Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет46/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Арпалыс 1,2


 
Бұдан әрі екі-үш сағат ұрыс жүргіздік. Немістер біздің 
окоптарымызды тынымсыз атқылауда. Мен Заявка: қазіргі позицияңнан 
кетіп, бұлақтың арғы жағасына бекін, сӛйтіп, батальонның Волоколамск 
жағындағы ӛңіріне қорған бол деп бұйырдым. 
Заев ротасының жауынгерлері құлама жардан сырғып түсіп, бұлақтан 
кешіп ӛтті де, қала сыртындағы мазаратқа барып жетіп, мола 
тӛмпешіктерінің ортасына орналасты. 
Доғаша иілген біздің батальон шебінің оң жағында да, сол жағында да 
ұрыс қыза түсті. 
Қаланың бір шетіндегі алаңның ортасында ауыл шаруашылық 
техникумының ұзын тас үйі бірден кӛзге түседі. Үйдің бірінші қабаты жер 
жабызынан тасада қалған: тек үстіңгі терезелер тесіктері мен тӛбедегі 
ойықтар үңірейіп кӛрінеді. Үйдің тӛбесінен қайта-қайта қызғылт тозаң 
кӛтеріледі: немістер бұл үйді снарядтарының астына алып, үйдің қалаулы 
кірніштерін ұнтақтауда. Бірақ осынау тас қорғанға бекініп алған біздің 
жауынгерлер пулеметтері мен зеңбіректерінен, винтовкаларынан жауға оқ 
жаудыруда. 
Мұнда Хрымов полкінің бекінгенін білеміз. Оны мен біздің 
аралығымыз екі километрдей. Осы аралыққа және басқа ашық жатқан 
ӛңірлерге немістер бірте-бірте сыналап ӛте бастаған-ды. 


283 
…Ту сыртымыздан тарс-тұрс атыс есітілді. Бұл неміс автоматтарының 
үні. Сол жаққа дереу ӛз резервімді лейтенант Брудный бастаған 
барлаушыларды жібердім. 
Взвод жүгіріп шыға бастаған заматта күтпеген жерден зениттік 
пулемет тырылдай бастады. Неміс автоматтарының үні сусепкендей 
басылды. 
Дәл осындай қысылшаң кезенде бізге кӛмекке келген кім болды екен? 
Бұл кӛмек қайдан келді екен? Сол арада жол бойындағы қалың қурай 
арасында күрделі тұрған зениттік пулеметті кӛргенім есіме түсті. 
Басқалардан қол үзіп, айдалада қалып қойған он бес – жиырма 
зенитші ӛз қаруын тастамай, бір орнынан тапжылмай, енді пулеметін жер 
бетіндегі нысаналарға қаратып, жауға ажал отын септі, сӛйтіп, бізге дер 
кезінде кӛмектесті. 
…Енді техникум үйінің тӛбесіненде будақтаған тозаң кӛрінбейді. 
Ол жақта не болды екен? Барлық жақтан оққа ұшыраған осынау әйдік 
кірпіш үйден біздің адамдар кетіп қалған ба, қалай? Менің кӛршім, 
Хрымовтың полкі шегінді ме екен? Онда соған кӛмектесуге, соның ӛкпе 
тұсындағы кетікті бітеуге жіберілген біздің батальон не істемек? 
…Осының бәрін біліп келуге Хрымовтын штабына Брудныйды 
жібердім. Зерделі де қуақы Брудныйдың бізден жауынгерлік ақпар тапсырып, 
ол жақтан жаңа мәліметтер мен бұйрық әкелетініне кәміл сенем. 
…Біз бұрынғыша жаумен атысып, ӛз шебімізге немістерді жуытпай, 
олардың жолын бӛгеудеміз, 
Ымырт жабылып, қараңғы түскен кез. Брудный қайта оралды. 
Таңертең ғана сол блиндаждарда Хрымовтың штабы болатын, енді онда 
ешкім қалмаған. Техникум үйін немістер алыпты. Сол жерден жаудың 
пулеметі оқ жаудыра бастаған. 
Кеудені кернеген кӛптеген сезімге Хрымовқа бетін ашу-ыза келіп 
қосылды. Ӛзіне берілген батальонға дерегін айтпай, бізді қалай ғана тастап 
кетті екен?! 
Шегіну керек деп шешім қабылдадым деп, роталарға осындай 
бұйрықпен байланысшыларды жібердім. 
Жиналар жеріміз осы маңдағы қарағай орманы екенін айттым. 
…Сол бір күн ішінде болған оқиғалардың, Волоколамск жау қолына 
ӛтерде Панфиловтың бӛлшектеліп кеткен, бытыраңқы әскерлері әр жер-әр 
жерде жүргізген ұрыстың үздік-үздік кӛріністері міне осындай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет