266
түсініктерін жалпылай отыра, оның негізгі үш компоненттерін көрсетті: эмоционалды не
физикалық сарқылу, деперсонализация, жұмыстағы төмен продуктивтілік[4, 17].
Зерттеу жұмысының құрылымы мəселенің негізгі зерттеу бағыттарын қамтиды: ғылыми-
зерттеу аспектісі, нақты педагогикалық саладағы эмоционалды жанудың эмпирикалық
зерттеулері, профилактика мен коррекцияға қатысты сұрақтар. Медициналық салаларда
жүргізілген зерттеулер бойынша, еңбек өтілі мен тұлғалық деформация арасында корреляция
анықталған, өзінің психологиялық жағдайын “мазасыздық”, “болашаққа деген сенімсіздік”
деп, бағалағандар арасында жану синдромының анық сипаттары мен суицидалды ойлардың
бар екендігі анықталған [5,75].
Профессионалды қызметте туындау мүмкіндігі жоғары эмоционалды жану синдромы
тұлға бойындағы күрделі өзгерістерге əкеледі: мінез-құлықтық сфера (əлеуметтен қашу,
психоактивті заттарды қолдану), эмоционалдық деңгейде (өзін-өзі кінəлəу, агрессия),
когнитивті сфера (зейінді
шоғырлай алмау, төмен физикалық белсенділік(, физиологиялық
деңгейде (ұйқының бұзылуы, сезімталдылық, либидоның төмендеуі).
Зерттеулерді талдай отырып, қазіргі күні профессионалдық деформацияға əсер етуші
факторлар ретінде келесі тізімді ұсынуға болады: қызметті таңдаудағы белгілі-бір мотивтерге
акцентуация; қызметтік сферадан күтілетін аса жоғары үміттер; профессионалдық
белсенділіктің төмендеуі; тұлғалық даму кезіндегі профессионалдық интеллект деңгейінің
төмендеуі; профессионалды қызметтің жоғары қысымда өтуі.
Түрлі профессиялар бойынша алынған статистикада мектеп мұғалімдері эмоционалды
жану бойынша бірінші орында - 21,25%, екінші орында жоғарғы оқу орындарының ұстаздары-
18,57% [6,40].
Н.Е. Водопянова құбылыстың алдын-алу жəне түзету бойынша ұсыныстарды келесідей
сипаттады[7,15].
Олар: бүкіл ұйым деңгейінде жəне оның бөлімшелері деңгейінде ұйымдастырушылық
стресстің əсерін азайту; қолдау, қызметкерлердің мансаптық дамуы; корпоративті мəдениетті
дамыту; стресстік жағдайларды бағалау қабілетін қалыптастыру, стресске төзімділіктің жеке
ресурстарын
өзектендіру; позитивті жəне рационалды ойлау дағдыларын игер;
қызметкерлерге бағытталған психологиялық көмектің жеке бағдарламаларын енгізу.
Ғылыми əдебиеттерде еңбек өтілі əр түрлі педагогтердегі эмоционалды жану
көріністерінің пайда болуы мен динамикасы жайында мəліметтер əртүрлі нəтижелерді береді.
Осыған сəйкес, бұл мақаланың мақсаты, эмоционалды жану синдромының түрлі еңбек өтілі
бар педагогтердегі көріну ерекшеліктері мен байланысын көрсететін эмпирикалық
мəліметтерді ұсыну болып табылады.
Зерттелінушілердегі эмоционалды жану синдромының ерекшеліктерін зерттеуде
В.В. Бойконың “Тұлғаның эмоционалды жануын диагностикалау” əдісі қолданылды.
Зерттеуде еңбек өтілі 0-ден 15 жылға дейінгі , 21 жəне 55 жас аралығындағы 30 колледж
педагогтері қатысты.
267
Сурет 1 - Еңбек өтілі бойынша іріктеме құрамы
Бірінші топқа қызметтік ету сферасына адаптация кезеңімен сипатталатын, еңбек өтілі.
1-2 жылды құрайтын респонденттер кірді. Жалпы саны 10 адам (33,3%).
Қатысушылардың орташа жасы 25. Екінші топқа қызметтік салада 4-тен 9 жылға дейінгі,
орташа жасы 34-ті құрайтын 15 педагог (50%) кірді. Үшінші топта - орташа жасы 41, еңбек
өтілі 10-нан 15 жылға дейінгі, 5 педагог (16,7%) болды.
Алынған нəтижелерді талдау арқылы, эмоционалды жану синдромының даму жəне
қалыптасу кезеңдеріне сай, графиктік көріністе салыстыру жасалды.
Сурет2 - Эмоционалды жану фазалары бойынша мəліметтер
Зерттеу нəтижесі бойынша, профессионалдық еңбек өтілі 10 жылға дейінгі 1 жəне 2-
топта фазалардың критикалық деңгейі ( 37 балл) анықталмады. Яғни, профессионалдық
эмоционалды жану құрауыштары толық қалыптаспады. 3-топтағы, еңбек өтілі 10 жылдан
асқан қатысушыларда, эмоционалды жану “қалыптасу” кезеңінде:
резистенция көрсеткіші
55,6 %, сарқылу фазасы 52,8 %. Яғни, педагогикалық еңбек өтілі өскен сайын, эмоционалды
жану компоненттерінің көрінісі де күшейеді.
268
Сонымен қатар, еңбек өтілі 2 жылға дейінгі педагогтердің резистенция шкаласы
бойынша көрсеткіштер - профессионалдық қызметке қалыпты адаптациясының төмен деңгейі,
қысымның жоғары деңгейін көрсетті.
Педагогикалық еңбек өтілі 10 жылға дейінгі, 2-топ респонденттері бойынша
көрсеткіштер: эмоционалды жану фазалары қалыптаспаса да, психотравматикалық уайымдар
мен эмоционалдық қысымның жоғары деңгейін көруге болады.
Пилотажды эксперимент нəтижесінде алынған эмпирикалық мəліметтерге сүйене
отырып, педагогтердің еңбек өтілі мен эмоционалдық жану синдромының дамуы арасында
байланыс бар екендігіне көз жеткізуге болады.
Алынған мəліметтер негізінде, субъектінің мамандану кезіндегі психологиялық қолдауға
ие болу бағдарламасы қолданысқа енгізіледі. Профилактикалық бағдарлама -
профессионалдық қызметіндегі психологиялық стресс жəне оны жеңу, төмендету, онымен
жұмыс жасау əдістеріне негізделіп жүргізіледі. Психолог-валеолог Г. Кривонос айтуынша,
эмоционалды жанудың қауіптілігі - оның уақыт өте келе тез прогресс жасайтынында. Бұл
процессті тоқтату оңай емес екендігі айтылады. Оның əсерімен түрлі хроникалық сырқаттар
пайда болып, тіпті қанның құрамы өзгеруі де мүмкін. Сондықтан, бұл құбылыстың алдын-алу
мəселесі өте өзекті.
Эмоционалды жану синдромы психикалық, соматикалық жəне əлеуметтік сфералардағы
бұзылысымен сипатталатын симптомдардың жиынтығы. Оны профессионалдық стресстен
туындайтын тұлғалық деформацияның аспектісі ретінде қарастыруға болады. Эмоционалды
жанудың пайда болуы педагогтің индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері мен
қызметінің спецификасына қатысты факторлар комплексімен сипатталады. Сондықтан, түрлі
факторларды ескеру эмоционалдық жануды алдын-алуда қолданылатын əдістерді белгілеу
үшін қажет. Уақытында жасалған диагностика мен өзіндік диагностика өте
маңызды,сондықтан педагогтерде симптомдар жайлы білім болу керек. Аталған шараларды
жүзеге асыру арқылы осы салада педагогтердің, жалпы қызметтік
саладағы эмоционалдық
жану синдромы қолға алынады деп күтілуде.
Əдебиет
1. Shırom A., Melamed S., Toker S., Berlıner S., Shapıra I. Burnout and health: current knowledge and future
research dırectıons // Internatıonal Revıew of Industrıal and Organızatıonal Psychology.– 2005. – Vol. 20. – P. 269–279.
2. Maslach C., Schaufelı W.B., Leıter, M.P. Job burnout // Annual Revıew of Psychology. – 2001. – Vol. 52. – P.
397–422.
3. Boiko V.V., “Energiя emosii v obenii: vzglяd na sebя i na drugih - M: İnformasionno-izdatelskii dom “Filin”,
1996.-472 р.
4. Orel V.E. Fenomen «vygoraniя» v zarubejnoi psihologii: empiricheskie issledovaniя i perspektivy [Tekst] /
V.E. Orel // Psihologicheskii jurnal. – 2001. – T.1. – S.31-37.
5. Reva L.N. Professionalnoe vygoranie u medisinskih rabotnikov: formirovanie, profilaktika, korreksiя. ― Kiev:
Sfera, 2004. –– 272 р.
6. Maslach C., Schaufelı W.B., Leıter M.P. Job burnout // Annual revıew of psychology. ― 2001. ― V. 52. ― P.
397–422.
7.Vodopяnova N. E. Profilaktika i korreksiя sindroma vygoraniя: metodologiя, teoriя, praktika / N. E.
Vodopяnova. – SPb.: İzd-vo S.-Peterb. un- ta, 2013.
Достарыңызбен бөлісу: