135
Уақпаева Ү.А.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Қайнар Академиясы)
ЛАҢКЕСТІК ІС-ƏРЕКЕТТІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҰҒЫНУ
Мынаны естен шығармауымыз керек, біз лаңкестік дəуірінде өмір сүріп жатырмыз. Оған
дəлел, биылғы жылы елімізде болған қаңтар оқиғасынан соң, əлемге басқа көзқараспен қарай
бастадық. Сол себепті өз санамызды жəне мінез-құлқымызды бізді қоршаған орта мен болып
жатқан жəйіттерге сəйкес қабылдауымызды құру өзекті болып отыр. Мақсат – лаңкестік
туралы шағын түсінік беру. Бұған дейін бұл мəселе саясаттанушылар еншісінде
қарастырылды, мен Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетте магистранттарға
Лаңкестік психологиясы пəні бойынша дəріс өттім. Тек Психотерапевтердің Европалық
Ассоциациясында осы тараптан тиісті зерттеулер жүргізіліп, келеңсіз жағдайларда жұмыс
істеуде кəсіби тəжірибесі жинақталған. Сол себепті елдің ғалымдары қол қусырып отырмай,
лаңкестікке қарсы тұра білетіндей деңгейде болып, осы салада көп үйрену қажет екендігі
бүгінгі таңда анық байқалып тұрғандықтан, бұл мақаланы жазуға тура келді. Лаңкестік іс-
əрекет туралы қысқаша мағлұмат беріп, септігімді тигізуді ойладым.
Лаңкестік өмір мен іс-əрекеттің нақтылы тəсілі десек, адамды тұтастай билеп алып,
өзінің уысында ұстау. Бұл қауіпті жəне лаңкестік ұйым мүшелерінің басын қатерге тігетін
сала. Бұл адамның бос уақыттағы айналысатын ермегі емес. Өзі мүшесі болып табылатын бір
ғана лаңкестің сəтсіздігі ұйымның жеңілісіне əкеледі. Күрделісі сол, осы іс-əрекеттің өзегі
болып зорлық-зомбылық болып саналумен қатар, бұзақылық элементі көзге айқын білінеді.
Ұйымның табысқа жетуі қатаң тəртіпке байланысты, тəртіп босаңсыса, құқық
қорғаушылардың қолына түседі. Қорқыныш туғызу арқылы қарсыласының сағын сындыруды
көздейді. құрып, Елдің тыныштығын бұзып, зəресін алуды көздейтіндіктен, тиянақты жоспар
құрады.
Лаңкестік ұйым үнемі іс-қимылдарда болып, лаңкестік іске дайындықтан соң, сойқан
жасау үшін келесі объектіні бірден табуды көздейді екен. Бұл олардың реттеуші іс-
əрекеттеріндегі тіршіліктерінің тұрақты өмір сүру салты.
Кез-келген іс-əрекеттің өзінің психологиялық құрылымы болады. А.Н.Леонтьев
анықтаған іс-əрекеттің құрылымын жалпы түрі ретінде былайша көрсетуге болады:
қажеттілік, түрткі, іс-əрекет.
Түрткінің атқаратын екі қызметі бар, біріншіден, субъект қажеттіліктерін
қанағаттандырумен байланысты іс-əрекетке ояту. Екіншіден, мағына тудырушы қызметі іс-
əрекетке жеке өзіндік мағына беруі. Іс-əрекет əрекеттерге ыдырайды да, əрқайсысы
мақсаттарына жетуге бағытталады. Бүкіл іс-əрекеттің түрткісіне жету аралық мақсаттарды
жүзеге асырудан тұрады. Өз кезегінде əрекет жеке амалдардан құралады. Амал/операция/ - іс-
əрекеттің бастапқы бірлігі. Бұл нақтылы жағдайларда берілетін міндет. Осы міндеттерді
орындауда адам əрекет жасайды. Əрекеттер тізбегінен түрткінің іске асуы, яғни нақтылы іс-
əрекет іске асады.
«Сонымен іс-əрекет ұғымы мотив ұғымымен байланыста болуы қажет. Іс-əрекеттер
мотивсіз болмайды; «дəлелденбеген» іс-əрекет – бұл мотивтен айырылған іс-əрекет емес,
субъективті жəне объективті жасырын мотиві бар іс-əрекет» [ 1, 34 б.] .
Осы көзқарастан байқағанымыз, лаңкестікті ерекше іс-əрекет ретінде қарастырсақ, ең
негізгісі, басты шынайы түрткісі əлдебір нəрсеге қол жеткізу арқылы бұқара халықты үркіту.
Сондай-ақ көптеген əр түрлі субъективтік түрткілері бар жеке-дара лаңкес басқаратындығын
жоққа шығарылмайды. Басқалардың үрейленуі түрткі ретінде лаңкес əрекеттерін қозғап, оның
əрекетіне мағына береді. Осы объективті түрткіні орындау үшін, яғни жаппай үрейді туғызуда,
лаңкес түрлі əрекеттер орындайды: қару-жарақ дайындайды, құрбан болатындарды аңдиды,
болашақта лаңкестік істі жасауға орындарды қарастырады, көлік тасымалдау мəселесін
шешеді жəне т.б.
136
Əрбір əрекет жеке операцияларға бөлінеді: мысалы, қару-жарақты өздері таңдап
дайындайды, ұрысқа дайын күйіне келтіру үшін тексереді, маскировка жасауға жəне т.б.
дайындалатын көрінеді. Идеялық-риторикалық нұсқаушылар түсіндіру жұмыстарымен
айналысады. Лаңкестік іс-əрекет идеологиялық бояма астарымен бағдарлама, стратегиялық,
нақтылы-ситуативті немесе таза тактикалық сипатта жүргізіледі.
Лаңкестікпен айналысуға адам зорлықпен емес, ұнаған соң баратын көрінеді. Олар
идеялық-риторикалық бөлімшені өте маңызды деп санайды. Құрбандары жеке басына
қатысты болмағандықтан, аяушылық танытпайды.. Кəнігі қылмыскерден айырмашылығы,
лаңкестік жасаушы – идеяның шырмауындағы қылмыскер. Бұлар ақталудың жолын
қарастыруды қажет етеді. Күрделі əдет-ғұрыптық мəселесін шешуге тырысқандығын айтып,
өзін ақтап алу жолын іздеп, яғни тұрмыстық-адами мағынада психологиялық түсіндірілуін
көздейді.Лаңкестердің субъективті пікірі мəселені талдауды күрделі етіп жібереді,
айтуларынша, олар лаңкестікке адал берілгендігі сондай, оны іс-əрекеттің ерекше формасы
ретінде қабылдайды. Жеке өзіндік фактордың мақсатты бағытталуы үнемі болатындығын
ашық түрде өздерінің есеп беруінен байқатады.
Профессор Ольшанский Д.В. кітабында ресейлік лаңкес- революционер В.Нечаевты
былайша сипаттаған: «Ол ешнəрсеге қызықпайды, атқаратын ісі, сезімі, тіпті есімі де
аталмайды. Онда тек бір ғана қызығушылық бар, сол кезде лаңкес ретінде көрініп, көзге түсу.
Революция туралы бір ғана ой, бір ғана құмарлық. Адами тəртіптен жəне өркениет əлемінен,
адамгершілік қағидасынан қол үзген адам. Ол осы əлемнің күл - талқанын шығару үшін
тіршілік етуші. Оның білетін тек бір ғана өнері бар, ол – қирату, алға қойған мақсатына
кедергі жасайтындардың барлығының көзін жоюды қалайды. Революционер құпия түрде
полицияға кіріп алуды қиялдап, барлық жерде өз тыңшылары болғанын қалайды. Жапа шегуді
жəне зорлық-зомбылықты арттырып, бұқара көпшілікті көтеріліске шығуға шақырады.
Бұзақылармен бірігіп, бұл əлемді жеңілмейтіндей бірыңғай күшке айналдыруды ойлайды» [2,
141 б.] .
В.Нечаевтың психологиялық тұрпаты осындай, əлемнен жəне жеке басының өмірінен
бас тарту. Жұмыс қабілеті жоғары деңгейде болып, бүтіндей бір іске шоғырлану, азаптау мен
қинауға келісіп, соған дайындық жүргізу.
Енді лаңкестік жасаушының бұл іске неге баратындығын түсіну үшін, оның ішкі
мотивациясына, яғни талаптануына назар аударайық. В.Ф.Пирожковтың пікірінше, «қандай
да бір мақсат көздеместен: саяси – үкіметті жаулап алып, қоғамдық құрылысты ауыстыру;
əдептік - «əділеттілік» деген жалған түсінікке қол жеткізу; экономикалық – жеккөрінішті
бəсекелестерді тайдыру; діни ұстанымдар – өзінің діни сенімінің тазалығына; психологиялық
– танымалдыққа қол жеткізу, даңқын шығару, тарихта атын қалдыру жəне т.б., осының бəрі,
менің пайымдауымша, адамдардың үстінен өктемдік жасауды сезінуге деген құлшыныстан
шығып жатыр. Адамдарға өктемдік жасау- бұл өзгеше апиын, өмірінде бір рет қана дəмін
татқан адам, одан шыр айналып шыға алмай, соған ұмтылып тұратын көрінеді. Жалдану
жұмысындағылар, дау-дамай, шиеленісті аймақтан көшіп, қоныс аударғандардың
психологиясын зерттеу барысындағы мəліметтерге сүйенсек, белгілі бір кезеңде оларды ақша
жағы қызықтырмай, бұрын ойында жоқ жаман қылықтарға бет алады екен.
Зерттеуші Г.Ньюман лаңкестік іс-əрекеттегі үш негізгі түрткіні бөлген.1-ден,
мəдениеттану түрткісі - лаңкестер қағидасы бойынша, қоғамды аракідік «əуре-сарсаңға»
түсіріп тұру керектігін айтқан; 2-ден, рационалды түрткі- саяси іс-əрекетте оңтайлы аспап
болатындығы жөнінде; 3-ден, идеологиялық түрткі- лаңкес əлеуметтік үрдістерді реттеудегі
бас тартпайтын құрал ретінде көрінетіндігін түсіндірген. Дегенмен Ньюманның лаңкестік
теориясы мен іс-тəжірибесі бір-бірінен алшақтайды. Теориялық тұрғыдан лаңкестік
«ұқсастырылады», бірақ əлеуметтік іс-тəжірибеде адамдар мен топтарды біріне-бірін қарсы
қою арқылы, олардың арасында қорқынышты алынбас қамал орнатылған. Тұлға деңгейіндегі
лаңкестік ұқсастыруды іздеу ретіндегі қирату құралына айналады. И.Е.Задорожнюктің жазған
пікірі назар аудартады: «Егер қоғам тұрақты болған жағдайда, лаңкестік мінез-құлықтағылар
үнемі өзін-өзі жою жолына түспеген болар еді».
137
Біріншіден, лаңкестікке қатысушылардың түрткілері: қара басының қамын, яғни
құлқынын көздейтіндер жəне көздемейтіндер болып бөлінеді. Құлқын көздейтін түрткілері
бар лаңкестердің жұмысы ақша табу тəсілі. Адамды кейбір дағдыларға үйретіп, жалақысының
бір бөлігін беріп, тапсырманы орындаған соң белгілі бір ақшаны тапсырманы орындаған соң
беретіндігіне уəде етеді. Ақша табу жолында ол тапсырманы орындайды: жұмыс орындарын
жарады, ұшақты алып қашады, саяси көшбасшыны өлтіреді немесе тұрғындардың жиі
қоныстанған орындарына жарылыс жасайды. Бірақ лаңкестік жасаушылар өздерінің
қылмыстарын жасыру үшін, əр түрлі сылтауларды айтып ақталады. Тапқан ақшаларын өз
ұйымдарын дамытуға жіберетіндігін түсіндірген.
Лаңкестік жасаушы үшін өзінің мотивировкасының себебін, өзінің əрекетін біреуге емес,
өзіне өзі түсіндіргені маңызды екен. Лаңкес өздерінің өзіне-өзі есеп беру жазбаларында
лаңкестікпен шұғылдануға себеп болған – ақша табу тəсілі. Қазір əлемде олардың қатары аз
емес.
Екіншіден, идеологиялық түрткілер – орнықты түрткілер топтың, ұйымның, саяси
партияның немесе кез- келген басқа саяси- идеялық күштердің идеологиялық
құндылықтарының идеялық көзқарастары мен адамның өзінің құндылықтарының сəйкес
келуінің негізінде болады. Адамның əлдебір қоғамдастыққа өтуінің нəтижесінде осындай
түрткі пайда болуы оның талаптануына сайма-сай келеді.Осы тұста лаңкес кейбір идеяларды
іс жүзінде жүзеге асыратын тəсіл болып табылып, сондай-ақ сол қоғамдастықтың
«тапсырмасы», «миссиясы» болып есептеледі. Көптеген идеологиялық түрткілер:саяси –
идеялық, таза саяси, діни, əлеуметтік, мəдени-əлеуметтік жəне т.б. бөлінеді.
Үшіншіден, қайтақұрулар, əлемнің белсенді өзгеріс түрткілері.Қазіргі əлемнің
толыспағандығын жəне əділетсіздікті түсінуімен байланысты бұл өте қауқарлы түрткілер,
жақсартуға, қайтақұруға тура ұмтылыс. Байқағанымыздай, осы тұрпаттағы түрткілер, бəрінен
бұрын, лаңкестікпен кəсіби айналысатын адамдарға тəн. Оларды күш қолдану арқылы əлемді
қайтақұруға деген үдеріс басын айналдырады. Шын мəнісінде, болашақ деп атойлап
əрекеттенгенмен, олар үшін ешбір идеялардың мəні жоқ. Əлемді қайтақұрудың мақсаты да,
аспабы да лаңкестік болып саналады.
Төртіншіден, өзінің өктемдігін адамдарға жүргізу түрткісі. Бұл ежелгі, тереңде жатқан
түрткілер, біреулерге жеке үстемдігін көрсету арқылы зорлық-зомбылық көрсету, лаңкестің
психикасының түкпірінде сақталған тəрізді. Əрине, осындай мотивтің оның бойында бар
екендігін кез-келген лаңкесші мойындамайды.Лаңкесшінің адамдарға үстемдігін көрсетуі
зорлық-зомбылық арқылы өзінің бет-бейнесін нақтылайды. Қорқынышты үдету оның
үстемдігін күшейте түседі.
Бесіншіден, іс-əрекет саласы ретінде лаңкестік - қызығушылық пен тартымдылық
түрткісі. Тұрмыс жағдайы жақсы, ауқатты отбасынан шыққандар жəне жеткілікті білімі
барларға лаңкестікпен шұғылданатын саланың жаңа, басқаларға ұқсамайтындығы
қызығушылық тудырған. Лаңкестікпен байланысты тəуекелке бару, лаңкестік іске дайындық
жүргізудегі жоспар құру жəне оны жүзеге асырудағы кейбір кырларды көз алдында өткізгісі
келеді.
Алтыншыдан, əр түрлі нұсқадағы эмоционалды бауыр басу «жолдастық» түрткілері –
күрес-жанжалдарда жолдастарына, туыстарына жəне т.б. көрсеткен жазалаулары жəне зиян
келтіргені үшін кек алу түрткісі, лаңкестікке дəстүрлі түрде қатысып жүрген достары, туған
туыстары олармен айналысқан. Былайша айтқанда, лаңкестікке эмоционалды факторлар
негізінде аралас, құралас бір топта жүргендер де кіріп кетеді. Осындай түрткіні басшылыққа
алып лаңкестікпен айналысатындар ойланбастан, не істеп, не қойғандарын білмейді. Эмоцияға
беріліп, басқалардың айтқандарын орындайды.
Жетіншіден, өзін-өзі жетілдіру, реттеу түрткісі. Бұл – қарама-қайшы түрткі. Бір
жағынан, өзін-өзі жетілдіру – рухы күшті адамдар, тұлғаның толық өзінің жан-тəнімен берілуі,
өзін-өзі құрбан етуі. Бірақ, басқа жағынан алып қарағанда, осындай өзін-өзі іс жүзінде көрсету-
мүмкіндігінің шектеулі екендігін мойындауы, зорлық-зомбылық пен деструкциядан басқа
адамның əлемге ықпал етунде басқа тəсілді таба алмауы. Осындай өзін-өзі жетілдіру өзін-өзі
138
құрбандыққа шалып, жанын пида ету, бəрінен бұрын тұлғаның психологиялық деструкцияға
бой ұруы айғақты мойындау болып саналады.
Криминологтар мен құқық танушылар есебінше, бəрінен бұрын əлеуметтік тұрғыдағы
қажеттіліктердің– қарым-қатынаста, достасуда, сыйласымдықта, мойындалуда, өмірде өз
орнын таба білуде қалыптаса қоймауынан деген. Мəселе мынада, кейбір жағдайларда қалыпты
адами қажеттіліктер бұрмаланудан, əдепсізденуден, қоршаған ортасында өзінің үстемдігін
жүргізеді, басқа адамдарға зорлық-зомбылық көрсетеді.
Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, лаңкестік жасаушының психикасы кəдімгі
қылмыскердің психологиясынан айырмашылығы айқын байқалады. Лаңкестерге «жоғары»
түрткілер тəн. Кейде лаңкестік жасаушының психологиялық ауытқуының салдарынан өмір
сүргісі келмейтін тілектері кездеседі. Лаңкестік жасаушының көпшілігіне өзінің аман-есен
қалудағы инстинкт тəн. Қорыта келе айтарым, қазіргі заманның күрделі, өзекті мəселесінің
бірін қарастырдық. Лаңкестік дəуірінде өмір сүріп жатқан соң, санамыз бен мінез-
құлқымызды лайықты етіп бейімдеуіміз керек. Қорқынышты жеңе біліп, үрейге бой
алдырмайық.
Əдебиет
1. Леонтьев А.Н. Іс-əрекет. Сана. Тұлға. Мəдени мұра. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы.
Құрастырушылары: Жақыпов С.М., Балғымбаева З.М. 2-том.Алматы, 2005.
2. Ольшанский Д.В. Психология террора.М., 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |