ҚАРАҢҒЫДА ҚАРМАНЫП
"Жауыңды жапыра біл,
Баудай түсіре біл".
Штабтан шыққанымда Күрең тӛбел бірден кӛзіме түсе кетті. Тіпті
қараңғыда да оны басқа жылқы атаулымен шатастыру мүмкін емес:
246
маңдайында үлкен тӛбелі бар, әрі ақ тірсек. Түсі күрең болса да, жаңбыр
арасынан қап-қара болып кӛрінеді.
Синченко жолымды бағып тұр екен, дереу Күрең тӛбелді алдымнан
кӛлденең тарта берді. Екінші жақ жетегінде ӛзінің Шабдары. Екеуіміз жалма-
жан атқа қондық та, әне-міне дегенше тас жолдан қиыстау жердегі кӛшеге
орналасқан батальонға барып жеттік. Жол үстіндегі ат жеккен зеңбіректер,
пулемет артылған қос дӛңгелекті арбалар, кӛшпелі асханалар анадайдан
қарауытып кӛрінеді. Менің келуімді күткен батальон тыныстап жатқан-ды.
Жаңбыр суынан шинельдері ауыр тартқан жауынгерлер әр жер-әр жерде – үй
іргесінде, баспалдақта, дуал түбінде - топтанып тұр. Әр топтың арасынан
тартқан шылымның оты жылт-жылт етеді.
Қала меңіреу ұйқыға шомғандай, тым-тырыс, терезе біткен қараңғы.
Тек станциядағы ӛрт қана әлі толастамаған. Аспанда қызыл-күрең сәуле
қыландайды.
2
Мені алыстан таныған Рахимов команда берді:
- Встать! Смирно!
Маңайдағы жауынгерлер мен командирлердің бӛрі дереу бойларын
түзеп, тік тұра қалған еді. Мен:
- Отставить! Вольно! - деп дауыстадым.
Рахимов бір үйді штаб жұмысы үшін босаттырып, байланысшыларды
бір жерге жинапты. Біздің осынау штаб бастығы кӛзге қораш, сӛзге сараң
болғанымен, іске келгенде әрқашан да тындырымды. Тәптіштеп сұрамасам
да анық білемін: Рахимов қалауыңды емеурініңнен танығандай-ақ, нақ осы
сәтте қажетті жұмысты тап-тұйнақтай, мінсіз атқара біледі. Біз дивизиядан
ала келген топографиялық карта плащ-палаткаға ораулы болатын, соны
Рахимовқа ұсынып:
- Колонна бойынша хабарлаңыз: үшінші ротаның командирі маған тез
келсін!
Рахимов мені штабқа лайық деп тапқан үйіне ертіп әкелді. Соның
арасында Филимонов та осында келіп жетті.
- Жолдас комбат, сіздің жарлығыңыз бойынша келіп тұрмын!
- Рахимов, Филимоновқа картаны бер. Уста, Ефим Ефимовмч. Жайып
сал.
Нақ осы жерде, баспалдақтың жаңбыр тимейтін басқышында тұрып,
су жаңа шаршы картаның бетіне кӛз жүгірте бастадық. Рахимов қалта
фонарының шаңқан сәулесін түсіргенде мен картадан Филимоновқа
Иванково деревнясын нұсқадым.
- Кӛрдің бе? Оң қанатта біздің шебімізді бұзып откен дұшпанның
колоннасы осы деревняға жақындап келеді. Жаудың күші мәлімсіз.
Батальонның міндеті: жаудың қалаға келетін жолын бӛгеу, Сен, Ефим
Ефимович, алға тосқауыл боласың. Сенің міндетің – Иванковоға немістерден
247
бұрын жетіп қимылдау, олармен ұрысқа түсіп, аландата беру. Ал екі арада
мен негізгі күштермен ӛкпе тұстан немесе арқа жақтан соққы беремін. Атыс
құралдарының тең жартысын екі пулемет пен тӛрт зеңбіректі - саған беремін.
Егер немістермен беріректе кездессең, кес-кестеп жолын бӛге, әсте айрылма
одан. Байланысшылар арқылы хабар алысып тұрамыз. Түсіндің бе, Ефимыч?
- Түсіндім, жолдас комбат… Табан тіреп түрам - бір қадам да кейін
шегінбейм.
- Жоқ. Жауды әурелеген жӛн. Біраз кейін шегініп, оны біраз
алаңдатуыңа болады. Бірақ тізгініңді берме.
- Бір жерде табан тіреп тұрғаным жақсы, жолдас комбат.
Әскери айлакерлік дегеніңді Филимоновтың суқаны сүймейтін. Ол
әбден айқын, дәлме-дәл бұйрықты ғана орындауға дағдыланғанды.
- Мейлің, - дедім мен, - табан тіреп тұр. Кейінгісін кӛре жатармыз. Ал,
дереу кӛтеріліп, оза жүріңдер. Мен жиырма минуттан соң аттанамын.
Қадамынды суворовшылдарша қарыштап бас.
Баспалдақтан жүгіріп түскен Филимонов тамағын кере дауыстады:
- Үшінші рота, сапқа тұр!
Іле-шала: «Бірінші взвод, сапқа тұр!», «Екінші взвод, сапқа тұр!»
деген бүйрықтар естілді.
Самаладай самсаған найзалар қызыл арай сәулемен шағылысып
қылаңдайды. Рота сапқа тұрды. Мен Филимоновтың қасына бардым.
- Командирлер мен жауынгерлерге міндетті жол-жӛнекей түсіндіресің.
Жолға шық! Уақытты кетірме.
Жалма-жан шинелінің етегін түріп алған айтулы жүрдек Филимонов
ротаның алдына шығып: «Марш!» деп команда бергенде, рота бірден ілгері
жылжыды. Ат жеккен тӛрт зеңбірек, пулемет артқан екі арба оған ілесе
жүрді.
3
Алғы жортуылшы тосқауылды жӛнелткеннен кейін штабқа қарай
аяңдадым. Шылым тартқым келеді. Бірақ қалтамда жоқ болып шықты.
Синченко!
- Мен, жолдас комбат. Бір қорап «Беломор» әкел.
Дәл сол мезетте винтовка асынған аласа бойлы біреу қарсы алдымнан
шыға келді.
- Жолдас комбат, шылымыңыздан бізге де бермес пе екенсіз?
Қулана жымыңдап тұрған Гаркушаны тани қойдым.
- Ә, жауынгер Гаркуша… Бетіңмен жүргенің не?
- Түтіннің иісін сезіп келдім, жолдас комбат.
- Қарай кӛр… Шылым тартнасам да, иісін сезе қойыпты ғой бұл.
- Қапы қалып кӛрген емеспін, жолдас комбат, Әкем маған: «Сылбыр
шешініп болғанша, ширақ шомылып үлгерер», деп талай рет ақыл үйреткен.
248
Гаркушаға келіп қосылған бірнеше жауынгер мені қоршап алды.
Мәтел бәріне де ұнаған тәрізді. Синченко маған бір қорап «Беломор» әкеп
берді. Қораптың аузын ашып, жауынгерлерге ұсындым.
- Шегіңдер.
Әрине, ешқайсысы бас тартқан жоқ. Ал епті Гаркуша, байқауымша,
екі шылымды бірден іліп әкеткен сияқты. Желмен жаңбырға қарамай, жалма-
жан сіріңке шағып, менің шылымымды түтатқан да сол Гаркуша.
Штабқа барсам, Рахимовтың шақыртуымен келген командирлер,
саяси жетекшілер мені күтіп отыр екен. Мен жағдайды баяндап, батальонның
міндетін түсіндірдім.
- Жауынгерлерге барындар, жолдастар, - дедім мен. - Түсіндіріп
айтыңдар: бүгін түнде, қараңғыда, жаумен бетпе-бет ұрыс жүргізуіміз керек.
Қолма-қол айқасуымызға тура келеді. Істің тағдырын жауды жапыратын
граната, баудай түсіретін штык шешеді. Он бес минуттан кейін жолға
шығамыз. Жорық үстінде тамақтанамыз, Аялдайтын жеріміз - қаланың
сырты. Сұрауларың жоқ па? Барындар.
Командирлер түгел кеткенде, тек Дордия бӛгеліп қалды. Сӛлекеттеу
түрмен қолын шекесіне апарып, былай деді:
- Жолдас комбат, ротамен әңгіме рұқсат етіңіз.
- Сонда не айтпақшысың?
-
Октябрь мейрамы келе жатыр деймін. Содан кейін…
Большевиктердің патша ӛкіметіне қарсы қалай күрескенін, ертеректе
революцияшыл
демократтардың
болғанын
айтамын…
Мәселен,
Чернышевский…
- Құлашты кең сермепсің, Дордия…
Дордия күмілжіп, үндемей қалды.
- Қатты кетіпсің ғой ӛзің!… Солдатқа керегі не мұның?
- Керек емегенде ше? - деп сұрады ол. - Ленинді қайтесіз?
- Қайткені қалай?
- Ол бала жігіт кезінде-ақ Чернышевскийді жақсы кӛрген. Ӛмір бойы
қастерлеп ӛткен. Чернышевский революционер образын жасалу саған, ол ӛз
борышын бәрінен де қымбат санағын…
Ӛзінің сүйікті әуеніне тӛңкеріліп алған Дордия лепіре сӛйлеп, жетік
білетін тақырыбын баяндай бастады.
- Сені тыңдайтын уақытым жоқ, Дордия, - дедім мен. – Ротаңа бар.
Жауынгерлерге қазіргі жағдай мен міндетті қарапайым тілмен түсіндір.
Дордия қызарып кетті. Тіпті мойны да лезде күрең тартты.
- Бар! Жауынгерлерге ӛзім барып жылы лебіз білдірем.
Дордия ешбір жауап айтпастан, әскери салтпен тәжім етті де,
қолапайсыздау түрмен бұрылыш, жӛніне тартты.
4
249
Ұзамай жауынгерлер сапқа тұрып болды. Сапқа тұрғандарды
кӛзіммен сыпыра шолып шыққанда, ала кӛлеңке арасынан таныс жүздерді
ажыратам.
Мына тұрған екінші рота Новлянск селосының түбіндегі әйгілі қарсы
атака кезінде едәуір шығынға ұшырап, адам саны жағынан ең шағын
бӛлімшеге айналған. Сол ұрыста қол пулеметінің әйдік дүмбісін бейне сойыл
секілді мойнына арта, жауға қарай ұмтылған Толстунов есіме түсті. Оның:
«Уа, коммунарлар!» - деп ӛршелене ұран тастағаны да есімде.
Қазір Толстуновтың қасымызда болмауы қандай ӛкініш десеңізші.
Сол кезде Толстуновты қолдап, Заев та ұшып тұрған, сӛйтіп, осы екеуі
жауынгерлерді алға бастаған. Сонау оң қанатта тұрған еңкіш, ұзынтұра,
қолапайсыз адам сол Семен Заев. Қабы бар бір пистолетін белдігіне
қыстырған, екінші пистолетінің Новлянскіде ӛзі атып ӛлтірген немістен алған
парабеллумның - сабы шинелінің омырауынан сорайып шығып тұр. Бӛркін
милығына түсіре киген, әйтеуір бұл жолы бӛркінің бауын байлап алыпты…
Мына тұрған уыздай жас Ползунов. Жалаңаш мойнына себелеген
жаңбырдан жиренбей, сеніммен, байыптылықпен қарайды. Бүгін біздің
генерал мұның ерлігі жайында менің аузымнан есіткен. Осынау жас жігіттің
танкіге қарсы гранатаның сабын қыса ұстағаны, бізге жол-жӛнекей оқ
жаудыра, жӛңкіп келе жатқан қара сауытты машиналарды ӛткір кӛздерімен
қадағалап тұрғаны әңгіме болған. Екінші ротаның ауыр жараланған
командиры Севрюков туралы да, батыр лейтенант Донских туралы да, бір рет
қорқақтық істеп, соңынан ер жүрек жауынгер болып алған Брудный туралы
да баяндалған. Міне, сол қара торы бәкене Брудный ӛзінің барлаушыларымен
бірге тұр. Қос дӛңгелекті пулемет арбасы мынау. Жанында пулеметшілер:
қылдырықтай жінішке мойнын соза маған қарап тұрған кӛзілдірікті Мурин,
басқалардан бойы анағұрлым, асып тұрған, бұрынғы жүк тиеуші қапсағай
Қаламолдин, алагеуімде ақшыл кірпігі әрең кӛрінетін орта бойлы Блоха.
Міне осыларға, ӛзімнің солдаттарыма, жаңа ұрыс алдында не
айтпақпын?
Атымды тоқтатып, сапта тұрғандарға былай дедім:
- Жолдастар! Бізге дайындайтын уақыт бермекші еді, бірақ оның сәті
түспеді. Жау Москва түбінде тұрғанда, дамылдау қайда?! Біз ұрысқа бара
жатырмыз, барлық қиыншылықтан тайынбай алға баса береміз. Келешекте
жұрт: "Москва түбінде осындай ерен ерлікпен арпалысқан неткен жандар?" –
деп таңданатын болады. Сонда оларға біз: "Ӛз Отанын қорғаушы совет
адамдары бұлар!» деп жауап береміз.
Біраз тыныстан кейін мен:
- Рахимов, батальонды бастаңыз! - деп бұйырдым.
5
Біз суыт жүріп, қаладан шықтық.
250
Шынымды айтайын, ӛз сӛзіме ӛзімнің кӛңілім толған жоқ. Аузымнан
кәнігі, үйреншікті сӛздер шығып жатты, бұлар - ӛз Отанын қорғаушы совет
адамдары дедім… Ал осының мәнісі не? Совет адамының ӛзгелерден ала-
бӛтен айырмашылығы бар ма? Бар дейтін болсақ, ол қандай айырмашылық?
Мен іш құса болғандаймын. Үйреншікті, кәнігі сӛздерді, талай рет
қолданылған жалпылама қағидаларды қайталай берудің қажеті не? Сонда
ойланып-толғану нәтижесінде туатын, шын жүректен жарып шығатын, жылы
лебізді ӛз сӛздерімді таба алмағаным ба?
Біреу қасыма келіп, Күрең тӛбелмен қатарласа адымдап жүрді. Ә,
ұзынтұра Заев екен ғой…
Мықтап айттыңыз, жолдас комбат, - деп күңк етті ол. - Тамаша! Жан
жүйемді тебірентті!
Заев ешқашан да маған жарамсақтанып кӛрген емес. Жарамсақтық
оның жаратылысына жат еді. Сонда оның жан жүйесін тебіренткен менің қай
сӛзім? Совет адамдары, совет адамы деген осынау үйреншікті сӛздерде
жатқан, Заевтың жанын, солдаттың жанын тебіренткен үлкен шындық
қайсы?
Достарыңызбен бөлісу: |