341
в) фармакологиялық – жалпы
(транквилизаторлар, жүйке жүйесін тежеу процесіне
алып келетін нейролептиктер, стимуляторлар) жəне жергілікті
(антиперспиранттар, түссіз
клей жəне т.б.) əсер ететін медициналық препараттарды қолдану формалары. Аталған түріне
алкогольдік ішімдік заттарын пайдалану арқылы қарсы əрекет жасау формаларын да
жатқызуымызға болады.
Аталғандармен бірге, кейбір ғалымдар қарсы əрекет ету түрлеріне қосымша мінез-
құлықтық жəне экзотикалық түрлерін де бөліп қарастыруда.
Яғни олар, мінез-құлықтық қарсы əрекет ету – тексерілуші
тұлғамен полиграфолог
маманды əралуан сылтау-себептермен манипуляциялауға əрекеттенуі, ал экзотикалық –
тексерілуші тұлғаның өз организмін тексеріс алдында саналы түрде күш-қайратының
сарқылуына
(жүгіру, физикалық жүктеме жасау, ұйықтамау жəне т.б.) алып келетін
əрекеттер жасау болып табылады [4].
Жоғарыда көрсетілген полиграфологиялық тексеруге қарсы əрекет ету түрлері мен
формаларын сипаттай келе қазіргі таңдағы заманауи техникалық жетістіктердің нəтижесінде
полиграфқа қарсы əрекет етудің қосымша тағы да бір түрі - техникалық түрін қарастыруды да
ұсынып отырмыз. Аталған қарсы əрекет түрі, ешбір ғалымдар мен мамандар тарапымен осы
уақытқа дейін қарастырылып, талқыланбағандығын ескерсек, көтеріліп отырған тақырыптың
өзектілігі мен көкейкестілігін сипаттайтын факторларды алға тартуымызға болады.
Яғни, полиграфологиялық тексерулерге қарсы əрекет етудің жаңа түрі - техникалық
сипаттағы жасанды əсер ету ерекшеліктері
(индустриалды, радиоэлектрондық жəне
электроэнергетикалық) – қазірі таңдағы заманауи ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін
пайдалану арқылы, яғни электромагниттік кедергілер арқылы
(техникалық құрылғылардың
қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын немесе оны толық істен шығаратын физикалық
немесе электрлік тоқтар, магниттік жəне электромагниттік кеңістіктер, электрондық
əсер ету арқылы) радиотолқынды
басу немесе тежеу (радиоэлектрондық жүйелер мен
құрылғылардың жұмысын тежеуге немес мүлдем тоқтатуға бағытталған іс-шаралар
кешені: радиотехникалық, оптико-электрондық жəне гидроакустикалық басу болып
санатталады) арқылы жүргізілу мүмкіндігін жақын болашақта
қолдану фактілерінің орын
алуын жоққа шығара алмаймыз.
Сонымен бірге, полиграфта тексеру жүргізудің бейқатынасты (бесконтактная) түрлерін
əлемнің дамыған елдерінде қызу енгізуге талпынысын байқап отырғанымыздай, қарсы əрекет
жасаудың да техникалық түрлері жақын болашақта біздің қоғамымызға етене енетіндігі сөзсіз.
Осы тұрғыда полиграфолог-мамандар тарапымен де тиісті оларды бейтараптандыру
мəселелері бойынша тиісті зерттеп-зерделеу іс-шараларының кешенін жандандыру жəне дер
кезінде қолға алу керектігі уақыт күттірмейтін талаптардың бірі болып қала бермек.
Бұл аталған мəселелер, осы бағытта нақты жəне мақсатты зерттеу іс-шараларының
жүргізілмеуі, еліміздің мемлекеттік органдары мен коммерциялық ұйымдарының
полиграфолог-мамандарының
қолында ғылыми негізделген, қарсы əрекет жасауды анықтау
жəне бейтараптандыру алгоритмінің болмауы жүргізілетін тексерулердің сапасына, ал
нəтижесінде жасалатын полиграфологиялық тұжырымдардың дəйектілігіне кері əсер етуінің
салыстырмалы көрсеткіштерін арттыратындығы сөзсіз.
Осының негізінде қазіргі таңда біздің арнаулы жоғары оқу орнының полиграфолог-
мамандары Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия жəне социология
факультеті жанындағы қолданбалы психофизиология зертханасымен бірлесе отырып ғылыми
зерттеу жобасы аясында ғылыми-зерттеу
жұмыстары қолға алынып, полиграфологиялық
зерттеулерге қарсы əрекет жасауды бейтараптандыру алгоритмдері бойынша жұмыстар
жүргізді. Баяндалған іс-шаралар мен жүргізіліп отырған ғылыми зерттеу жұмыстары
жоғарыда көрсетілген мəселелердің түйінін шешудегі отандық
полиграфология мектебін
құруда жəне қазақстандық полиграфологтар кластерін түзуге деген нақты да мақсатты
қадамдары деп тұжырымдауымызға болады.
342
Əдебиет
1. Варламов В.А., Варламов Г.В. Противодействие полиграфу и пути их нейтрализации. – М.: ПЕР СЭ-
Пресс, 2005. – 229 с.
2. Пеленицын А.Б., Сошников А.Б. Современные технологии применения полиграфа, 4 часть. –
М.:Издательство АНО ДПО «Центр прикладной психофизиологии», 2015. – 204 с.
3. Полиграфология сұрақтары, 1 шығарылым – Алматы: ҚР ҰҚК Академиясы, 2019. – 129 б.
4. «Полиграф в Казахстане – избранные страницы»: Библиотека полиграфолога/ Под.ред.Алесковского
С.Ю. и Алибаевой Г.А. – Алматы, 2016. – 264 с.
Достарыңызбен бөлісу: