ТАҢЕРТЕҢГІ ТҦМАН
«Әрбір солдат ӛзінің қимыл тәсілін
білуге тиіс».
Суворов.
Селдір тұман октябрьдің кенжелеп қалған шапағын кӛмескілеп, егіс
даласында шӛгіп жатыр. Түн ішінде қатқақ тұрыпты. Қақ суының бетін
жапқан қабыршақ мұз аяқ басқан сайын жарылып, ұнтақталып кетеді.
Әйткенмен қабыршақтың астындағы батпақ қата қоймапты. Құрып кеткір
бұл батпақ біздің оқ атуымызға тағы да қырсық жасайды десеңші. Қайтсек
екен?
Дордияға бара жатқан бетімде осының жауабы кенеттен ойыма сап
ете қалды. Тұман арасынан ӛзіміздің алғы шебімізді, Дордия бастаған
ротаның ұрыс алаңын кӛрдім. Жауынгерлер тайаздау қазылған окоптарға
тығыз тӛселген сабандардың үстінде жатыр. Жылтыр-сарғыш таза сабан
окоптағылар маңындағы батпақты кӛзден тасалаған, брустверді бүркеген.
Жауға елеусіз ету үшін кӛз жетер жердегі егіс даласына түгел сабан
шашылыпты. Мұның бәрі менсіз, менің бұйрығымсыз, түн ішінде, меңдеткен
аурудан менің аласұрып, сарайда сандырақтап жатқан кезімде істелген.
Данышпан қолбасшы Суворовтың әрбір солдат ӛзінің қимыл тәсілін білуте
тиіс деген нақылының жоралғысы бұл! Қазір, дамылсыз майдан
қарбаласының аралығында туған қысқаша тынысты пайдаланып,
жауынгерлер түгел қалың ұйқыға шомған. Окоп ішіндегі сабан үстінде әрбір
жауынгердің айбынды жылтырата тазартқан, шаппасы майланған винтовкасы
жатыр. Граната және противогаз дорбаларын, ашаң тартқан қашшықтарын
бастарына жастанған. Солдаттың азын-аулақ құрал-жабдығы да: оның
айнымас жан серігі – кішкене күрекшесі мен брезент оқшантайы да осында.
Маған қарай асыға басып келеді. Ол анадайдан қолын шекесіне
апарып, ізететті; бұл қимылы ежелгісінше, сӛлекеттеу болыпшықты. Мен
оған еріксіз түстеп қарадым: күнге күю дегенді білмейтін сұрша жүзіндегі
ұсақ бұжырларын, ақшыл селдір кірпіктерін байқадым. Дегенмен,
Дордияның сыртқы пішінінде әлденендей бір ӛзгеріс бар сияқты. Бадырайған
кӛздерімен маған тесіле қарайды, жанары нан дағдылы жасқаншақтық белгі
білінбейді.
270
- Жолдас қомбат, рота ұрыс қалпын сақтауда. Бәрінің қаруы сақадай
сайланған. Жауынгерлер мен командирлердің ұйықтап алуына әдейі рұқсат
бердім.
Дордия істің жайын мәлімдегенде уставтерминдерді ылғи дұрыс
қолдана бермейді, бірақ сӛздерін күмілжіместен, тұтықпастан, нақпа-нақ
айтады. Ол адам шығынын хабарлады: ӛлгендермен жараланғандардан басқа
бірнеше адам, оның ішінде рота командирі Панюков дерексіз кеткен. Мен
одан:
- Мұнда сабан әкелуді шығарған кім? - деп сұрадым.
Даусым жазғырған сарында қаттырақ шыққанын ӛзім де аңдамай
қалдым. Жылы шырай білдіру орнына дүрсе қоя беруім қалай бұл?! Менің
бұл сыңайымды Дордия наразылық деп қабылдағандай. Оның беті де, мойны
да, мандайы да лезде қызарып кетті. Алайда, менен кӛзін алмастан, батыл
жауап қайырды:
- Менің бұйрығым бойынша әкелінді, жолдас комбат.
- Жарайды, - деп қысқаша үн қаттым мен.
Енді мақтау есіткеннен болар, Дордияның тағы да қызарғанын
байқадым.
Біз қалың сабан тӛселген окоптарды аралап келеміз, мұндағы
солдаттар түгел қалың ұйқыда. Шепке кӛз жүгіртем де, Дордияға қайта-қайта
қараймын. Осынау сӛлекет, болбыр жігіттің қайратқа мінуіне, қомандирін
жоғалтып, ыдырап кеткен ротаны ӛзінің тӛңірегіне жинап алуына дем берген
қандай құдірет, нендей күш.
- «Ең абзалы - борышты ӛтеу», - деп, кеше Дордияның айтқан сӛздері
ойыма оралады. Бірақ борыш дегеннің ӛзі қайдан келіп шығады? Оның тірегі
қандай? Ал совет адамы дегеніміз кім, оның айрықша қасиеттері қандай? -
деген сұрақтар тағы да жадымда сайрайды.
Осы жайында Дордиямен пікір алысқым-ақ келеді. Бірақ оған уақыт
қайда. Келесі бір ыңғайлы сәтті күтеміз де.
Тұман селдір тартты. Сонау алыстан зеңбіректің гүрсілдегені естілді
де, бұл сарын жиілей берді. Әр тараптан, оңнан да, солдан да зеңбірек атыла
бастады, Ақырында бір снаряд біздің тӛбемізден суылдап ұшып ӛтіп, анадай
жерге түсіп жарылды.
- Бризант снаряд, - дедім мен.
- Артиллериясын жеткізіп үлгерген екен ғой.
Әуеден тағы бір снаряд суылдап ӛтті де, біздің ту сыртымыздан тарс
етіп жарылды. Немістер дәл нысананы кӛрмесе де, біз орналасқан ӛңірді
мезгіл, біркелкі атқылай бастады.
- Міне, Дордия, ұйқы ашар деген осы, - дедім мен.
2
271
Дордиямен бірге мен ротаның сабанмен кӛмкерілген пулемет ұясы
орналасқан жағына шықтым да, соңымнан аттарды жетектеп келе жатқан
Синченконы шақырып, Күрең тӛбелге міне атқосшыға:
- Енді штабқа баратын жолды кӛрсет, - деп бұйырдым.
Менің штабым ойпандағы жай тастан қаланған ұзын, кең сарайға
орналасыпты. Маңайдан бұрын атқора және басқа шаруашылық жайлар
ретінде салынған нақ осындай тас қоралар кӛрінеді.
Штабқа кіре берісте кезекші сақшы тұр, оның қасында қос дӛңгелекті
арбаға жегілген мығым денелі мәстек ақ боз ат пішенді күрт-күрт шайнауда.
Арба үстінде мүлгіп отырған кӛзілдіріктінің Мурин екенін таныдым.
- Мурин, бұл жерде не бітіріп жүрсің?
Мурин селк етіп, орнынан тұрмақ болған еді, бұлқимылды ӛзінше
жорыған мәстек ат арбаны ақырын тарта жӛнелді. Құлай жаздаған Мурин
арбаның жиетіне жармасып, атты тоқтатып, шинелінің етегіне аяғы
шалыныса, әрең дегенде жерге түсті. Аяғының астыңда тірек барын
сезгеннен кейін ол нағыз солдатша бойын түзеді.
- Түні бойы пулеметпен әурелендік, жолдас комбат. Сонда да жӛндей
алмадық. Енді рота командирінің ӛзі қолға алды.
- Ал пулеметшілер қайда, сенің жолдастарың? Ұйықтап жатыр ма?
- Баспана қазып жатыр, жолдас комбат. Бірақ та…
- Тағы не боп қалды? Күмілжіп тұрсың ғой.
Муриннің қылдырықтай, ашаң мойны шинелінің жағасынан шығып
тұр. Кӛзілдірігінің бір ілмегі сынған екен, оны сыммен бекітіп қойыпты.
Ұрыспайсыз ба?
- Ұрыспаймын. Айта бер.
- Бұл жерде тиянақтай қояр ма екенбіз, жолдас комбат?
Бұдан басқа дәнеңе айтпастан, Мурин ақ боз мәстегіне, әлгінде ғана
ӛзі құлап түсе жаздаған қос дӛңгелекті арбасына жалтақтап қарады. Оның
бұл сыңайы: «Бекінісіміз осал ғой», - деп емеурін білдіргендей.
Ә-ә, демек, батальондағы солдаттар ойының тӛркіні осындай екен ғой.
Сонда менің ойым басқаша ма? Бірақ менің түйген ойым қанша қасіретті
болса да, - ӛзімнің ішкі сырым ғой. Сондықтан мен былай деп жауап
қайырдым:
- Бізді сойылмен соққанша осында отыра береміз деп кім айтты саған?
Қайта сойылды ӛзіміз соғамыз.
Мен Күрең тӛбелден түстім де, шылбырды Синченкоға ұстата салып,
сақшының тұсынан сарайдағы штабқа кіретін есікке қарай жӛнелдім.
3
Таяуда ғана біреулер сарайда ағаш жонса керек. Жер еденде кір
шалмаған ақшыл ағаш үгінділері ыбырсып жатыр. Темекінің, су етіктердің,
су шинельдердің күлімсі иісі жонылған қарағай шайырының ашқылтым иісін
баса қоймапты. Дуал түбінде сырланбаған бірнеше терезе кәсегі сүйеулі тұр,
272
екеуі аяқ астында жатыр, ал бұларды орнына қоюды ойлаған ешкім де жоқ,
жаңа сүргіленген ақшыл тақтайға әрлі-берлі ӛткендер аяғының ізі түскен.
Есік алдында байланыс взводының солдаттары орналасқан. Бұл
взводтың командирі кіші лейтенант Тимошкин, ӛзім әрдайым аяғынан тік
тұрып, жұмыс істеп жүргенін кӛріп дағдыланған осынау уыздай жас жігіт,
бұл жолы дуалға сүйеніп, екі қолын сәнмен қусырып, жерде отыр. Мен кіріп
келген заматта алдымен ұшып тұрған сол болды. Мен дала телефонының
қобдишасын іздестірген едім, кӛзіме шалынбады. Соңда жүк арбалардың
Волоколамскіден әлі де келіп жетпегенін түсіне қойдым. Тағы да майор есіме
түсіп, оны ішімнен қарғап-сіледім.
Сарайдың түкпірінен Рахимовтың баяу жарлығы естілді:
- Встать! Смирно!
Мен соның қасына бардым.
Сарай ортасында бірнеше тақтайдан қиюластырып жасаған аласа стол
тұр. Оның үстінде желімделген екі топографиялық карта, Рахимовтың үшкір
қарындаштары, арнаулы кітапшасы жатыр. Терезе түбіндегі верстак үстінде
жіктелген пулемет бӛлшектері кӛрінеді. Бозжанов пен Заев сол бӛлшектерді
құрастыруда екен. Қазір менің алдымда екеуі де қаздиып тұр. Заев шинельсіз,
бӛріксіз; оның сәл тайпақтау мандайында машина майының қарауытқан дағы
бар, ұзын қолдарының салалы саусақтарына да жұққан май қарауытып,
жылтырайды. Оның қасында тұрған Бозжановтың да саусақтары қара
қошқыл. Менің бір анық білетінім, бұл екеуінің де атым қаруы атаулыға,
әсіресе кілтипаны мол олжа қаруға жаны құмар, міне осындай қаруды,
қазірде істен шыққан ӛз пулеметіміз сияқты күрделі қаруды тапсырсаң
болғаны, мұның сырын ашқанша, бұзық жерін түзеткенше, тетіктерін түгел
жӛнге салғанша бұлар ішкен асын жерге қоюға дайын.
- Вольно! - дедім мен.
Заев пен Бозжанов сол заматта пулеметке қайта бұрылды.
- Мәлімдеуге рұқсат етіңіз, - деп үн қатты Рахимов.
- Баяндаңыз.
Тыңдырымды да ұқыпты Рахимов жағдайды карта бетіне түсіріп
үлгеріпті, біз бекінген шепті бейнелейтін ирек сызық жүргізіпті. Түнде
батпақтап қалған зеңбіректер жотаға шығарылып, тасалау жердегі атыс
шебіне құрылыпты. Рахимовтың мәлімдеуінше, Филимоновтың ротасы таң
сәріде келіп жетіп, бұлақтың арғы бетіндегі поселкеге орналасқан.
- Филимоновқа адамдарыңды тӛрт сағат тынықтырғаннан кейін осы
жерге келіңдер деп бұйырдым, - деп хабарлады Рахимов.
Менің мақұлдауымды күткендей, ол маған аңыра қараған еді, бірақ
мен ештеңе айтпастан, картаға үңілумен болдым. Рахимов кӛрші бӛлімдердің
біз жақтағы флантілерін кӛрсететін белгілер соғысты - бұдан аңдағаным: оң
жақтағы және сол жақтағы кӛршілер мен біздің арамыздағы алшақтық алты
километрден. Біздер, Панфиловтың резервтегі батальоны, осы ӛңірге қорған
болуға, осынау ойсыраған ашық алаңға тосқауыл жасауға тиіспіз. Әрине, екі
ротамен біз мұны істей алған жоқпыз. Сӛйтіп, біздің флангілеріміз жалаңаш,
273
аптық күйінде қалып қойды, Оң жағымызда да, сол жағымызда да ені кемінде
бір жарым - екі километр келетін бос жер жатыр. Сондықтан дивизияның
майдан шебіндегі осынау ашық алаңда жаудың анықтап алып, бос жатқан
жерден сыналап ӛтіп, біздің флангілерімізді орап алуы үшін кӛп уақыт кете
қоймайды. Бұл ӛңірге тосқауыл жасаудың, кетікті бітеудің жолы қайсы?
Онсыз да селдір шебімізді онан сайын созып, әлсірете түспекпіз бе? «Бұл
жерде тиянақтай қояр ма екенбіз, жолдас комбат?» - деген Муриннің сӛздері
есіме түсті.
Терезе түбіндегі верстак жанында Заев пен Бозжанов бұрынғысынша
пулеметті айналдыруда. Сол жақтан тақылдаған, сусылдаған дыбыстар,
сыбырлап сӛйлеуге тырысқан Заевтың еріксіз булыға шыққан күңкілі
естіледі. Ол тағы бір рабайсыз қалжыңды айтып салды білем, Бозжанов мырс
ете түсті. Мен шытына қарадым.
Бұл мезетте қаннен-қаперсіз кісімсінген Заев ӛзінің арбиған
қолдарына үйлесе қоймайтын епті де шебер қимылмен сабағына кигізілген
серіппені қыса ұстап, күс басқан саусақтарымен сипалап, қажетті қалпына
келтіруде еді. Ӛзінің үңгіш кӛздері сығырайып кеткен. Шынымды айтсам,
нақ осы сәтте оның шықшыты шығыңқы, ашаң тартқан жүзі маған әдемі
кӛрінді. Тұйық немесе ұяң жандар санатына жатпайтын Заев әдетте ойына
келгенің табанда айта салатын. Біздің қазақ мұндай адамды «ақтарыла
сӛйлейтін, ашық ауыз» деп атайды. Қазір оның жүзінен ісмер шебердің
зейінділігін, рақаттанып тұрғанын оп-оңай аңғаруға болар еді. Жұмысқа
жантәнімен берілген ол айналада не болып жатқанын байқамастан, жарылып
кеткен еріндерін жылдам бір жалап, күлімсірей қойды. Тәрізі, ісі оңға басса
керек.
Мен тағы да картаға жүгініп, Рахимовты тыңдай бастадым. Мен
әзірше рота командирлеріне шепке бекініп алып, жаудың атакасын тойтаруға
әзірленіңдер деп бұйырдым, - деп үн қатқан Рахимов тағы да маған аңыра
қарады.
Мен бұл жолы да оның үнсіз сұрағына жауап қайырған жоқпын.
Ӛйткені менде айқын ой, тиянақты шешім жоқ еді. Немістер Тимководан
біздің шебімізді аңда-санда атқылап қояды; кейде снарядтары мен миналары
тым жақын жерге түсіп жарылады. Қиырдан күңгірт сарын құлаққа келеді.
4
Верстак жақтан Заевтың бірден күжілдегені, мырс-мырс күлкі, сыбыр-
сыбыр сӛз әлі де естілуде. Енді мен бұған шыдамадым:
- Заев!
- Ay…
- «Ауы» несі? Үлкенге осылай жауап қайтара ма?
- Құлағым сізде, жолдас комбат.
- Бейбастақ болып кетіпсің… Бос мылжыңға орын жоқ мұнда…
Қашанға дейін күйбеңдеп жүрмексің?
274
- Болмашы ғана жері қалды, жолдас комбат, былайша айтқанда, қыл
қаламды бір сүйкесе болғаны. Бес-алты минуттан кейін машинка қалпына
келеді.
Шынында да, бірнеше минуттан кейін ол ағаш үгінділерімен жалма-
жан қолын сүртің, жылтыраған болат кеспелтекті мойнына арта салып, бір
жӛткерінді де, есікке қарай адымдай жӛнелді. Бұл жолы да ол әскери
әдептілік кӛрсетпеді, сыртқа шығу үшін менен рұқсат сұрамады. Бұл
әбестікті жуып-шайғасы келген Босжанов:
- Сынап кӛруге рұқсат етіңіз, жолдас комбат, - деді.
Мен үнсіз бас изедім, Бозжанон Заевтан озып барып, есік ашты.
Ұзамай мен де кӛшеге шықтым. Әрмен қарап тұрған Заев, мені байқамастан,
Муринді жазғырып жатыр:
- Қашанға дейін күйбеңдей бермексің? Бейбастақ болып кетіпсің!
Дереу! Бір аяғың мұнда, бір аяғың анда болсын!
Әлгінде ғана ӛзім айтқан сӛздердің, соған ұқсас әуездің тӛркінін
танып, мен миығымнан күлдім. Бозжанон досына мені иегімен нұсқап, ишара
етті. Заев;
- Жӛнге салып жатырмын, жолдас комбат, - деп күңкілдеді.
Етті қаритын суықты да, ызғарлы тұман мен желемікті де сезбегеңдей,
зілдей ауыр пулеметті иығына арта салған бойы, ол жалаң гимнастеркамен
тұр.
Мурин станцианы сүйреп әкелді. Арада бір минут ӛтпей-ақ пулемет
құрылып та болды. Бозжанов оқ лентасын кигізді. Заев мұз қатқан жерге
етпетінен жата қалды да, айтулы пулеметшінің дағдысымен ұзын сирақтарын
далитып, серіппесін тұтқан заматта аузынан жалын шашқан пулемет
тырылдай жӛнелді.
- Дұрыс-ақ! - деп екіленген Заев орнынан ұшып тұрды.
Бұдан кейін ол маңайдағы қақтың бетіне тұрған мұзды ӛкшесімен
ойып, лай судан кӛсіп алды да, қолына жұққан машина майын қырнап
кетіруге кірісті. Тез-ақ жуынып болып, қолдарын жабайы әдіспен қолтығына
сусытып сүрткен Заев сарайда қалып кеткен сырмалы бешпенті мен бӛркіне
жүгіріш кетті.
Бозжанов пен Мария қос дӛңгелек арбаға пулеметін тиеді.
Сарайдан жүгіре шыққан бетінде келіп арбаға асылған Заев делбені
ала салып, мәстек ақ боз атты желдірте айдай жӛнелді.
Достарыңызбен бөлісу: |