтілетін 
жəне болжанатын эмоциялық, зияткерлік, физикалық жəне мінез-құлық реакцияларын 
қамтиды. Əскери қызметкерлерге əсер ететін негізгі стресс факторлары психологиялық, 
эмоционалды, танымдық жəне экологиялық болып бөлінеді. Көбінесе жауынгерлік, қызметтік 
стресс факторлары əскери немесе арнайы операцияны жүргізу объектісінің əскери 
қызметкерлердегі дене жарақаттарына бағытталған əрекеттерімен қалыптасады [10]. 
Əдебиеттерге шолу жүргізу кезінде əскери қызметке байланысты стрессті зерттеуді 
көрсететін Elibrary ғылыми кітапханасындағы 123 жарияланымның іріктемесіне жасалған 
талдау бойынша 54 əдебиетте (44%) – əскери қызметшілердің жекелеген санаттарындағы 
стрессі анықталған: əскери училище курсанттарында – 42,6%, ұшқыштарда – 9,3%, əскери 
училищелер оқытушыларында-7,4%. Ал қалған 69 (56%) əдебиетте жоғары командалық 
құрамның, əскерге шақырылушылардың күйзелісі бойынша əскери қызметкерлердің аралас 
топтарындағы зерттеулерге арналған. Əскери университеттің курсанттары мен офицерлерінде 
стресстің пайда болуына себеп болатын стресс факторлары зерттеулерінде ең көп 
таралғандары: жеке тұлғалардың теңгерімсіздігі, олардың тəртіпсіздігі, басқарушылық 
қабілетсіздігі жəне қызметтегі стресстік факторларға байланысты тұлғааралық қақтығыстар. 
Сондай-ақ офицерлер арасында стресс факторларының келесі таралуы көрсетілген: 
респонденттердің 21% – да жеткіліксіз қаржылық жағдай, 14% – да қызметтік жүктеме, 14% - 
билік тарапынан біржақты көзқарас, 14% - қосымша жауапкершілік, қолайсыз өмір сүру 
жағдайлары. Келісімшарт бойынша міндетін атқарып жатқандар арасында үш жетекші стресс-
агент анықталған: төмен қаржылық жағдай, биліктің біржақты көзқарасы жəне қолайсыз өмір 
сүру жағдайлары [11]. 
Əскери қызмет ер адамнан пендеге берілген бүкіл жақсы қасиеттерді көрсетуді талап 
етеді. Əскери қызметкер, өз ісінің маманы саналуы үшін, ең алдымен өзін тұлға ретінде 
қалыптастыруы шарты, əрі қиын кезеңде алғырлық, сенімділік, тапқырлықты өз бойында 
тəрбиелеуі қажет деп білеміз. Əскери қызметкердің психологиялық бейнесі- бұл қиын кезеңде 


258 
өзіне жауапкершілік алып, алдына қойылған мəселені жылдам əрі тиімді жолмен шешетін, кей 
жағдайда халқының тыныш аспан астында бейіт өмір сүруі үшін өз өмірін құрбан ететін
отанын қорғаушы саналы тұлғаны сипаттайды. Осындай əскери қызметкерлердің жұмысының 
қиын тұстарын ескере отырып олардың бейбіт өмірді қорғау жолындағы қызметіне алғыс 
ретінде, əлеуметтік-психологиялық, эмоционалды күйіне жетік көңіл аудару қажет. Зерттеу 
жұмысы əскери қызметкерлердің қызметіне кері əсерін тигізетін жағымсыз эмоционалды 
күйлерінің көрінісіне тоқталып, артынан əкелетін зардаптарына теориялық шолу жасалды.  
Əдебиет 
1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігі Ұлттық статистика 
бюросы // https://stat.gov.kz/ (жүгіну уақыты: 20.03.2022). 
2. Васильевна Е.Н. Социология культуры: теория и практика // Журнал социологии. – 2016. – №4. – С. 
37-49. 
3. Бовина Б.Г., Мягких Н.И., Сафронова А.Д.
Основные виды деятельности и психологическая 
пригодность к службе в Вооружённых силах: справочное пособие / - СПб., 1997. 
4. Бороздина Л.В., Залученова Е.А. Увеличение индекса тревожности при расхождении самооценки и 
притязаний // Вопросы психологии. - № 1. - 1993. - С.104-113. 
5. Прихожан А.М. Причины, профилактика и преодоление тревожности // Психологическая наука и 
образование / А.М. Прихожан. - 1998. - №2. - С.11-18. 
6. Чухрова М.Г., Храмов А.В., Депрессивные состояния у военнослужащих и особенности их проявления 
// Мир науки, культуры, образования - № 6 (31) 2011. -С. 287-288. 
7. Seligman M.E.P, Weiss J. Coping behavior: Learned helplessness, physiological activity, and learned 
inactivity. Behavior Research and Therapy. 1980. 
8. Власова В.И., Искалиев Р.Р. Психолого-педагогические подходы устойчивости к стрессу в 
педагогической деятельности [Электронный ресурс] // Студенческий научный форум: матер. VII Междунар. 
студенч. электронной научной конференции. – Режим доступа: http://www.scienceforum.ru/2015/ 1248/13080 (дата 
обращения: 20.03.2022). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет