451
- Заевқа кеткендерден хабар жоқ па? - деп сұрадым мен.
- Ешқандай хабар жоқ, жолдас комбат.
- Тағы біреуді жібер оған!
- Орындауға рұқсат па?
- Иә. Бар.
Тимошин кілт бұрылып, есікті жайлап ашты да, бӛлмеден шығып
кетті.
Тағы да қабырғадағы қызғылт иір тұмсықты құстарға үнсіз
қараудамын. Заев… Оның ӛзі, оның ротасы не күйде екен? Бет-аузын шикіл
сары түк басқан, әйнегі сынған терезенің
жақтау ағашына маңдайын тіреп,
түксиген қас-қабағының астынан маған қадала қараған кейпі кенеттен кӛз
алдыма келді. Оны дивизия әскери трибуналының қасындағы үйде осындай
халде кӛргенмін.
Мен де ӛзіме-ӛзім рақымсыз бола алар ма екенмін? Әлде соныңа
аяғын құшып, аузы-басымды түк басқан, жағамда петлицам, бӛркімде
жұлдызым жоқ күйде, терезенің жақтауына жармасып, суық үйден телміре
қарап тұрар ма екенмін?
2
Станцияны қолдан беруге іштей бекіне бастағанымды тек осы сәтте
ғана әбден сезіндім.
Жо-жоқ! Олай етуде праволы емеспін! Звягиннің: «Бұл шептен тіпті
бір адым болса да
кейін шегіну сатқындық, қылмысты іс болар еді», - деп
күңгірлеген күшті даусы әлі құлағымда тұрғандай. Жо-жоқ, қылмысқа бара
алмаймын. Адамдарымнан айрылсам да, қорғаныс шебін қорғап қала алмасам
да, әйтеуір ар-намысыма кір жұқтырмаймын.
Бірақ жиырмасына дейін табан тіреп тұру жӛніндегі борышымды -
ӛзімнің бірден-бір ақтық борышымды ӛтемесем, менің ар-намысым кімге
керек… Ал табан тіреп тұру алмайтыным ӛзіме айдан анық. Адамдарымнан
айырыламын, бәрінен де айырыламын! Осы ӛңірде, Москва түбіндегі қан
майданда бір күні кешке Панфиловтың маған Алматыда айтқан ақылы бір
емес, әлденеше рет есіме түсті: «Батальонмен бірге мерт болмақсыз ба? Одан
да он, жиырма, отыз ұрысты бастан кешіріп, батальонды сақтап қала біліңіз!»
- деген. Ал бұрнағы күні біздің нақ сол генерал: «Сізге
ауыр болады, ӛте
ауыр болады», - демеді ме?! Менің міндетті түсінгенімді сезгеннен кейін
осыны айтты ол. Жолдас генерал, менің қалай етуім керек, қандай шешім
керек? Менің міндетті орындай алмайтыным ақиқат қой!
Орнымнан тұрып, ерсілі-қарсылы жүрдім де, столдың жанына келіп
тоқтадым. Мұнда Рахимовтың тындырымды қолынан ӛткен біздің штабтың
қағаздары жаюлы жатыр. Мен картаға үңілдім.
Мынау Матренино
станциясы, темір жолды бейнелейтін жіңішке сызықтың қасындағы
шоғырланған белгілер станцияға жанастыра салған поселкенің нұсқасы.
Матренино тӛңірегіндегі ашық даланы тұс-тұстан жасыл орман белгілері
452
қоршаған. Немістер орман ішінде - оларға оғымыз жетпейді, ал біз теп-тегіс
ашық жердеміз. Бәлкім, менің де ӛз қорғанысымызды орман шетіне, қалың
ағаш тасасына орналастырғаным дұрыс болатын еді-ау?! Онда поселкенің
кіре берісін нысанаға алып, жаудың жолын оқпен кесіп тастар едік.
Бірақ
ӛткен іске ӛкінетін мезгіл емес бұл. Дегенмен менің зердемде бір кӛмескі
үміт нышаны пайда бола бастады. Егер мен Филимоновқа станцияны
қалдырып кет деп бұйырсам, оның ротасы немістерді бұдан әрі жібермейді,
мына талдар ішінен атылған оқпен олардың жолын кесіп тастайды. Ал мұның
сәті түсер ме екен? Ғажап емес.
Жә, менің станцияны қолдан беруіме рұқсат жоқ! Мұндай бұйрық
беруге менің правом да жоқ! Ал сонда не істеуім керек? Қол қусырып,
ақырын күтіп отырмақпын ба?
Мен телефоншыға:
- Тексерші, дивизия штабынан дыбыс бар ма екен? - дедім.
Телефоншы дивизия штабын лақап аты бойынша қайта-қайта
дауыстап шақырды. Ешқандай дыбыс жоғы айтпаса да түсінікті еді.
Телефоншы осыны мәлімдеді:
- Ешбір ызың жоқ… Жым-жырт, жолдас комбат.
Телефоншының аузынан әлдеқалай шығып кеткен осы сӛзді мен үнсіз
қайталадым. Жым-жырт… Шынында да солай болғаны ма?
Стол үстінде басқа қағаздардың арасында уставтың қызыл кітапшасы
жатқан. Оны жалма-жан қолыма алып, бетін аштым. Кенет Панфиловтың сол
бетке соққан белгісін, қарындашпен жүргізген үш қатар сызығын кӛрдім де,
белгіленген мына жолдарды оқып шықтым: «Бір ретте жауды жоюға
талпынғанымен, мақсатына жете алмаған адамды емес,
жауапкершіліктен
қорқып, қимылсыз қалған және керекті кезеңде жеңіске жету үшін барлық
күш-құралды пайдаланбаған адамды жазғырған жӛн».
Оқыдым да, кітапшаны орнына қойдым. Шешімге келген сәт еді бұл.
Мен телефонды алып, Филимоновты шақырдым.
- Ефим Ефимыч, сенбісің? Халің қалай?
- Тоқпақтап жатыр… Ұзамай тағы да ӛңмеңдейтін шығар. Жермен-
жексен етіп, сонан соң жетіп келмекші.
- Менің бұйрығымды тыңда. Егер ӛңмеңдейтін болса, атпау керек.
- Қалайша? Не дейсіз?
- Атпау керек. Немістің қалағаны-ақ боасын. Станцияны беріп кет.
Достарыңызбен бөлісу: