148
2-СЕКЦИЯ
______________
ПРОФЕССОР С.М. ЖАҚЫПОВТЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ МЕН
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАЛАРЫ
ЭТНОПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ И ТВОРЧЕСКИЕ НАСЛЕДИЕ
ПРОФЕССОРА С.М. ДЖАКУПОВА
Əмірова Б.Ə.
(Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ДАМУ,
ҚАЛЫПТАСУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Еліміздің егемендік алуы, ата-бабаларымыз аңсаған арманы еді. Жалпы бұрынғы кеңес
кезіндегі мемлекеттер өз тəуелсіздігін алып, əрқайсысы қарқынды дами бастады. Солардың
алғашқылары болып, Қазақстан қарқынды дамудың кезеңін қолға алып, соның көптеген
жемісін көріп отырмыз.
Егемендік ел болып қалыптасқанға дейін қазақ елі көптеген қиындықтар болса да,
көптеген жетістіктерге де жетті. Дегенмен, өз болмысындағы құнды жағдайларды, мінез-
құлық таптаурындарын көрсете алмады. Осы отыз жыл ішінде Елбасының бастауымен қазақ
халқы өзінің генетикалық рухани байлығын көрсете білуде. Бұған Н.Ə. Назарбаевтың басты
екі мақаласы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жəне «Ұлы даланың жеті қыры» ұйытқы
болды. Бұл туындылар көпшілігіміздің ой-санамызға жаңа бағыт ұсынғандай болды. Мəселен,
еліміздің болашағы жастарға білім мен тəрбие беру жолдарын қайта қарастыруға ой салды.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының алғы сөзінде: «Бұл
түп тамырымызға, ұлттық
тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы
да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан
қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дəйектеріміз де жеткілікті дей отырып, мына үш
мəселені баса көрсетті: біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік
бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі
элементтерін құрап отыр; екіншіден, біз айтқалы отырған зор мəдени жетістіктер шоғыры
даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып,
содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды; үшіншіден, кейінгі жылдары
табылған тарихи жəдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік
технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жəдігерлер Ұлы
даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Тіпті,
қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі
болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген
кезеңнен тым əріде жатқанын айғақтайды» -деген
[1].
Бұған дəлел ретінде заманауи тарихи-этнографиялық, этнопсихологиялық т.б.
зерттеулер еліміздің ертеден келе жатқан психологиялық даму механизмдерінен дерек беруде.
Мысалы, егер осыдан бірнеше жыл бұрын қазақ антропологиясының зерттеушісі Оразақ
Смағұлов қазақтың пайда болу тарихын 3000 жыл деп көрсетсе, кейінгі «Қазақ халқы мен
оның ата –тегіне орай антропологиялық кезекті очеркі» дүниеге келген очеркінде 5000 жыл
бұрын пайда болғандығын дəлелдейді[2].
Оның психологиялық құндылығы қазақ халқының «дара этнос ретіндегі бет-бейнесі, қан
жүйесі,тіс құрылысы, сезімі тері бедерлері зерттеліп, олардың ешқандай этникалық топпен
сəйкес келмейтіндігін, морфофизиологиялық ерекшеліктері ұлтымыздың ақыл-ой,
психологиялық дамуына назар аударуымызды талап етеді. Бұл да біздің психология
149
ғылымындағы ішінара енетін бағыты антропология жəне дифиренциалды психология
пəндерінің болашағының этникалық зерттелу ретін аңғартады.
Осыдан мақаланың көңіл аударатын жері тұлғаның өз елінің «өкілі», «ұрпағы» деп
аталуына мүмкіндік беру факторы - оның сол ортада əлеуметтену, яғни этноəлеуметтену
процесінің нəтижесі екендігі.
Осыған орай, тəуелсіздіктің ең басты жетістігі - Еліміздегі бұл өзгерістер қоғамдық
қалыптасу жағдайлары мен оған əсер ететін факторларын қайта қарауға мүмкіндік беруі. Ол
саяси-экономикалық, техникалық жəне білім мен ғылымның қарқынды өсуіне мүмкіндік
берді. Мəселен, бұрын - соңды елімізде қарастырылмаған мəдениеттану, əлеуметтану,
əлеуметтік педагогика, дінтану, психология т.б. экономикалық, саяси ғылымдар дүниеге
келді.
Соның ішінде, қазақтандағы психологиялық ғылымының да жедел дамып, жетілуіне
үлкен əсер етті. ХХ –ғасырдың 80-90 жылдары елімізде психология ғылымының мамандарын
ЖОО-да даярлау басталды. Мəселен, Алматы, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Шымкент
т.б. қалаларда психолог мамандар даярлайтын университеттерде орысша-қазақша бөлімдер
ашылды. Қазіргі таңда елімізде психология ғылымының əр салалары мамандары қызмет етіп,
жетістіктерге жетуде.
Егер ХХ- ғасырдың 20-30 жылдары қазақша оқулықтардын бір ғана психология жəне
педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Қ.Б. Жарықбаевтың «Психология»
оқулығымен ғана психология ғылымын таныған болса, бүгінгі таңда Т.Тəжібаевтың,
Ж.Аймауытовтың, С.Балаубаевтың (Еңбек, даму, қарым-қатынас психологиясы),
Ө.Тілеуғабыл (Шипагерлік баян) еңбектерін танып білуде. Ал, Абай, Ыбырай, Ілияс,
Сұлтанмахмұт сынды классиктердің еңбектерін психологиялық тұрғыдан зерттеп,
көзқарастарын зталдау мүмкіндік алдық.
80-90 жылдары елімізде саусақпен санайтындай Қ.Жарықбаев, Ж. Намазбаева, Х.Т.
Шериязданова жəне С.М. Жақыпов сияқты докторлар мен кандидаттар ғана болды. Егемендік
алуға байланысты көптеп докторлар мен кандидаттар даярлана бастады.
Қазір елімізде қаншама докторлар, PhD докторлары, ғылым кандидаттары, профессорлар
бар. Ал, докторантурада оқып жатқандары қаншама.
Тағы бір егемендіктің жетістіктерін айтатын болсақ, қазақстан психология ғылымының
салалық дамуы да қарқынды өсуде. Мысалы, эксперименталды психология, этнопсихология
жəне тəжірибелік салалары жетілуде. Сонымен қатар, əртүрлі зерттеу орталықтары мен
тəжірибелік орталықтар ашылып, бұқара психологиялық көмек көрсету қарқынды дамып келе
жатыр.
Біздің еңбектеріміз шетел баспаларында жарық көруде. Ал, ғылыми-əдіснамалық
тұжырымдарда ғылымда өз үлесін қосып келеді. Бұл көрсеткіштер қазақстан
психологиясындағы жетістіктерді оның рөлін анық көрсететеді. Адамның өз - өзіне
бағыттылығын анықтауға мүмкіндік жасап отыру керек. Ендеше, қандай да тұлға болмасын өз
пірін өзі таңдауы қажет.
Қарқынды даму бəсекелік қабілет, білімнің салтанат құруы деген бағыттары негізгі
мақсатты орындауға негіз болды.
Ал, біздің оқыту процесінде отандық ғалымдарды дəріптеу, олардың ғылыми
көзқарастарын, ғылыми-əдіснамалық бағыттарын қолдану, қолдау болмай келе жатыр. «Өзіңді
өзің сыйласаң жат түсіңнен түңілер» деген халқымыздың даналық сөзіне мəн бермей келеміз.
Əсіресе қазақстандық психолог ғалымдардың отандық бағалануы мен таралуы жеткіліксіз.
Болған күннің өзінде нақтылы бір аймақтың төңірегінен шықпайды. Мəселен, елімізде тіпті
шетелге аты мəлім психолог-ғалымдарымыздың, атап айтқанда, Жəмила Ыдырысқызы
Намазбаеваның,
Хорлан
Тоқтамысқызы
Шериязданованың,
Алма
Таурбекқызы
Ақажанованы, Света Қыдырбекқызы Бердібаеваның, Бибісара Əубакірқызы Əмірованың,
Нүргүл Қорғаджанқызы Тоқсанбаеваның, Забира Бекешқызы Мадалиева, Майра Победақызы
Қабақованың, Оспан Сейдуллаұлы Саңғылбаевтың, Фатима Сағымбекқызы Ташимованың,
Мұқан Əтенұлы Перленбековтың т.с.с. еңбектері мен ғылыми көзқарас, тұжырымдамаларын
150
оқу бағдарламаларына еңгізіп, насихаттау қажет. Ал, Құбығұл Бозайұлы Жарықбаевтың
қазақстан психологиясы тарихнамасының өз жерімізде насихатталып таралуы өте төмен
деңгейде. Ендеше, біздер осы мəселелерге үлкен назар аударуымыз керек. Шетел мен ресейлік
ғалымдар ілімдерінен асып кете алмай жатырмыз. Кезінде заманауи ғалым-психолог,
профессор Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыпов қазақстандық психологияның, əсіресе,
эксперименталды, қолданбалы, тəжірибелік психологияның ресейліктерден едəуір алда келе
жатқаннын талай айтқан болатын. Ендеше, қазақстандық психология ғылымы өзінің ғылыми-
теориялық, тəжірибелік тарихын қарқынды дамытып келе жатыр.
Қандайда тұлға өзінің даму барысындағы жетістіктерге тек адал еңбек, ақыл арқылы
жететіндігін осы факторлар арқылы қалыптастырамыз. Бұл туралы ғұлама Абай этикалық
тұжырымдамасында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше орын алады. «Адал еңбек, мал таппақ,
жұртқа шашпақ», – деп қандай еңбекті дəріптеу керектігін байқатады. Адамның тұлға ретінде
қалыптасу процесінде өскен ортаның, тəрбиенің рөліне үлкен мəн бере отырып, ұлы ақын
əркімнің өзін-өзі жүйелі түрде тəрбиелеп отыруы керектігіне айырықша көңіл бөледі. Өзінің
он бесінші
сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың
келсе, күніне бір мəртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айына бір – өзіңнен өзің есеп
ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не
дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып
өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»
[6]. М
ұнда ақын адамның өзіне өзгелердің көзімен
қарап, күнделікті істеген ісіне талдау жасауға, барлық əрекетіне жауап бере алуға, өзінің
өмірдегі орнын біліп, соған лайық іс-қимыл жасауға міндеттілігін ашады.
Қорытындылай келе, адамның этникалық əлемі оның бар өмірін анықтайды, ол
қабылдайтын шешімдерге тікелей əсер етеді, танымдық процестерінің сол этносқа тəн
ерекшеліктерін қалыптастырады дей аламыз. Этномəдениет адамда туындайтын əртүрлі
сұрақтарға жауап береді жəне ол призма секілді болады, сол призма арқылы адам əрекет етуі
тиіс қоршаған əлемге қарайды.
Қандайда болмасын ғылыми ізденіс жұмыстарын (докторлық диссертацияларды)
бағалауда өте нақтылы ғылыми жəне тəжірибелік, қолданбалық жағын «өте жоғары» немесе
«жоғары» деп бағаланады. Сұрақ «неге бұл еңбектер, көзқарастар, зерттеу нəтижелері»
қолданысқа енбейді?
Біз əлі де болса тек шетелдік бағдарламаларды дəріптеп, шетелдік ғалымдардың
материалдық жағдайларын жақсартып жатырмыз. Мəселен, «Темпус» бағдарламасы бізде
оларға дейінгі зерттеліп келген «мигранттардың» жаңа ортаға бейімделуі жайлы зерттеп,
біздің қызметіміз бен білімімізді, ақшамызды пайдаланды. Одан түскен мемлекеттік пайда
немесе зерттеу қорытындылары қандай нəтижеге əкелді? (Біз үшін).
Ендеше, біздің мұңымызды кім шешеді? Сонда Абайдың, Сұлтанмахмұт сияқтылардың
əдеби-философиялық, психологиялық ойларын, ғылыми-психологиялық тұрғыдан зерттеп
көрсете алмай отырмыз ба деген ой келеді.
«Тұтас мемлекетті қамтитын ауқымды іс-шараларды өткізген кезде айқын көзқарас,
нақты ұстаным болуы шарт. Себебі өңірлердің бəрі орталыққа бейімделіп жұмыс істейді.
Сіздерден бағдар алады. Тəуелсіздіктің 30 жылдығын тек мерейтой деп санауға болмайды. Ең
алдымен, бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек», – дей келіп,
«Тəуелсіздік – ең басты құндылығымыз жəне ол бəрінен қымбат! Біздің міндетіміз – кейінгі
ұрпаққа кемел жəне қуатты Қазақстанды аманаттау», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президетіміздің бұл ой тұжырымы ел азаматтарынан нақтылы көзқарастар мен
ұсыныстар күтетіндігін білдіреді. Ал, психология ғылымы қазір қайда болса да өз өзектілігін
дəлелдеп отыр.
Əдебиет
1. https://khabar.kz/kk/zekti/item/108727-elbasy-ma-alasy
2. Қайратұлы Б. «Қазақ халқының бес мың жылдық шежіресі» мақаласы. – «Егемен Қазақстан» газеті. -
2021.1.11.-3 б.
3. Жақыпов С.М. Психологическая структура процесса обучения. Моногр. – Алматы: «Қазақ
университеті», 2004. – 310 с.
151
4. Əмірова Б.Ə. Қазақ отбасы психологиясы: теориясы мен практикасы.- Қарағанды: «Ақнұр» б-сы. 2014.
-134 б.
5. Əмірова Б.Ə. Этностых жаңсақ нанымдар: теориясы мен практикасы. Қарағанды. «Полиграф» баспасы,
2012 – 395 б.
6. Абай Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық жинағы // Аудармалар мен қара сөздер. – Алматы.
«Ғылым» б-сы. – 1977 ж. ІІ Том. – Б.149.
Достарыңызбен бөлісу: |