284
Шегіну туралы бұйрық берілді.
Жабайы тастан қаланған, біздің штабымызға үй болған сарайдан бәрі
кетіп үлгерген-ді, тек Рахимов әлі де ӛзінің қағаздарын жинастыруда, мен
болсам қаттаулы тақтай үстінде отырмын.
Дала дәптеріне ақтық рет әлденендей белгі соққан Рахимов оны
ұқыптап планшетіне салды да, портупейін түзеп, бӛркін баса киіп, кӛзімен:
«Әзірмін», дегендей ишарат білдірді.
- Кеттік, - дедім мен.
Сарайдан шықтық.
Далада тағы да күн суытқан; уілдей соққан жел бетті қариды; ымырт
жабылып, кӛгілдір аспанды қара түнек мұнар қаптай бастады. Зуылдап
ұшқан қаңғырынды оқтар бұл жерге де келіп түсіп жатыр.
Бұрын племхоздың мал дәрігерлік емханасы болған маңайдағы атқора
тәрізді ұзын үйде санитария взводы арбаға жүгін тиеп, жолға әзірленуде.
Ауыр жараланғандар
әлдеқашан сыртқа шығарылып, күркелі арбаға
жатқызылған. Ӛз аяқтарымен жүре алатын жеңіл жаралы жауынгерлер жол
жүретін кезеңін шыдамдылықпен күтуде; кейбіреулері үйдің қалқасында
отырып алып, ақырын ғана әңгімелеседі, кейде оқтын ызыңдағанына ма,
ӛзінің ішкі сырына ма, жарақатының қасіретіне ме құлағын тіккендей,
үндемей қалады.
Біздің дәрігеріміз Беленков арбаның қасында күйгелектеніп ерсілі-
қарсылы жүр, шинелінің жағасын кӛтеріп алған, пенснесін орамалымен
қайта-қайта сүртеді. Қызыл Крест белгісі бар үлкен дорбасын жанына байлап
алған. Мен ӛзім батальон жаттығу жорықтарын жасап жүрген кезден су жаңа
қалпында білетін осы дорба әбден тозып біткен. Брезентке жұққан қоңырқай
дақтардың арасында йод тамшысының ӛзгеше ізі айқын білінеді. Бұл - ӛткен
түннен қалған, докторға керосин шамының кӛмескі сәулесімен жұмыс істеуге
тура келген кезде пайда болған із. Әрине,
ұйқысы қанбаса, әбден шаршап-
шалдыққан болса, күйгелектенбей қайтсін.
Мені мен Рахимовты кӛре салып, Беленков мал дәрігерлік пунктінің
ашық түрған есігіне қарай кілт бұрылды да, ашына дауыстады:
- Қашанға дейін күйбеңдеп жүре бермексіз? Болсаңызшы! Штаб кетіп
барады.
Бастырмадан жуан денелі, іркілдек Киреев кӛрінді. Қайдағы бір
құтылар мен пакеттер толтыра салынған үлкен ақ шараны ол құдды қарнына
қыса құшақтаған.
Оның ізінше санитар шықты, ол да артынып-тартынып
алған; құшағында арқан шумақтары, тілім-тілім жіңішке кӛн қайыстар.
Доктор Киреевке тағы да ӛршелене тиісті:
- Кӛрінген қоқысты тасуыңыз жетер енді! Сапқа тұрыңыз!
Жолға шығамыз!
- Қайдағы қоқыс бұл, Яков Васильевич? Жорықта қайыс бау ең қажет
зат.
- Ал соданың не қажеті бар? Мұның бәрін қайда қоймақпыз?
- Кір жуғанда керек болады… - деп түсіндірді Киреев шімірікпестен.
285
- Қазіргі ойлайтын нәрсе бұл емес… Болыңыз! Бізді күтіп тұрмайды
ғой!
- Қам жемеңіз, доктор, - деп әңгімеге араластым мен. –
Сізді тастап
кетпейміз. Киреев, бұйрыққа неге құлақ аспайсыз?
Қарт фельдшер менің даусымнан қорқар емес.
- Жолдас комбат, мұндай дүниелікті қалдырып кету обал гой.
- Кәне, қандай дүниелік ол?
Киреевпен бірге үйге кірдім. Бұл племхоздың аптекасы екен мал
дәрігерлері қарбаласта тастап кетіпті. Әр жерде ыбырсып жатқан қағаз: ескі
газеттер мен журналдар, машинкаға және қолдан жазылған умаждалған
парақтар. Жыртық пакеттерден тӛгілген әр түрлі аяқ асты болып, еденді
жауып кеткен. Ақ сырмен сырланнан сӛрелерде латынша
жазуы бар банкалар
тізіліп тұр.
Терезе текшесіне сүргішті тырындармен бітелген кең мойынды әйдік
шыны ыдыстар қойылыпты, ішіне қара қошқыл сұйық зат құйылған.
Киреев мені сол ыдыстарға бастап әкелді.
- Бағалы зат, жолдас комбат… Апиын ерітіндісі… Асқазаның
бұзылғанда таптырмайтын ем.
Ол тастанды аптеканың басқа да байлығын кӛрсетпекші болып еді,
мен сӛзін бӛліп жібердім:
- Мына тұрған асқазан емін ал! Сонымен әңгіме бітті!
Келешекте
есіңде болсын, доктордың айтқанын екі етпеу керек.
Киреев бағалы ыдыстарын мәпелі құшағына ала бастаған еді, бірі
сыймай қалды. Маған ӛтініш жасады:
- Жолдас комбат, мынаны жоғары жағына қойып жіберіңізші.
Ұқыпты фельдшердің ӛтінішін орындадым. Сӛрелерде әлі де самсап
тұрған заттарды қимастық пішінмен бір шолып шығып, басын шайқады да,
Киреев ӛзінің санитария взводының уақытша мекенінен жүгімен
сыртқа
шықты.
Бір минуттан кейін ол тағы да жайшылықтағы қалпымен ат
айдаушыға:
- Тәңірім жар болсын!… Ептеп аяңда… - деді.
Достарыңызбен бөлісу: