174
- Қырық снаряд шығарып, залпымен тікелеп атындар, ойран-ботқасы
шықсын.
- Құп, жолдас қомбат.
Бір минуттан кейін залпымен атқан зеңбіректер даусынан жер-дүние
жаңғырықты.
Бұлай еткен себебім, жау бізді байқамай қалмасын дедім.
Меңіреу даланы күңіренте зеңбіректен оқ атып, мен: - біз мұндамыз! -
деп бердім, қараңғыны қақ жара дабыл қақтым.
Жауға айбат шегіп:
білгеніңді істе, дедім. Артиллерия мен әскеріңді
бізге жұмыс, жерден де, әуеден де кәрінді тӛге бер, - біз мұндамыз!
Ӛз бӛлімімізден қол үзіп қыспақта қалсақ та, біз кетпедік, күні ертең
жабылатын ақырғы қылдырықташық жол қаншама қызықтырса да, біз
елікпедік.
Ендеше,
қалуға бел байлағанда, жасырынбақ ойнау үшін емес,
жаудың назарын, соққысын ӛзімізге аударып, Москваны қорғауға жаңа
шепке орналасқандардың халін жеңілдету үшін қалдық қой.
Біздің зеңбіректер кӛз кӛрген нысананы пайлап, жеті жүз метр жерден
тӛтелеп атып жатты. Әрбір дүркін оқ: - біз кетпедік, біз мұндамыз! - деп жар
салды.
Сонау маңның бір жерінде біздің айбынды дыбысымызды полк штабы
есітер. Тағы бір жерде Иван Васильевич Панфилов басын кӛтеріп, қасын
керіп, шаттықпен: «Бәрекелді!» деп үн қатар.
Мен тағы да батарея командирін телефонға шақырдым:
- Ганстер қалай? Байбалам салды ма? Тағы да бір дүркін ат! Фугас
снарядтармен, үйлерді пайлап ат!
Іле-шала ӛзім блиндаждан шықтым.
Таяудан зеңбіректер үні тағы естілді.
От-жалынның ақшыл сәулесі
әуеде ойнады. Тарт сазаңды, сұм жау!
Орман іші қайтадан қараңғы тартты, айнала тағы жым-жырт… кенет,
әлсіз жаңғырық секілденіп, әлдеқайдан басқа зеңбіректердің гүрсілі естілді.
Мойнымды созып, құлағымды тіге қалдым. Зеңбіректер тағы да үн қатты.
Бұл үн он жақтан, он
километрден жерден, шамалауымша, батальон
қатарындағы Руза ӛзенінің бойынан келгендей.
Арт жақтан, ӛте алыстан,
бірақ аса қуатты сарын жетті.Әлденендей бір алып дәу, жуан дауысты әйдік
сым пернені шерткендей еді. Бұл атақты «Катюша!» Бір мезгілде атылған
жүздеген снарядтар, жер-кӛкті жаңғырықтыра,
әлдеқайда қаннен-қаперсіз
жатқан немістерді жермен-жексен қылғаны даусыз. Сарын басылды… Орман
іші тағы да жым-жырт, қараңғы…
Достарыңызбен бөлісу: