ОРМАНШЫНЫҢ ҤЙІНДЕ
«Ӛмір үшін ӛлгенше күрес».
175
Орманшының үйі екі бӛлмелі. Біріне барлық жаралыларды әкеліп
жайғастырдық, екіншісіне телефон орнатып, басқару пунктін келтірдік. Мен
шақыртқан барлық командирлер мен политруктер осында жиналды.
Мен оларға былай дедім:
- Менің бұйрығымды тыңдандар. Біріншіден, батальон қоршауда.
Менің байлауым: шегіну жӛнінде бұйрық алғанша қоршауда күресеміз.
Айнала қорғаныс шебіндегі тиесілі учаскелер рота командирлеріне
кӛрсетілді. Түнде тынбастан істеп, таң атқанша әр жауынгер ӛзіне адам бойы
окоп қазып алсын. Екіншіден, тұтқынға берілу де, тұтқын алу да болмасын.
Қорқақтарды табанда атып тастауға барлық командирлерге право беремін.
Үшіншіден оқ-дәрі үнемделсін. Алыстан мылтық пен пулеметтен оқ атуға
тыйым саламын. Атқанда оғың далаға кетпейтін болсын. Ӛлгендер мен
жаралылардың винтовкалары, патрондары алынсын. Артық басты мылтық
жойылып, патрондар пайдаға асырылсын. Әркім ақтық патронға дейін атсын.
Ақтық патрон ӛзін-ӛзі атуға қалдырылсын. Тӛртіншіден, артиллерия тек қана
кӛрінген нысананы, жаудың адам күшін кӛздеп, тӛтелеп атсын. Ақтық
снаряды қалғанша атсын, ақтық снарядпен орудиені қиратсын. Бесіншіден,
осының бәрін жауынгерлерге естіртіңдер.
2
Сұрау берген жан болған жоқ. Ротасының политругі Бозжановты
қасымда қалдарып, басқаларға рұқсат еттім:
- Бозжанов, қырандарың қайда?
- Осында, жолдас комбат, штаб жанында.
- Қанша?
- Сегіз адам,
Бұлар таяудағы ұрыста жау шебіне табан астынан оқ атып, немістерді
қиратып салған ат тӛбеліндей ғана жауынгерлер: Блоханың пулемет расчеты
мен бірнеше хабаршы.
- Осы жасақты бастап немістер жаққа барамын, - дедім мен. Сонан
кейін картаны жайып, капитан Шилов әлгінде қарындашпен белгі соққан
жерді кӛрсеттім.
- Осында қалып кеткен зеңбіректер, снарядтар бар. Осыларды жаудың
иек астынан білдірмей әкетуге тырысу керек, - дедім.
- Қамыт-сайманымен аттарды, адамдарынды алып бар. Сақтықпен,
айламен қимылда…
- Ақсақал, - деп Бозжанов жымия бетіме қарады.
- Немене?
- Ақсақал, сізден сұрайын деп едім. Осы адамдар бұдан былай менің
бӛлімшем болып есептелсін.
Мен бұрынырақта айтқан, пулеметтердің бәрі атқыштар роталарына
берілген, сондықтан Бозжанов политрук болып істейтін жеке пулемет ротасы
қазір жоқ еді,
176
- Бұл неғылған бӛлімше болады? - деп сұрадым.
Бозжанов жалма-жан:
- Батальон командирінің, сіздің резервіңіз болады, ақсақал, деп жауап
қайырды.
- Ал ендеше, резерв командирі, жүр, сенің әскеріңе барайық, дедім
мен.
Орман арасынан айдың кӛмескі сәулесі түсіп тұр.
- Тоқта! Келе жатқан кім?
- Мурин, сенбісің? - деп сұрады Бозжанов жауап орнына.
- Мен, жолдас политрук.
Бозжановтың бар «әскері, бір түп шыршаның түбіне орналасқан екен.
Плащ-палаткаларын бүркеніп, біріне-бірі жанасып, аяқтарын бау-бауырына
жинап, жауынгерлер қалың тӛселген қарағай бүрлерінің үстінде қыбыр
етпестен ұйықтап жатыр. Күзетте тұрған Мурин. Айқастырулы
винтовкалардың қасында қарауытып пулемет кӛрінеді.
- Мурин, жұртты оят, - деді Бозжанов.
Қапсағай Қалимолдин басқалардан тез ояна қоймады. Ол орнынан
кӛтеріле беріп, сәл мүлгіп отырды да, қалың тӛсеніштің үстіне қайтадан
қисая кетті. Жұлқылап жатып, оны әрең түрғызды.
- Винтовкаларыңды алыңдар да, сапқа тұрыңдар! - деді Бозжанов
жайлап.
Сапты кӛзімен бір шолып, маған қарай жүрді де, ол рапорт берді.
- Менің бұйрығымды естіртіңіз, - дедім оған.
- Былай, жолдастар, - деп бастады Бозжанов, сапқа жақындап. -
Батальон қоршауда.
Бұдан кейін ол салмақты қоңыр дауыспен жауынгерлердің міндетін
тәптіштеп түсіндіре бастады. Айнала қорғаныс жасау, ақтық демің біткенше,
ақырғы патроның қалғанша ерен ерлікпен, қажырлы қайратпен, жауынгерлік
еппен дұшпаныңды ӛлтір, бірін емес, оның, жүзін ӛлтір - деді ол.
- Ақтық патронды ӛзіңе жұмса. Ӛмір үшін ӛлгенше күрес.
Бозжановтың аузынан кейде осындай нақыл сӛздер шығатын.
Байқаусызда бір сӛзді айта салады, мағынасына бойласаң, мірдің оғындай,
философия да, даналық та сонда. Соғыс кезінде менің бір байқағаным,
мұндай аталы сӛз жалғыз Бозжановтан ғана емес, қан-тӛгіс ұрыстың қауіп-
қатерін, бар ауыртпалығын жән-тәнімен терең сезінген, Отан алдындағы ӛз
парызын ӛтеу жолында жанын қиюдан да тайынбайтын ойшыл да зерделі
талай ер-азаматтың аузынан естіліп жүрді.
Бозжанов сӛйлеп тұр:
- Бізде зеңбіректер, пулеметтер бар, бір ағаның баласындай ынтымағы
күшті ерлер бар… Белі бекемді бүгілдіре алатын, қайсарларды қайыстыра
алатын күш жоқ…
- Жолдас политрук, бұлардың бүгінгі міндетін түсіндіріңіз, - дедім
мен.
177
Бозжанов немістер маңындағы орман ішінде қалып кеткен
зеңбіректерді әкелу керек екенін айтты.
Енді жолға әзірленіңдер, - дедім мен, Бозжанов сӛзін бітірген кезде. -
Қаруларыңды сайлаңдар. Заттарынды жинаңдар. Ең әуелі мұнда келіңдер,
достарым.
Лезде бәрі еңтелеп қасыма келді. Тек ұзынтұра Мурин ғана пулеметты
қасында күзетте қалды. Білемін, ол да әңгімені білгісі келіп тықыршиды, біз
жаққа мойнын созып, құлағын тігеді, айдың сәулесіне шағылысып кӛзілдірігі
жалт-жұлт етеді.
Ӛз солдаттарыма мен тұңғыш рет «достарым» деп лебіз білдірдім.
Қысылтаяң кезеңде командирдің лауазымына лайық қатаң әмір айтумен
бірге, жанға жалынды дем беретін жылы сӛз де керек қой. Шын жүректен
шыққан сӛз ерге куат: оттан да, судан да тайындырмайды.
- Сендер бүгін шынайы ерлікпен, әскери ептілікпен қайрат
кӛрсеттіңдер.
Қараңғыда түстерін анық ажыратпасам да, бәрінің де еңсесі кӛтеріле
түскенін байқаймын.
- Енді әлгі зеңбіректер мен снарядтарды ептеп алып келіндер.
Соңда бізге қосымша күш-қуат бітеді.
Мұратов тұрып:
- Жолдас комбат, онда колбаса апару керек, - деді.
Мұны орынсыз айтылған қалжыңға балап, жұрттың бәрі тіксініп
қалды. Осы жайды аңдаған аласа татар жігіті:
- Жолдас комбат, мұңым әзіл емес. Олардың танкісі болуы мүмкін, -
деді.
- Қайдағыны айтпа, Мұратов, - деді Бозжанов жаратпай.
- Қайдағысы қалай? Мен, жолдас комбат, шын айтам. Олар танкінің
ішінде ұйқтайды дейді, түнде танкіге итін байлап қояды екен.
- Таста бос сӛзді, - деді Блоха ызғарлы пішінмен.
Әйткенмен бұл бос сӛз емес еді. Немістер түнгі күзетке итті де
пайдаланатынын ӛз барлаушыларымыздан талай есіткенбіз. Шынында да,
бұл жайды ойластырған мақұл болар еді, бірақ қазіргі минутта
жауынгерлердің діттеген ойы, зейін қойған талабы асқақ.
Осыған сай келетін жүйелі сӛз керек. Дегенмен, айтарлық әңгіме
таусылғандай, жұрт жым-жырт.
Анадай жерде күзетте тұрған Мурин, осы үнсіз қалыпты бұза:
- Жолдас комбат, рұқсат па? - деді.
Мен елең етіп құлағымды тігіп едім ол жай ғана:
- Пулеметті кімге ӛткізем? - деп сұрады.
Осы Муриннің бұдан үш ай бұрын менімен алғаш рет кездескендегі
кескін-сипаты есіме түсті. Пенжакшең, галстугі қисайып кеткен, кӛзілдірікті
ұзынтұра, сӛлекеттеу жігіт еді, әскерше тік тұрудың жӛнін білмей, жіңішке
нәзік қолдарын сыйғызуға жер таппай, менің алдымда қатты қысылған-ды.
Сонда ренішпен арыз айтқаны да есімде: «Жолдас комбат, мені саптан
178
тысқары жұмысқа белгіледі. Ат-арба беріп қойды. Бірақ ат дегеннің не екенін
білсем бұйырмасын. Мен ат айдауға келгем жоқ қой мұнда», деген.
Кейінірек, шеп басында кенеттен пулемет тарсылдап, біреу: «Ойбай неміс!»
деп айқай салғанда, басқалармен бірге бұл да зета қашқан еді. Менің
бұйрығым бойынша сап алдында опасызды атарда Муриннің кезенген
винтовкасының ерекше қалтырағаны да есімде.
Әсершілде сезімтал осы Мурин соғыстың сұрапыл қорқынышын да
бойға қуат бітіретін ар-намыс үні мен ішкі үрейдің арпалысын да, жалмауыз
кӛрінген жауды ӛлтіргендегі кӛңіл қуанышын да, бәлкім, басқалардан
кӛбірек бастан кешірген болар деп ойлаушы едім…
Енді жаудың иегі астынан алты зеңбіректі әкелу жӛніндегі бұйрықты
естігенде:
- Пулеметті кімге ӛткізем? - деп солғын ғана жӛн сұрап тұрғаны
мынау.
Кӛңіл тебіренткен сезімі де, алып-ұшқан ойы да маған енді мәлім
болды. Қазір мұны билеген сезім қызмет лауазымынан да, тәртіптен де
жоғары, әрі ардақты адамгершілік сезімі еді. Мұны айтып жеткізу қиын,
бірақ солдаттың бүгінгі рухы, батальонның рухы маған айқын танылды.
Сонымен бірге: біз қан тӛгіс ұрыстан қаймықпаймыз, ақтық патронымыз
қалғанша жауды қырудан танбаймыз деген берік сенім санаға орнады.
Мен:
- Жарайды, Мурин, - дедім. - Пулеметті ал, Қалимолдин, ленталарын
да алыңдар. Штабқа апарып беріңдер. Блоха, адамдарында сапқа тұрғыз.
Жолдарың болсын, жігіттер!
4
Меңіреу түн ішінде жауынгерлер орман жағалай теселерімен тоңды
ойып, ағаш тамырларын қырқып, жер қазуда. Тал арасынан зеңбіректер
ӛтерлік жол салынуда. Ағаш араның шыңылдағаны, зәулім талдардың
теңселіп барып гүрс-гүрс құлағаны шыңылтыр ауада құлаққа айқын естіледі.
Жасқанған, жасырынған біз жоқ. Білсін жау біздің мұнда екенімізді!
Новлянский қыстағын басып ӛтетін жол біздің билігімізде, оны жауға
бермейміз, маңайымыздан машинасын да, артиллериясын да ӛткізбейміз!
Сӛйтсе де, бұдан не пайда? Жаудың колонналары басқа жолдармен,
басқа аралықпен, Сипуново, Красная Гора арқылы алға ӛтіп жатқан жоқ па?
Бірақ Красная Гораның ар жағынан бізге басқа зеңбіректер де үн қатты ғой,
ендеше, тағы бір жерде жаудың тӛте жолын бӛгеп, біз секілді ӛз орнында
табан тіреп қалғандардың бар екені айқын,
Дегенмен майдан шебі бӛлшектенді, бӛгет бұзылды, немістер біздің
ӛкпе тұсымыздан Волоколамскіге, Москвага қарай ӛтіп жатыр. Жауды
Волоколамскінің түбінде тоқтата алар ма екен?
Кӛңіл шіркін тағы да сол жаққа қарай алып-ұшады, Панфиловқа, ӛз
адамдарыңа тез барып жет деп сыбырлағандай болады.
179
Брудный қазір қайда екен? Таң атқанша қайтып оралса игі еді! Жарық
түспей кетсек игі еді!
Жоқ, Бауыржан, күдерінді үз… Жаман айтпай жақсы жоқ, полк штабы
құрыған болса қайтерсің? Дивизия штабының да бір жерде қоршауға
түспегеніне кім кепіл? Ертең, бүрсігүні ұрыс майданы бізден отыз, қырық
километр ұзап кетер. Сӛйтіп, күткен бұйрығың жетпес те, болмас та. Ал
сонда қайтпекпін? Мен командирмін, істің алды-артын тереңнен толғауға
міндеттімін. Бұйрық болмайды дейді. Сонда ше?
Жау тұс-тұстан қысымға алар, беріліңдер деп қыстар, біз оқпен жауап
қайтарамыз. Мен ӛз жауынгерлеріме сенем. Ӛз командиріне олар да сенеді,
ол маған аян. Менің сӛзім, бұйрығым оларға белгілі.
Қазір олар тынбай окоп қазуда: солдаттың қамқоршысы жер-анаға
табынуды. Жерді үңгіп бекінген соң, снаряд пен бомбаның бізге даруы қиын.
Орудие оғымен бізді түгел қыру үшін немістер сол маңдағы бүкіл
артиллериясын топтап жұмсауы керек. Бомбасына тӛтеп береміз. Аштыққа
да шыдаймыз. Кӛлігіміз бар - жылқы еті кӛкке жетеді. Кәне, күшің жетсе
сынашы, тапташы бізді!
Алты жүз елу жауынгерім бар. Әрқайсысы ӛзі ӛлмей тұрып, бірнеше
немісті ӛлтіреді. Біздің батальонды жайпау үшін дивизия керек. Ол
дивизияның жартысы құрып бітеді. Панфиловшылардың бір батальоны үшін
немістер осындай құн тӛлесінші.
Осылай ойдан ойға шомып, орманшының үйінде, штаб бӛлмесінде
отырмын. Қазір мұнда телефондар тұр. Мұнан роталарға, орудиелерге
телефон сымы тарайды. Осы арадан мен ұрысты басқара алам.
Егер бір жерден шебімізді бұзып ӛтіп, дұшпан сыналап орманға енсе,
оған қарсы күш жібере алам. Ол кезде біз орман ішінде ұрыс саламыз, тал-
талды, түбір-түбірді паналап, жауды дәлдеп оқ атамыз. Ақырға қорған, соңғы
шеп орманшының үйі болады.
Кезегін ӛтеген күзетшілер мен телефоншылар да дамылсыз: олар да
штаб тӛңірегінен ор, траншея, қосалқы пулемет ұяларын қазып, кескен
талдан бӛгет құрып жатыр. Біз терезелерге бӛренеден қалқа жасаймыз, оқ
ататын тесік тесеміз, қысқасы осы үйде де аз тӛбелес болмайды. Мұнда
әкелінген екі жәшік гранат бар. Есік алдында пулемет.
Мен ӛз жауынгерлеріме, командирлеріме сенем: ешқайсысы тіріде
жауға берілмейді.
Осы арада тағы бір суық ой жүрегімді мұздатты. Ол - жаралылар
жайы еді.
Сол жаралылар ше? Оларды қайтпекпін?
Тұрып, сол жаққа, екінші бӛлмеге бардым. Кірісін шамның білтесі
тӛмен түсіріліен. Дәрігеріміз кӛк кӛз Киреев қарт пеш жағып отыр. Пештің
аузы ашық. Оттың қызғылт сәулесі үйдің бӛрене қабырғасында, сұр
одеялдарда, аурулардың сазарған жүздерінде ойнайды.
Біреу сандырақтап жатыр. Тағы біреу:
- Жолдас комбат! - деп ақырын дауыстады.
180
Аяғымның ұшымен басып, қасына бардым. Шақырған Севрюков екен.
Тақтайдың бір шетінде етпетінен түсіп жатыр. Басы жастыққа шӛңген,
кӛтеруге келмейді. Қырылдап әрең дем алады. Снаряд жаңқалары кӛкірегіне,
тақымына қадалған. Жарақаты ауыр, бірақ онша қатерлі емес.
Жараланғанына бірнеше сағат болса да, қапелімде бұл маған кӛптен бері
жапа шегіп, сарғайып жатқан жан сияқтанады.
Аяқ жағына барып отырдым. Севрюков қиналған пішінде бетін
тыржита, екі қолына күш салып, кӛтеріле берді де, қатты ыңырсып қоя берді.
Жаралының ыңырсығанын естіген Киреев жалма-жан жетіп келіп, оны
жайлап жатқызды, оқыс қимылына налып зілсіз күңкіл айтуда.
- Барыңыз, Киреев, - деді Севрюков келтесінен.
Дәрігер пешке барғанша үндемей жатты да, онан соң сыбырлап:
- Сәл еңкейіңізші. Сізден сұрағым келеді: онда не боп жатыр! – деп ол
иегімен ірге жақты нұсқады. Айтыңызшы, жолдас комбат?
- Не болғаны қалай?
- Бізді тылға неге жӛнелтпейсіз?
Не демекпін? Алдаймын ба? Жоқ. Севрюков білсін. Мен:
- Батальон қоршауда қалды, - деп шынын айттым. Севрюков кӛзін
жұмды. Аппақ жастық үстінде әсем таралған бурыл самай шашы
жылтарайды, түгі үрпиген сұрша жүзі жансыз тәрізденіп кӛрінеді. Бір ауыр
ой жанын күйзелткендей еді. Сәлден соң кӛзін ашып:
- Жолдас комбат… Маған қару беруіңізді ӛтінем… - деді.
- Иә, Севрюков, ол керек. Бергіземін.
Орнымнан тұрайын деп едім, бірақ Севрюков қолымнан ұстады.
- Сіз… сіз тастамайсыз ба? Бізді тастап кетпейсіз бе?
Қолымды қыса, кӛзін тіге, ынтығып жауап күтті.
- Жоқ, Севрюков, тастап кетпеймін!
Кӛңілі кӛншігендей, қолын жазып, әнтек езу тартты: қату жауабыма
қарап, маған іштен иланған еді.
Ауыр сезім бойымды басып, сыбдырсыз есікке қарай аяндадым.
Бірақ тағы да:
- Жолдас комбат… - деген дауыс естілді.
Зауқым болмаса да, қасына бардым.
- Сударушкин, сенбісің?
Маңдайына дейін кіршіксіз ақ бинтпен таңылған басы асқабақтай боп
ісініп кеткен. Қолы да танулы, барбиып кӛрпе үстінде қимылсыз, жансыз
жатыр.
- Сен қашан жараландың?
- Ұмытып қалдыңыз ба, жолдас комбат? "Ӛшір үніңді" деп зекігеніңіз
қайда?!
Ия, есімде. Қаптап келе жатқан жау алдынан шеп құрарда оқ тиген
біреу ащы дауыспен ойбайын салып шыңғырған. Қан сорғалаған жүзін де,
қызыл-ала болған қолын да кӛзім шалған. "Үніңді ӛшір!» дегенімде, жым
бола қалып еді. Осы екен ғой…
181
Сударушкин:
- Оны қуып тастадыңыздар ма? - деп сұрады.
Мұның жанына мезгілсіз жара салып не керек? Мен:
- Иә, - деп бас изедім.
- Алақай-ай… Ал, жолдас комбат, мені айығып қайтуға үйге жіберер
ме екен?
- Әрине, - дедім мен.
Ол жымиып күлді.
- Сонан соң, жолдас комбат, тағы да сіздің қарамағыңызға қайтып
келем…
- Әрина, - дедім де, ендігі жерде сұрағын есітпейін, жалған сӛз
айтпайын деп, тез жӛнелдім. Бұрыла беріп, капитан Шиловты кӛрдім.
Жамбастап жатыр екен. Кеудесі ашық, арқасымен бӛрене дуалға сүйеніп,
маған қарайды. Шамның кӛмескі сәулесімен жүзі солғын да жүдеу кӛрінеді.
Ұйқысы қашқан кісі тәрізді, кӛздері кіртиіп кеткен. Біздің қазіргі халіміз
басқаларына мәлімсіз болса да, Шиловқа аян еді. Білсе де, сыр шешпепті.
Қазір де үнсіз жатыр. Еш нәрсенің жайын сұраған да, тіс жарған да жоқ.
Осы дәрменсіз, қорғансыз жандарды қайтем? Айтыңызшы, қайтем?
Әлде былай етсем бе…
…Ақыр аяғы таянғанда, ақтық пулемет лентасы қалғанда, пулеметті
осында алып кірсең. Алдарында басымды иіп:
- Уа, достарым, бауырларым! Барша жауынгерлер, ӛздеріңнің
майдандас серіктерің, ақтық патроидары қалғанша қайрат кӛрсетіп,
батырларша мерт болды. Ендігі кезек сендердікі. Жӛнелтермін деп ем,
лажым болмады. Бақыл болындар, жолдастар! Сендерді немістердің
мазарына, қасірет азабына душар етер жайым жоқ. Ӛлдіңдер, біз де ажал
құшайық… - десем.
…Алдымен пулеметті бұзып, соңынан ӛзімді ӛлтірсем…
Осым жӛн болар ма еді. Әйтпесе не лаж бар? Жаралыларды жауға
қолдан бермекпін бе? Қорлығына, қинауына ұшыратпақпын ба? Қайтем,
айтыңызшы!
Сӛйтіп панфиловшылардың батальоны, Талғар полкінің бірінші
батальоны дүниеден қалай кӛшкенін баян етерлік бір де адам қалмайды бұл
әлемде.
Тек соғыс біткеннен кейін, бір заманда барып, немістің әскери
архивінен табылған мәліметтен қоршаудағы совет батальоны қанша жауды
қырғаны аян болар, бәлкім. Сонда біздің Москва түбіндегі аты жоқ орманда
қалай орналасып, қалай мерт болғанымызды білер жұрт… Мүмкін, білмес те.
Кісіні елегізетін меңіреу түн ішінде туған бұлдыр ой іштен
тындырады, еңсеңді басады.
5
Брудныйдан да, Бозжановтан да дерек жоқ.
182
Атқа мініп, орман шетіне, жұмыс істеліп жатқан шепке бардым.
Жауынгерлер тынбастан жер қазуда. Кӛбі белуардан, иықтан, тіпті кісі
бойынан тереңдепті. Кейбіреулері кӛрінбейді, тек үңірейген шұңқырлардың
топырақ атқан күректер ғана қылтылдайды.
Ай біресе аппақ сәулесін шашады, біресе күңгірт тартады. Аяздың
зәрі сынып, аспанды бұлт торлай бастаған.
Брудный кеткен жаққа қараңғыда кӛз тігем. Сабыр-тақат таусылуға
таяу. Қайтадан Новлянский, Новощурино деревняларына бар орудиеден
түйдекте те атқылап, жау тӛбесінен снаряд жаудырғым келеді. Ұйқы бетін
кӛрмейміз, жауға да дамыл бермейміз! Әйткенмен снарядты үнемдемеске де
болмайды: қазір снарядты тауысып алсақ, жолды немен бӛгемекпіз, жауды
немен жапырмақпыз?
Түн тым азайып кеткен секілденеді. Орман шетінен Күрең тӛбелдің
басын штабқа қарай бұрдым, Жануар ағаштардың арасымен жай аяңдап
келеді. Оны асықтырған да жоқпын. Керегі не? Штабта отырып, ой түбіне
жете алмай, сарғайғаным аз ба?
Түнгі сағат бірдің кезі, телефон шылдыр ете қалды.
- Жолдас комбат, сізді сұрайды, - деді телефоншы.
Телефон соққан Мұратов екен. Бозжанов ӛзінің жел аяғын зеңбіректер
мен снарядты аман-есен әкеле жатқанымызды хабарла деп, оздырып
жіберіпті.
Күрең тӛбел ерттеулі еді. Міне салып, алдарынан шықтым. Азбыншақ
емес, тӛрт жүз снаряд! Енді Новлянский мен Новощуринодағы жауды
атқылауға болады. Сазайынды тартарсың бәлем, жылы орныңнан байбалам
сала үрке қашарсың, «жеңімпаз» неме! Ұйқы бетін кӛрмейміз, жауға да
дамыл бермейміз!
Достарыңызбен бөлісу: |