Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары


Орынбасаров С.Е., Кудайбергенова А.Ж



Pdf көрінісі
бет73/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Орынбасаров С.Е., Кудайбергенова А.Ж. 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ƏСКЕРИ ПСИХОЛОГИЯҒА ҚОСҚАН 
ҮЛЕСІ 
«Соғыс – ұлттық ерік – жігердің сынағы ... адам өмірінде терең із қалдыратын, дүр 
сілкіндіретін оқиға» [1]. Басқаша айтқанда, соғыс - адамның бар тұлғалық қасиеттерінің, 
психологиялық тұрақтылығының сынағы.
1941-1945 жылдардағы соғыс бүкіл Кеңес халқы, Қарулы Күштер, əскери тəрбие жүйесі 
үшін қиын сынақ болды. «Бұл менің соғыс туралы толғаныстарым немесе оны жазушының 
образбен ойлауы емес, жай ғана - ерлікке тəрбиелеу туралы ойлар деп айтамын» [1, 5 б.]. 
Жауынгерлерді психологиялық жігрелендіру міндеттерінің дұрыс шешімі - Отан тағдырына 
байланысты болды. Осындай міндетті өз мойнына Бауыржан Момышұлы алған болатын.
Əскери қызметшіні тəрбиелеуде командирлердің қарамағындағылардың тұлғалық 
ерекшеліктерінен жəне жеке көзқарас,дүниетанымдарынан хабардар болу ерекше мəнге ие. 
Əскери қызметшінің жеке-психологиялық қасиеттерін зерттеу тəрбие процесінің тиімділігіне 
əсер ететін əскери қызметшінің тікелей командирінің оңай емес жəне өте маңызды міндеті 
болып табылады.
«Командирдің парызы - солдаттардың қандай да бір болмасын іс-əрекеттерін назарға 
алмай, ескерусіз қалдырмау. Егер солдат жақсы ісімен көзге түссе - ол мадақталуға тиіс» [1, 7 
б.]. Сондықтан əскери психологтың, командирлердің жəне офицерлерінің қазіргі кезеңдегі 
жұмысы маңызды диагностикалық қызметті қамтиды, оның ішінде əскери қызметшінің мінез-
құлқының себептерін, оның əскери міндеттерге, əріптестеріне деген көзқарасын, əскери 
жарғыларды орындауға дайындығын, моральдық-психологиялық жағдайды, тəрбие 
процесінде сақталуы керек ең қолайлы жеке қасиеттерді анықтау. Бұл жұмыс əр түрлі қызмет 
жəне оқу жағдайларында əскери қызметшінің мінез-құлқын сенімді жəне мүмкіндігінше дəл 
болжауға мүмкіндік береді, бұл əскери ұжымды тиімді сүйемелдеуге əкеледі. Момышұлының 
еңбектерінен байқауға болатындай, соғыс жағдайында жеңістің кепілі болмақ. 
Əскери қызметтің сəттілігі əскери міндеттерді бөлу кезінде əр əскери қызметкердің жеке 
психологиялық ерекшеліктері қаншалықты ескерілгеніне байланысты болатыны анық. 
«Əскери қызметшінің тұлғалық психологиялық ерекшеліктері биогендік, социогендік жəне 
психогендік элементтердің интегралды тұтастығына байланысты» [2]. Басқаша айтқанда, əр 
адам жеке тұлға ретінде гендік жəне биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ерекше 
қасиеттер жиынтығымен туады. Бұл ерекшеліктер болашақта оның мінез-құлқы мен 
қызметінің ерекшелігін анықтай алады. Демек, оның тұлғалық қасиеттерінің негізгі 
детерминанты болып табылады деген сөз. Б. Момышұлы айтқандай «Ұрыс жалған 
батырлықтың бетпердесін сыпырып тастайды. Егер де бейбіт уақытта адамның кейбір 
ерекшеліктері байқалынбаса, онда ол ұрыс үстінде ашылады»[1, 9 б.]. Яғни, жауынгердің 
тұлғалық қасиеттері оны қоршаған ұрыс шындығында сынға түседі.
Əскери қызметшінің жеке психологиялық ерекшеліктері, əрине, жинақы тұжырымдама 
екенін есте ұстаған жөн, оған келесі компоненттер кіреді: жеке тұлғаның бағыттылығы, 
мотивацияның, ерік-жігердің, эмоционалды саланың ерекшеліктері, темперамент, мінез-
құлық, танымдық іс-əрекеттің ерекшелігі, құндылық бағдарлары, əртүрлі жағдайларды 
қабылдау ерекшеліктері, өмірлік жəне кəсіби мəселелерді шешудің ұтқырлығы мен 
креативтілігі, мінез-құлық стереотиптері, эмоционалды реакция. жағдайлар жəне т.б. [3].


157 
Бауыржан Момышұлының еңбектерін жəне ҰОС кезіндегі басқа да жазбаларды талдай 
келе, тұлғаның негізгі компоненті оның бағыттылығы болып табылады (мүдделердің 
ерекшеліктері, идеалдардың болуы, сенімдер, қажеттіліктер, дүниетанымның ерекшелігі) деп 
айта аламыз [1, 10 б.]. Дəл осы компонент əскери қызмет атқару кезінде тез өзгеретін 
жағдайларында əскери қызметші тұлғасының мінез-құлқын айқындайды. Жеке тұлғаның 
бағыттылығы - адамның психологиялық жағдайына, эмоционалдық көріністеріне, когнитивтік 
жəне ерік процестеріне əсер етеді. Əскери қызметші тұлғасының бағыттылығы мен 
мотивтерінің үйлесімі моральдық, өмірлік көзқарастарын, нанымдарын, мүдделерін,
жауынгерлік қызмет талаптарын жауапты орындауға бағытталуын, мақсаткерлігін көрсетеді 
[4]. Бауыржан Момышұлының нағыз ер жүрек жауынгерді «ұрыста, соғыста адамға тəн 
барлық жоғары жəне төменгі қасиеттері» көрініс табады. Ол сезімдерді екі топқа жіктеуге 
болады:
Жоғарғы сезімдер: 

Парыз 

Ержүректілік 

Адамгершілік 

Ерлік 

Батырлық 

Қаһармандық жəне т. б. 
Төменгі сезімдер: 

Опасыздық 

Үрей 

Ұждансыздық 

Қорқыныш 

Шошу жəне т. б. [1, 12 б.]. 
Б. Момышұлының айтуынша, Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуіміздің негізгі себебі: 
жауынгердің «моральдік-адамгершілік күш» жəне «жанды, саналы адам». Ал, материалдық 
жабдықтар,қару-жарақ тек жеңістің бір көптен бір құралы ғана. Ал моральдік-адамгершілік 
қасиеті рухани күшпен анықталады. Б.Момышұлы бойынша рухани күштің негізгі 
компоненттері: 

Ақыл 

Сезім 

Ерік-жігер [1, 12 б.]. 
Осы үш қасиетті жауынгердің бойында ұштастыру тəрбилеудің мақсаты болып 
табылады. Осының мысалын ретінде взвод командирі Редин мен комдив Бауыржан 
арасындағы диалогтан көре аламыз. 
«Менің ұстазым, менің алғашқы командирім менің алдымда тұрып, бас киіміне қолын 
созды. Ол əлі де ұқыпты жəне өзінше əдемі еді. 
— Николай Васильевич! Бұл сіз бе, Николай Васильевич? Неліктен сіз бұрын өзіңіз 
туралы айтпадыңыз? Николай Васильевич! 
Мен одан неге қартайғанын сұрағанда, ол жымиып, былай деді: 
- Біз, полковник жолдас, Кеңес Одағына қызмет етеміз. Кеңес Одағы əлі де өте қиын 
жағдайда. 
«Николай Васильевич, сізді жетінші рет жарақат алуға жіберуге ұятым бармайды», - 
дедім мен Рединге кешкі ас кезінде. - Наубайшы болып əскери наубайханаға барыңыз. 
— Сіз мені ренжітпеңіз, жолдас полковник, - деді Редин ашуланып, тістері сықырлап. 
Менің түпкілікті шешімімді асыға күтті. 
Мен де ашуландым жəне ресми түрде бұйрық бердім: 
- Старшина жолдас Редин! Взводты басқаруға барыңыз! 
- Тыңдаймын, жолдас полковник. Сізге, жолдас полковник, менің əскери жолдастарыма 
оралуға рұқсат бергеніңіз үшін рахмет! 


158 
Редин кеткеннен кейін, Конковский ұзақ уақыт бойы адамдармен сөйлесе 
алмайтынымды айтты. Мен Рединге жаман ештеңе тілемедім, тек оған қауіпсіз жер ұсындым 
деп ақталған кезде, Конковский жымиып, былай деді: 
— Мəселе сонда, жолдас командир! Сіз жауынгердің абыройы мен ар-намысын 
қорладыңыз! Мəселе сонда, жолдас комдив... 
Мен үн қатпадым» [5]. Бұл диалогта, комвзвод Рединнің, жоғарыда айтылған рухани 
күштің үш компонентінің үйлесімділігінің куəсі бола аламыз. 
«Қорықпайтын адам жер бетінде жоқ. Қорқыныш тірі нəрселердің бəріне, тек адам мен 
жан-жануарларға ғана емес, сонымен бірге тіпті өсімдіктерге де тəн.Батылдық пен қорқақтық 
- бұл қорқыныштың парызбен күресінің нəтижесі. Қорқыныш бар, бірақ оны жеңуге болады. 
Қорқынышты: біріншіден, ішкі мəжбүр ету жолымен, екіншіден, сыртқы мəжбүр ету 
жолымен, яғни қоғамдық ықпал ету жолымен жеңуге болады» [1, 14 б.]. Жауынгерді нағыз 
жауынгер ететін ерекше қасиеті - қорқақтық. Жүзден астам ұрыстарға қатысқан Бауыржан 
Момышұлы, қорықпайтын адамды кездестірмегенін айтады. Барлығына өзін-өзі сақтау 
инстинкті тəн екенін айтып өтеді. Б.Момышұлы бойынша оны жеңудің екі жолы бар: 
біріншіден, ішкі мотивация,тұлғаның бағыттылығы болса, екіншісң, сыртқы мотивация. 
Автордың айтуы бойынша соғысқа өлу үшін емес, өмір сүру үшін барады [6]. Соғыс кезінде 
қорқу мен ерлік арасындағы ұрыста ұтылып, майдан даласынан қаша жөнелген əскерлердің 
кінəсын тек ұрыс даласында ғана жуып-шая алады. «Қашу - жаудан құтылудың жолы емес, 
өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.» Оның дəлелі ретінде офицер Заевтің ісін мысалға ала-
аламыз [6, 14 б.]. 
Сонымен қатар, ұрыстағы батылдық өте күрделі психологиялық құбылыс болып 
табылады жəне сыртқы көріністердің барлық ұқсастықтарымен, əдетте, мүлдем басқа шығу 
тегі мен негізі бар. Соғыстың төтенше жағдайларында, қауіптің, қиындықтардың, тұрақты 
физикалық жəне жүйке кернеуінің əсерінен эмоционалды фактордың əсері ерекше қарқынды 
болады. Сонымен қатар, жауынгерлік жағдайда тікелей қарама - қарсы ұжымдық көңіл-күй 
бірдей ықтималдықпен көрінуі мүмкін: бір жағынан, жауынгерлік толқу сезімі, шабуылдаушы 
импульс, шабуыл экстазасы, екінші жағынан, топтық қорқыныш, үмітсіздік, белгілі бір 
жағдайда дүрбелеңге əкелуі мүмкін. Осындай батырлық көрінісін Б.Момышұлы «көзсіз 
батырлық» деп атаған. Ойланбай жасалынған көзсіз батырлық - есерсоқтық. «Ерлік - туа 
біткен қасиет емес» дейді Б. Момышұлы. Ерлік - əскери тəрбиенің өнімі. Ерлік- адамның ең 
ұлы сезімін - азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік, теңдікте өзіңмен 
сайысқа түсе отырып, тұтас коллектив өмірінің игілігін ғана емес, сонымен қауіп-қатерін де 
бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке 
басыңды жəне отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге 
мəжбүр ету [6, 26 б.]. 
Жоғарыда келтірілген талдау нəтижесінде келесі тұжырымдар алынды. Соғыс - бұл адам 
үшін, əсіресе жақын əскери қақтығыста жаумен тікелей кездесетін жауынгер үшін 
қорқынышты жəне қиын сынақ. Сұрапыл ұрыс даласында əрбір жауынгердің жалпы адамдық 
əрі тұлғалық-психологиялық қасиеттері сынға түседі. 1073 атқыштар – Талғар полкі құрамы 
жауынгерлері бейбіт өмірде наубай,бухгалтер,шаруа болған қарапайым тұрғындар. 
Азаматтардан елін сүйетін патриот,елі үшін жанын беретін нағыз жауынгерлерді қысқа 
мерзімде даярлаған, Б.Момышұлының, əскери-педагогикалық-психологиялық тəрбиесінің 
жемісі болды деп айтсақ орынды болмақ. Б. Момышұлының ұрыс алдында өз жауынгерлерінің 
рухын көтеруі тəсілдері,ұрыс тактикалары Израиль əскерінде əлі күнге дейін қолдануы осыған 
дəлел болып отыр. 
Əдебиет 
1. Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап. Алматы: «Өнер», 2010. — 158 б. 
2. Султанмуратов Ю.М., Овчинников А.А., Султанова А.Н., Сычева Т.Ю. Индивидуально-
психологические особенности военнослужащих, влияющие на успешность адаптации // Сибирский вестник 
психиатрии и наркологии. 2017. № 3 (96). С. 50-56. 


159 
3. Психология личности: учеб. пособие для вузов / под общ. ред. П. Н. Ермакова, В. А. Лабунской. М.: 
Эксмо, 2018. С. 20. 
4. Алещенко М. В. «Направленность личности» как черта характера военнослужащих // Психология и 
педагогика: прошлое, настоящее, будущее: сб. ст. Междунар. научно-практ. конф. 2015. С. 8–12.
5. Момыш-улы Б. За нами Москва. Записки офицера. / Изд. 3-е, доп. — Алма-Ата: Казгослитиздат, 1962. 
- С. 171. 
6. Бек А. Арпалыс. 29 том. (3-Kiтaп). Алматы: «Өнер», 2010. — 260 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет