Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет66/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Арпалыс 1,2

ГОРЮНЫ ДЕРЕВНЯСЫНДА 
 
«Түсі игіден түңілме» 
(Халық мәтелі.) 
 

Матренинода мен тағы да біраз болдым. Филимонов пен Толстуновты 
ертіп, поселке тӛңірегіндегі шептерді араладым. 
Бұдан соң қайтадан Күрең тӛбелге мініп, Горюны деревнясына қарай 
шаба жӛнелдім. Ай сәулесімен жылтыраған ағаш жол орман ішіне бір сәт 
сүңгіп кетті де, қайтадан ашық алаңға шықты. Жан- жағыма қараймын. 
Ақшыл дӛңесте жаңа қазылған окоп брустверлері қарауытады. Әр жер-әр 
жерге минут сайын жалғыз-дара снарядтар келіп түсуде. Кӛз ілеспестей лап 
еткен жалынның жарығымен біресе мидай дала, біресе қыр басындағы үйлер 
кӛзге шалынады. Горюны деревнясы осы үйлер. Күрең тӛбел мені құлдилай 
түскен даңғыл тас жолға алып шықты. Асфальт ӛңірін әлі қар баспаған, жер 
суырып кеткендей, әлі жалаңаш, қап-қара. Тас жолдың екі жағындағы 
қыратта шарбақпен қоршалған аласа үйлер тізіліп тұр. 
Матренинодағыдай, бұл деревняда да кейбір үйлердің мұржаларынан 
түтін будақтайды - жауынгерлер ас пісіріп жатса керек. Қаңтарулы ат-арба 
кӛрінеді; санитарлық арба аулаға кіргізілген; жол жиегінде біздің екі зеңбірек 
тұр, бұларды сақшы күзетуде. Батальон штабының қайда орналасқанын 
сұрап білдім. 
Біреу маған қарсы адымдап келеді. Тұлғасы ӛзгеше. Солдат бӛркі, 
шинелі бар, бірақ… Бӛркінің астынан екі айыра әсемдеп тараған әйел шашы 
кӛрінеді. Атымды тоқтаттым. 
- Кімсің ӛзің? Мұнда неге жүрсің? 
- Амансыз ба, жолдас комбат? 
Әйел әдемі, ақ тістерін кӛрсете жымия күлді. Биялай киген қолын 
шекесіне апарды. 
- Заовражина, мұнда неге жүрсің? 


432 
- Бұйрық бойынша біздің орнымыз осында. 
- Қандай бұйрық ол? 
- Санитарлық бӛлім бастығының бұйрығы. Сіздерге дәрі егеміз. 
- Не деп тұрсың, еккені қалай? 
- Сүзекке қарсы дәрі жібереміз. Біз жалпылдақ шам таптық. Кӛп 
ұзамай бастаймыз. 
- Есің дұрыс па ӛзіңнің? Күні ертең бұл ӛңірдің отжалынға айналуы 
мүмкін. Дереу тайып тұр бұл жерден. 
- Жоқ, жолдас комбат, енді қуып жібере алмайсыз. Менің 
бастығыммен сӛйлесуіңізге тура келеді. 
- Неғылған бастық ол? 
- Екінші дәрежелі әскери дәрігер. Майор деуге болады. Дәрігер әйел. 
Біз бұл жерден ешқайда кетпейміз, - деді ол. 
Қыз тісін ақсита шолжандап күлімдеді. 
- Онда қуып жіберем сендерді. 
Бұдан әрі бір ауыз сӛз айтпастан, штабқа қарай шаба жӛнелдім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет