340
мемлекет қауіпсіздігіне келтірер залалының нақты масштабын сезіну жəне оған дер кезінде
қарсы қимыл жасау қажеттігі 1997 жылы АҚШ Орталық барлау басқармасына қызметке
тұрғысы келген кандидаттардың бірінің тарапынан қарсы əрекет жасау жағдайы əшкереленіп,
ресми мойындалғаннан соң барып туындады [2].
Осы тұрғыда, қарсы əрекет жасауды айқындау жəне оны бейтараптандыру мəселелеріне
арналған əлемдік ғылыми зерттеулер тəжірибесіне сүйене отырып келесі түрлері мен
формалары анықталған. Атап айтқанда, полиграфологиялық
зерттеу іс-шараларының
тəжірибесі мен осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жүргізген əлемдік теорияға сүйенсек,
қарсы əрекет жасау жасырын
(бүркеме) немесе ашық сипатта болуы ықтимал.
Ашық түрде саналы қарсы əрекет жасау тым қарапайым болғандықтан оның маман үшін
қарсы əрекетті анықтау бойынша қосымша амалдар қолданудың жəне кəсіби біліктілігі
деңгейінің қомақты дəрежесінің қажеттілігі жоқ.
Ал жасырын
(бүркеме) қарсы əрекет жасауды анықтау үшін маманның, керісінше, білікті
болуы аса маңызды. Бұл сайып келгенде полиграфолог маманнан жаңа білім мен дағдыны
талап етеді [3].
Əрі қарай, қарсы əрекет ету формаларын олардың дайындық сипаты жəне дайындалу
сапасына қарай бөліп қарастырдық. Яғни, дайындық сипаты бойынша төмендегідей жіктеледі:
- өздігінен – тексерілуші тұлғаның тестке қарсы əрекет жасау əрекеті тікелей тест
барысында немесе оның біршама алдында жоспарлануы негізінде тиісті арнайы дайындықтан
өтуге мүмкіндігінің аз болу факторлары бойынша;
-
жоспарланған – тестілеуге қарсы əрекет жасау тексерілуші тұлғамен алдын-ала
жоспарланған жəне оны жүзеге асыру үшін біршама күш-жігер
жұмсап дайындықтан
өткендер.
Сондай-ақ, дайындалу сапасына қарай:
-
аңғалдау жəне қарабайыр – тексерілуші тұлға тестілеу процесінің қалай жүргізіліп
жатқанынан бейхабар жəне полиграфолог маманның жұмысына əралуан жəне бейберекет
жолдармен кедергі келтіруге тырысып бағу;
Достарыңызбен бөлісу: