172
- Қайда? Бұзып кеттіңдер ме?
- Жоқ… мына орман ішінде қалып қойды… - деп қарындашпен нұқып
кӛрсетті.
- Қанша?
Алтау… тӛрт жүз снаряды бар.
- Бері қараңыз, капитан,
- дедім мен, - сол зеңбіректерді алып келуте
әрекет істесек қайтеді? Адамдарым мен аттарымды берейін, барасыз ба?
Шилов қынжыла езу тартып, мырс етті:
- Жоқ, енді мен жүруден қалған жанмын…
Бұрылып, шинелінің етегін кӛтергенде, сӛгілген балағы, тілінген
қонышы кӛрінді. Ісінген балтыр таңулы екен. Үлдіректің
сыртынан қаны
шығып тұр. Мәуіті шалбарына қан ұйып қапты.
- Дәрігерлік пунктте болдыңыз ба? Сүйегіңіз сау ма? – деп сұрадым.
- Ит біле ме?… Жауынгерлер таңған еді… Зеңбіректерді тастап кетті,
- деп ақырында пішінмен боқтап жіберді, - мені, әйтеуір, алып шықты…
Оқ тиген аяғын иместен, қынжылып орындыққа отырды.
- Синченко! Зембіл әкел. Шапшаң! - деп дауыстадым мен.
Шилов ұзақ үндемей отырып, онан соң тағы үн қатты.
- Манадан бері батальон туралы ойланып, ой түбіне жете алмай
отырмын: батальонның қирауы табиғи нәрсе ме, жоқ па? - дейді. Рас,
жауынгерлердің әскери дайындығы нашар еді.
Және кейіп, тағы да балағат сӛз айтты да, айрықша жігерлі пішінмен
маған тесіле қарап
- Бәрі де қойша үркіп кетті деп ойлайсыз ба? Жоқ, екі рота ерлікпен
қайрат кӛрсетті… Онан соң ӛз командирін қалдырып кеткен жоқ қой, тағы
да…
Сӛзін бітірместен еріндерін жымырып, ол қайтадан тына қалды.
Блиндаж түбіне зембіл әкелінді. Синченкоға сүйеніп, Шилов сыртқа шықты.
11
Ысламқұловқа оз взводыңды Долгоруковка деревнясының сыртымен
алып шығып, полкке қосыл деп тапсырдым.
Бұл бӛлімше біздің
батальон қарамағында емес, оның үстіне алға
жарып ӛткен жаудын қыруар әскерін аз күшпен бӛгеу міндеті дивизияның
алдына қойылып отырған кезеңде әр жауынгер, әр бӛлімше, әр взвод
Панфиловқа зәру екенін білемін, сондықтан қырық-елу адамды ӛзіме
қалдыруды мақұл кӛрмедім.
Сламкұлов
менің байлауымды есіткенде, қызараңдеп, қарсы пікір
айтуға тырысты. Не жамандық болса да бізбен бірге кӛруге бекінген еді ол.
Бірақ мен оған ырық бермедім.
Рахимов сол арада:
- Бар күшті орманға келтіреміз бе? Жағалай шеп құрамыз ба?… деп
сұрады.
173
- Ия,
Бұдан басқа бір ауыз сӛз сұрамастан, Рахимов қағаз бетіне орман
нұсқасын түсіріп, айнала қорғаныс шебіндегі
рота учаскелерін белгілей
бастады,
Ысламқұлов екеуміз сыртқа шықтық.
Түн шырттай қараңғы, жым-жырт. Ешқандай зеңбірек даусы
естілмейді, таяудан да, алыстан да ұрыс дүбірі құлаққа келмейді. Орман
ағаштарының арасынан аспандағы жымың қаққан жұлдыздар кӛрінеді.
- Бар, жолың болсын, - дедім мен.
Ысламқұлов сәл күмілжіп:
- Бауыржан… - деді. - Бауыржан, егер де онда бір взвод керек болса,
батальон одан да қажет емес пе… Ӛзің ойлашы…
- Олай ете алмаймын, достым, болмайды. Ойланатын да түгі жоқ. Бар,
жолың болсын!
Біз
жалынды лебізбен, қатты қол қусырып, қош айтыстық.
Достарыңызбен бөлісу: